Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу

“Алтын дала” сайысы

Мақсаты:

Балаларды қойған сұрақтарға жауап беріп үйрету. Білімдерін бекіту. Ойын үстінде олардың қазақша сөз қорларын көбейту. Қызықтыру, ынталарын арттыра түсу. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: тақтайша, суреттер, эмблемалар, үнтаспа.

Балалар Құрманғазының күйі “Сарыарқамен” сыныпта орналасады.

Мұғалім: - Балалар, сендер қандай ойындар білесіңдер?

(балалар атайды, мысалы: “Мысық пен тышқан”, “Тақия тастау”, т. б. )

Мұғалім: - Сендер көп ойындар біледі екенсіңдер. Ал менің ойыныма қатысқыларың келе ме?

Балалар: - Иә, қатысқымыз келеді.

Мұғалім: - Жақсы, мен сендерге бүгін жаңа ойын ойнап үйретемін. Алдынан мен сендерді екі топқа бөлемін, Орынға отырамыз. (ойын ережесімен таныстыру) Ойыншыларды бағалайтың жюри сайлау керек. (жюри сайлау)

-Енді ойынды бастауға болады. Бір бала шығып текшені лақтырады (текшенің әр жағында сурет бар: ағаш, алма, қой, бала)

№ 1 тапсырма: АЛМА. Ол туралы не айта аласыңдар?

Балалар алма туралы тақпақ айтады.

Сырым: Әне, қызыл алмалар,

Әсем бақтың жұлдызы.

Алма терген балалар,

Албырайды нұр жүзі.

Мұғалім:- балалар, алма көкөніске жатама, әлде жеміске? Алмас бір көкөніс

туралы тақпақ айтып береді.

Алмас: Теңбіл-теңбіл қарбызды,

Тентек Серік жарғызды

Сонан соң оны жеді,

жеді де былай деді:

-Сүйек болмаса, еті, неткен тәтті .

Мұғалім:- Енді балалар, тапсырма: қандай көкөністерді-жемістерді білесіңдер екенің көрсетесіңдер. Алдарында аралас жеміс- көкөністер суреттері жатыр, 1-ші топ жемістерді бөлек қойындар, ал 2-ші топ -көкөністерді. Атандар.

(қызылша, картоп, сәбіз, қияр, бұрыш, шалқан, қырыққабат), (Алма, алмұрт, жүзім, банан, өрік, апельсин, лимон)

Көрермендермен ойын “Ұйқасын тап”

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты- (ЖҮЗІМ)

Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты- (ЖАҢҒАҚ)

Жапырақты тасалап,

өсетін жері - бақша-бақ.

Күрен қызыл, шіркін-ай,

Оның аты- (ТАҢҚУРАЙ)

Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны ұзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты- (ШАБДАЛЫ)

(Балалар жауабын тексеру)

Мұғалім: Өте жақсы. Айтындаршы, осы жеміс-жидектер, көкөністер, астық бізге келу үшін не істеу керек? (Еңбек жасау керек) дұрыс, барлығы еңбектің арқасында болады екен. Ал, еңбек туралы қандай мақалдар білеміз?

Әмір: Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болады.

Нуржан: Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Аяна: Адам жерге нәр береді,

Жер адамға нан береді.

Мұғалім: Ойынды әрі қарай жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады. )

№ 2 тапсырма: Үй-дала жануарлары. 1-ші топ үй жануарларын топтастырып атап береді, ал 2-ші топ дала жануарларын.

  • балалар тапсырманы орындап болғаншы бізкөрермендермен ойынөткізіп жіберейік:“Жұмбақтарды шеш”

*Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (ТҮЙЕ)

*Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні. (ҚАСҚЫР)

*Жатып-жатып инелер,

жүгіріп жаныңа тез келер. (КІРПІ)

*Кішкентай бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (ҚОЙ)

(Балалар жауабын тексеру)

Мұғалім: Тапсырманы өте жақсы жасадыңдар, еді балалар жануарлар туралы тақпақ айтып береді.

Дамир: Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді анам “қозым” деп

“Қошақаным - өзің” деп.

Айша: Айналайын, торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тар болып тұр аула,

Тысқа шық та заула.

Мерей: Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Гүлім: Піл әдісті біледі,

Тұмсығымен іледі

-піл- көтергіш кран!-деп,

бала біткен күледі.

Мұғалім: Ал мал жайында қандай мақалдар білеміз?

Жания: Ел көркі-мал,

Өзен көркі - тал.

Аяна: Ат-адамның қанаты,

Ас-адамның қуаты.

Муслим: Өрісіне қарап мал өсер,

Өзеніне қарап тау өсер.

Балалармен “Бәйге” ойынды өткізу

Мұғалім: ойынды жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады. )

№ 3 тапсырма: Жыл мезгілдері. Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

1-ші топ ҚЫС, ЖАЗ мезгілдері туралы айтып береді. 2-ші топ КӨКТЕ, КҮЗ туралы айтып береді.

(Балалар жауабын тексеру)

  • балалар бізге жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып береді:

Айя: Берекесін сыйлауға,

өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік белестері
Отан ана аясында. 5 сынып
Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан жалауы
Тақырып Менің Отаным - Қазақстан
Әбділда тәжібаевтың «сырдария» өлеңі
Адам - әлем бөлшегі
Тәуелсіздік монументі
Қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа шығу
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz