Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Құбылысты түсіндір
<<Жылу>> ұғымын білесің бе?
Мақсаты:Оқушылардың қисынды ойлауын,сөйлеуін, жылу туралы ұғымды шешудегі шығармашылық қабілетін дамыту,топ болып жұмыс жасауға, физикалық құбылыстарды түсіне білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар:Интерактивті тақта,шыны түтік,май шам,картоп,штатив,қол орамал,спирт.су,сіріңке,
қағаздар,шыны колба,тарелке,стақан, тиын оқушылар үшін тор көз дәптер,қаламсап.
Сабақ жүрісі
Мұғалім:Біз әр түрлі заттармен,құбылыстармен күнделікті өмірде жиі кездесеміз.Бірақ олар туралы, олардың қасиеттері,мәні туралы толық біле бермейміз. Олардың қасиеттері қандай,физикалық құбылыстың мәні неде екендігін бүгінгі сабақта әңгімелейміз.Сабақ қызықты да көңілді өтуі үшін сынып 4 оқушыдан 5 топқа бөлінеді.Әр топтан өздеріңе жетекші тағайындаңдар.
1.Қызықты сұрақтар
Әр топқа 2 ден сұрақтарды талқылап шешу ұсынылады.
1).Денеміз тоңазымас үшін түнде жатарда ақ киім мен қара киімнің қайсысын киген дұрыс? (Егер денеден киімге жылу берілу жақсы болса,онда ақ)
2).Үш картоп 10 минутта піседі, ал жалғыз картоп неше минутта піседі?(Уақыттары бірдей)
3).Сен ертеңгілік мектепке барғалы отырсың .Үстелде сен 5 минуттан соң ішетін бір стақан кофе бар.
Ауызды күйдіріп алмас үшін не істеу керек?Қай жауап дұрыс?
А)Кофеге салқын сүт араластырып 5 минуттан соң ішеміз.
Б)Кофе ішердің алдында сүтті араластырамыз.
Б)Айырмашылығы жоқ.
4).Самаурынның құлағы неге ағаштан,пластмассадан жасалған?(Ағаш,пластмассадан жасалған заттардың жылу өткізу қабілеті нашар)
5).Стақанға ыстық шәй құйғанда,оған неліктен қасық салады?(Шәйдің қызуынан стақан жарылып кетуі мүмкін,сондықтан жылудың бір бөлігін қасыққа беріп стақанды тез қызудан қорғау үшін)
6).Кеседегі шәй стақандағы шәйға қарағанда неліктен тез суйды?(Кесе стақанға қарағанда қалың,сондықтан шәйдің жылуының көпшілік бөлігі кесеге беріледі)
7).Пісірілген нанның беті неге қатады? (Өйткені иленген қамырдың сыртқы беті жоғары температура әсерінен сусыздана бастайды да ылғал сыртқы ортаға тарайды, бір бөлігі нан ішіне қарай тарайды.Температура 112°С болғанда жұқа қабық қатайып қалыңдай береді)
8).Қайнар алдында самаурын неліктен шуылдайды?(Судың өн бойында пайда болған ауа көпіршіктері жеңіл болғандықтан жоғары су бетіне ұмтылады да,су бетіне шыққан соң жарылады)
9).Қандай жағдайда шәйнектегі ыстық шәй тез суйды,шәйнекті мұздың үстіне қойғанда ма,әлде мұзды шәйнек қақпағының үстіне қойғанда ма? (Мұзды шәйнек қақпағының үстіне қойғанда:бұл жағдайда мұздың айналасында судың суық бөлігі пайда болады.Ол бөлік басқа қалған бөліктерден ауыр,сондықтан ол төмен қарай түседі.Энергиялық конвенциялық ағын пайда болады)
10).Қағаз қораптағы суды от жалынына ұстау арқылы қайнатуға бола ма? (Болады.Су таусылып буланып кеткенше қағаз жанбайды.Судың жылу сыйымдылығы үлкен,сондықтан бар жылуды су ала береді)
11) Ауа райын зерттеушілер өте ыстық күндері ашық жердегіге қарағанда көлеңкедегі температураны алатыны неліктен?
(Өйткені көлеңкедегі температураны алу ыңғайлы.Күн түсіп тұрған ашық жердегі термометр Күн сәулесінің әсерінен айналадағы ауаға қарағанда қатты қызуы мүмкін.Әрине ол айналадағы ауа температурасын көрсетпейтіні белгілі)
2.Қызықты тәжірибелер
Әр топқа бір тәжірибеден беріп оны талқылап, жауабын шешу ұсынылады.
1.Жайпақ тарелке ішіндегі су түбінде жатырған тиынды қолыңды суға тигізбей қалай алуға болады?
Құралдар: су,сіріңке,қағаздар, тарелке,стақан ,тиын.
2.Ұзындығы 15-20 см шыны түтіктің екі жағын картоппен бітеп(ол үшін түтік ұшын 1,5см картоп кесіндісіне батырады) ортасынан қыздырғанда картоп тығындар ұшып кетеді.
Құбылысты түсіндір. (Түтік ішіндегі ауаны қыздырғанда ондағы қысым артады да тығынды атып жібереді.Қыздырғанда ауа көлемін ұлғайтады)
3.Ұзын жуан шегені қағазбен тығыз орап май шам жалынына ұстағанмен қағаз жанбайды.Неге? (Темірдің жылу өткізгіштігі жоғары,сондықтан қағазға берілген жылуды өзіне тартып алады да қағаздың тұтануына мүмкіндік бермейді)
4.Үштаған ұстағыштарына қол орамалды қыстырып үстіне аздаған спирт құйып өртейміз.Орамалды жалын орағанымен ол жанбайды.Неліктен? (Орамалды ең әуелі суға батырып сығып алады.Спирт жанғанда бөлінетін жылу орамалды өртемей ондағы суды буландыруға ғана жұмсалады)
5.Шыны колбаның ішіне қағазды тұтандырып салып жібереміз.
Қағаз жанып болған соң колба ауызын алақанымызбен басамыз.1-2 минуттан соң колба қолмен бірге көтеріледі.Неге?
(Салқындағанда ауа көлемі кішірейеді,бірақ колба көлемі өзгермейді.Оның есесіне оның ішіндегі ауа қысымы азаяды)
3.Физикалық жұмбақ
Ең әуелі төмендегі жұмбақты шешеміз.Осы жұмбақты шешкенде шыққан сөзден белгілі бір уақыт аралығында жаңа сөздер ойлап табу керек.Табылған сөздер зат есім,сын есім,етістік болуы керек.Қай топ көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз деп есептейміз.
Көтерілсе жоғары,
Ерітеді мұхитты.
Төмен түссе шамалы,
Сездірер ызғарын суықтың. (Температура)
<<Температура>> сөзінен басқа сөздер құрастыру.
(тер,тура,ара,ура,метр,еру,ару,там,рама, т.с.с)
Мұғалім:Температура деген не? Топтардағы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Қорытынды:Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама.
Мұғалім:Дененің жылулық күйін қалай білеміз? Топтардағы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Термометрмен өлшеу арқылы.
4. Беннет тестілері
1.Қай қалтадағы балмұздақ жылдам ериді?
1).А қалтадағы. 2). Ә қалтадағы. 3). Екеуі бірдей.
2.Егерде мына тұтастай металдан жасалған заттарды ыстықтай ауаға шығарса қайсысы бірінші суйды?
1).А суреттегі зат. 2).В суреттегі зат. 3). С суреттегі зат.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz