Сабақ көрнекіліктері

Х. Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Көшпелілер мәдениеті

Тарих пәні мұғалімі: Хакимова Замира

Сабақтың тақырыбы : Көшпелілер мәдениеті

Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларға қазақ даласын мекендеген тайпалардың

мәдениеті туралы түсінік беру.

2. Тақырып бойынша өз пікірлерін еркін айтуға

үйрету арқылы тіл байлығын дамыту.

3. Өз халқының мәдениетін білуге, сақтауға тәрбиелеу.

Эпиграф: Айтсаң -ұмытып қаламын,

Көрсетсең -есте сақтаймын .

Өзімді істетсең -түсінемін.

(Шығыс даналығынан)

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту

Оқыту әдісі : Өзіндік жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекіліктері : Компьютер, слайдтар, карта, тірек сызба

Сабақтың барысы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімның жұмысы
Оқушының жұмысы
Сабақкезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімның жұмысы:

А) Сәлемдесу

Б) келмеген оқушыны белгілеу

В) оқушыларды сабаққа дайындау.

Оқушының жұмысы:

Кезекші оқушы жауап береді.

«Мен Қазақстан тарихынан не білемін?» оқушылар бір-біріне сұрақ береді.

Сабақкезеңдері: 2. Жаңа сабақтың мақсатын қою
Мұғалімның жұмысы: Бүгінгі сабақта біз қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалардың материалдық және рухани мәдениеті наным-сенімдері туралы айтып өтеміз.
Оқушының жұмысы: Дәптерге число және жаңа тақырыпты жазады.
Сабақкезеңдері: 3. Жаңа тақырып
Мұғалімның жұмысы:

Бұл тақырып бойынша топпен жұмыс істейміз, екі топқа бөлінеміз.

1топ материалдық мәдениет туралы,

2топ рухани мәдениет туралы айтады. Мәтінді оқып өз ара бөлімдерге бөліп дайындалады. Түсініксіз сөздердің астына сызып, бір-бірінен сұрап, түсіндіріп көреді, түсініксіз жерін мұғалімнен сұрайды.

Тақырыпты қосымша толықтырып айтып тұрады.

Оқушының жұмысы:

Топпен оқушылар дайындалып түсініксіз термин сөздерді сөздікке жазады және бөлінген тақырып бойынша қысқаша сөйлейді, түсінбеген сөздерді және сұрақтарды бір-біріне қояды.

1топ түсіндіріп жатқанда 2топ түсініксіз жерлерден сұрақ дайындап қояды. Тақырыптағы хронологияны қосымша дәптерге жазады.

Сабақкезеңдері: 4. Жаңа тақырыпты қорыту
Мұғалімның жұмысы: Жаңа тақырыпты слайд, суреттер арқылы түсіндіреді және қорытындылайды.
Оқушының жұмысы: Хронология, жаңа сөздермен жұмыс істейді.
Сабақкезеңдері:

5. а) бекіту

Б) бағалау

Мұғалімның жұмысы:

А) Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, тақтада көрсетіледі

1қате болса «5»,

2-3қате болса «4»,

4-5қате болса «3»,

Одан жоғары болса «2».

Б) Тақтаға дұрыс жауап беріледі;

В) Тест бағаланады.

С) Инцерт карта.

«Білемін, білдім, білгім келеді»

Қорытынды баға қойылады

Оқушының жұмысы:

Оқушылар дәптерге тесттің дұрыс жауабын белгілеп, бір-бірімен ауыстырып тексереді.

Дұрыс жауапты белгілейді.

Жаңа тақырып бойынша айтады.

Күнделікке қойылады.

Сабақкезеңдері: 6. Үйге тапсырма
Мұғалімның жұмысы: Тақырыпты оқу, кроссворд түзу, тест түзу.
Оқушының жұмысы: Күнделікке жаздыру.

Ұқсас жұмыстар
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Солтүстік жартышар материктері
Тайбурылдың шабысы
Ұлағатты сөздер
Оқымысты шал
Ермексазды үнемді пайдалану
Архимед заңы
Жануарлар немен қоректенеді? 2-сынып дүниетану
Мақсат қою кезеңі Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Бөкен өлеңін мәнерлеп оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz