5-сыныпта гидросфера тарауын жинақтап қайталау: ашық сабақ, Жаңашаруа қазақ орта мектебі, Қабдөл Гүлшарида Аманғалиқызы

Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы (аудан, қала, ауыл), Жаңашаруа қазақ орта мектебі, ашық сабақ(5-сыныбы) Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы.

Сабақ тақырыбы: Гидросфера тарауын жинақтап қайталау.

Сабақ мақсаты: 1. Білім беру: «Гидросфера тақырыбы бойынша

алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге

келтіру.

2. Дамыту :Әр түрлі білім көздерімен жұмыс

жасауды дамыту.

Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп

шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын

еркін айтып қорытынды жасай білуге

дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Экалогиялық тәрбие беру

мақсатында, оқушыларды су обьектілерін қорғай

білуге, ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карта. Интеративті тақта т. б.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы (Жинақтау) .

Типі: Жарыс сабағы.

Сабақ беру әдісі: Топпен жұмыс, жекелей және жалпы сыныппен.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Кабинеттің, сынып

оқушыларының сабаққа дайындықтарын тексеріп,

сабақты бастау.

Сынып оқушылары 2-топқа бөлінеді.

«Тасқын» тобы. Ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда».

«Толқын» тобы. Ұраны «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды».

ІІ. Өткен материалды қайталау жұмыстары.

І. Білім сайысы.

Өткен сабақтан жалпылама сұрақтар:

1. Су тек қана сұйық күйде кездесетін планета. (Жер) .

2. Мұхит дегеніміз не?

3. Дүниежүзілік мұхиттың құрамына қандай мұхитттар кіреді?

4. Судың химиялық формуласы. (Н2О) .

5. Өзен дегеніміз не?

5. Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не?

6. Өзеннің басталатын жері (Бастауы) .

7. Теңіз дегеніміз не?

8. Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері (сағасы) .

9. Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық) .

10. Кез келген өзен басталатын жерінен сағасына дейінгі ойпаңмен ағады. (Аңғар) .

11. Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады?(Байкал) .

12. Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (қызыл теңізде) .

13. Өзенді барлық салаларымен қоса не деп атайды? (Өзен алабы) .

14. Ең мол сулы өзен. ( Амазонка) .

15. Табиғаттағы тұщы су қоры (2, 5%) .

ІІ. Картамен жұмыс . Кескін картаға мұхиттарды тауып белгілеу.

3. Сәйкестігін табыңдар.

1. Арал а) Биіктен төмен қарай құлай аққан су

2. Арасан ә) Құрлық үстіне жинақталған мұз.

3. Архипелаг б) Айналасын сумен қоршалған құрлықтың кішігірім

бөлігі.

4. Шұңғыма в) Судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы.

5. Сарқырама с) Минерелды немесе жылы сулар.

6. Шығанақ д) Жер бетінде табиғи ойыстарға жинақталған су.

7. Мұздық г) Бір-біріне жақын, жалғас аралдар тобы.

8. Көл е) Мұхиттардың ең терең жері.

9. Конденсация ж) Құрлыққа сұғына енген көл, теңіз, мұхит

суларының бір бөлігі.

Жауабы:1-б, 2-с, 3-г, 4-е, 5-а, 6-ж, 7-ә, 8-д, 9-в.

ІІІ. «Жұмбақтас» (3-түрлі тапсырма орындайды) .

1. Номенклатура (Географиялық обьектілерді картадан көрсету) .

2. Географиялық диктант.

Қай мұхит туралы айтылып тұрғанын табу.

1. Ауданы 178, 6млн км, ең терең жері-мариан шұңғымасы. Ең жылы сулы мұхит. Ұзындығы 30метрге жететін кит, 15метрге жететін акулалар және өсімдіктердің алкан түрлері кездеседі.

Жауабы: Тынық мұхиты.

2. Ең кіші, таяз, суық мұхит. Ең терең жері Гренленд шұңғымасы.

Жауабы:Солтүстік мұзды мұхиты.

3. Негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Ауданы 76, 2 млн км. Ең жылы мұхит. Терең жері Зонд шұңғымасы.

Жауабы: Үнді мұхиты.

4. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан мұхит. Ең терең жері -Пуэрто-Рико шұңғымасы. Дүние жүзінің көптеген өзендері келіп құяды. Балық ресурсы мол кездесетін мұхит.

Жауабы: Атлант мұхиты.

3. Өзіндік жұмыс

1. Бір оқушы шығып 1литр суға 30-35 грамм тұз салып араластырып, дәмін татып көрсетеді. Осындай дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді. Демек 1литр теңіз суының құрамында 35грамм тұз болады. Тұз суда ериді.

2. Бір оқушы шығып 1литр суға бір уыс топырақ салып араластырып, бірнеше минутқа дейін оны тұндырып қойады. Демек топырақ суда ерімейді.

ІҮ. Семантикалық картаны толтыру:

р/с
Тақырып

Грен ландия

Байкал

Саргасс

Үнді

Ертіс

Беринг

Мада гаскар

Қара

Солтүстік мұзды

р/с: 1
Тақырып: Теңіз
Грен ландия:
Байкал:
Саргасс: +
Үнді:
Ертіс:
Беринг: +
Мада гаскар:
Қара: +
Солтүстік мұзды:
р/с: 2
Тақырып: Мұхит
Грен ландия:
Байкал:
Саргасс:
Үнді: +
Ертіс:
Беринг:
Мада гаскар:
Қара:
Солтүстік мұзды: +
р/с: 3
Тақырып: Өзен
Грен ландия:
Байкал:
Саргасс:
Үнді:
Ертіс: +
Беринг:
Мада гаскар:
Қара:
Солтүстік мұзды:
р/с: 4
Тақырып: Арал
Грен ландия: +
Байкал:
Саргасс:
Үнді:
Ертіс:
Беринг:
Мада гаскар: +
Қара:
Солтүстік мұзды:
р/с: 5
Тақырып: Көл
Грен ландия:
Байкал: +
Саргасс:
Үнді:
Ертіс:
Беринг:
Мада гаскар:
Қара:
Солтүстік мұзды:

Ү. « Сандар сөйлейді» бөлімінде шұңғымалардың тереңдігі айтылады.

Оқушы қай шұңғыма екенін атап табады.

7729м- Үнді мұхиты. Зонд шұңғымаса.

11022м- тынық мұхиты. Мариан шұңғымасы .

5527м- Гренланд шұңғымасы. Солтүстік мұзды мұхиты.

8742м- Пуэрто-Рико. Атлант мұхиты.

ҮІ. Карталар құрастыру.

ҮІІ. Сөзжұмбақ арқылы сабақты қорытындылау. «Гренландия»

Сұрақтары:

1. Тынық мұхиты жағалауындағы теңіз. (Беринг) .

2. Д. Ж ең үлкен көл (Каспий)


Ұқсас жұмыстар
9-сынып географиясы: Жаңашаруа қазақ орта мектебінің ашық сабаққа арналған емтихан билеттерінің үлгісі, Қоныстану селосы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы
Ашық сабақ: 9-сыныпта тригонометрия тарауын қайталау
Гидросфера тарауын қайталау сабағы: мақсаттар мен тапсырмалар
2011-2012 оқу жылының Сыңғырла соңғы қоңырау салтанатына арналған сценарий (Жаңашаруа қазақ орта мектебі)
6-сынып географиясы: Гидросфера тарауын қорытындылау
5-сынып қазақ тілі: лексика тарауын қайталау бойынша апталық сайыс сабақ
6-сынып физикалық географиясы: Гидросфера тарауын қорытындылау бойынша сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Жай бөлшектер тарауын қайталау сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні: дауыссыз дыбыстарды қайталау (ашық сабақ)
Гидросфера бөлімін қайталау: сабақ жоспары мен бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz