Ерекше сөзді тап

Бас қатырғы
Мақсаты: Жеке тұлғаларды логикалық ойлай білуге, ұшқыр ойлауға, елестетуге тәрбиелеп көңіл қоюын дамыту.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта, тор көз дәптер, қаламсап.
Сабақ жүрісі
Мұғалім: Кейде бір түсініксіз жазулар, белгілер бізге шимай шатпақ сияқты болады. Алғашқыда солай көрінгенімен мұқият зер салып қарасаңыз өте қызық нәрселерді аңғаруға болады. Бүгін мен сендерге тап сондай быжырқай, «түсініксіз» тапсырмаларды ұсынамын. Бұл тапсырмаларды да сендер сәтті шешіп рахаттанатын боласыңдар.
Жаттығу
1. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың. (Көлеңке)
2. Егер түнгі 12-де жаңбыр жауса, 72 сағаттан соң күн ашылып шуақ түсе ме? (Жоқ, түн мезгілі)
3. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не?(Адам орындықта отыр)
4. Электр пойызы шығыстан батысқа жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді? (Электр пойызында түтін болмайды)
5. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)
6. Теңізде қандай тастар табылмайды? (Құрғақ)
7. Жарқылдан соң жаңағы, Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты, Өрнек тұрды ғаламат.
(Кемпірқосақ)
8. Алпыс кісі аяқтасты, Ерте тұрып таяқтасты. (Кірпік)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?(Құс жолымен)
Тапсырма№1
Мұғалім :Суреттегі «Жасырынған» әріптерді табыңдар. Ол әріптер әр түрлі өлшемде, әр түрлі жағдайда орналасуы мүмкін. Тақтаға үлкейтілген түрін салып әр оқушы өз бетінше дәптерлеріне өріптерді тауып жазады. Мұғалім тексеріп табылған әріптерді санайды.
Жауабы:Я, Р, В, З, Ф, Х, Н, У, Ү, Ж, Л, А, Ә, П, И, К, Қ, М, О, Ө, С, Т,
Ь, Ъ; Б.
Тапсырма№2
Мұғалім :Бей берекет орналасқан әріптерді рет ретімен қойып дұрыс сөз шығарып алу керек. Осы сөздердің ішіндегі артығы қайсысы екенін, неге артық екенін түсіндіріңдер.
КОХЙЕК
СНИНЕТ
АНЖУРА
ЛУФОБТ
Тапсырма№3
Мұғалім : Бірінші сөздің аяғын, екінші сөздің басын қосатын жаңа сөз құраңдар.
АТА( . . . ) ШЫЛЫҚ. (ЖҰРТ)
СҰЙ( . . ) ТАСЫН (ЫҚ)
ДИІР( . . . ) ШІК (МЕН)
ДӘП ( . . . ) МОМЕТР (ТЕР)
Тапсырма№4
Мұғалім :Жәй адамдарға қағазға тамып кеткен сия дағы немесе баласының футболкасына тамып кеткен шие тосабының дағы жағымсыздық туғызады да ол оны тезірек тазартуға асығады. Алайда байқағыш, көңіл қоюы, назары тұрақты жандар жаңағы дақты басқа қырынан көріп оны бір нәрсеге ұқсатады. Суретшілер оларды қағазға түсіріп, ат та қояды. Тақтаға үлкейтіліп көрсетілетін төмендегі суреттерге ат қоюларыңды сұраймын.
Тапсырма№5
Мұғалім : «Кілтті» пайдалана отырып мақал-мәтелдерді шешіңдер.
☺III, ◙I, ◙V, ◙І, ☺ІV, ◙ІІ, ◙І, - ☺ІV, ☺ІІ, ◙ІV, ◙ІІ, ☺ІІ ☺І, ☺ІІ, ◙ІІІ, ☺V, ◙ІІ, ☺ІІ.
Кілт.
(Білімді мыңды жығады. )
Тапсырма аяқталды. Алған әсерлеріңіз туралы пікірлеріңізді айтыңыздар. Үйден «Жаңбыр неге жауады?» деген сұраққа жауап жазып келу тапсырылады.
Мүмкін емес
Мақсаты: Оқушылардың қисынсыз нәрселер туралы ұғымын кеңейтіп, елес, ойды, сөйлеу қабілетін дамыту, қисынды ойлауға баулу.
Керекті құралдар: Қисынсыз тапсырмалар жазылған қоржындар, тор көз дәптер, бояу қарындаштар.
Сабақ жүрісі
Мұғалім :Балалар бүгін біз әр түрлі мүмкін емес нәрселер туралы, яғни, шындықтан өзге, басқа әр түрлі қауесеттер жәйлі әңгімелейміз. Қауесеттен шындықты ажырата алар ма екенсіңдер соны тексерелік.
Жаттығу (Жылдам жүргізіледі)
Шын ба?
-1қыркүйек-Мұғалімдер күні. (Жоқ, Білім күні)
-Жаздан соң күз келеді. (Иә)
-Қазақстан астанасы Алматы. (Жоқ, Астана)
-Өрмекші жәндік. (Жоқ, буынаяқты)
-Қарағай қыста да, жазда да бір түсті. (Иә)
-Күн-ғаламшар. (Жоқ, жұлдыз)
-Түйеқұс ұшпайды. (Иә)
-Шаршы бұл тік төртбұрыш. (Иә)
-Салтанат-ер адам аты. (Иә, бірақ әйел адам аты да болады)
-Қолтырауын жылай біледі. (Иә)
-Дене массасын термометрмен өлшейді. (Жоқ, таразымен)
Мұғалім :Халық ауыз әдебиеті сабағында сендер қисынсыз нәрселер туралы таныстыңдар. Осының бір мысалы «Тазша бала» немесе қырық өтірік шығармасынан көрінеді.
1. Міндім де қара қоңыз аяңдаттым
Болдыртып аяңымен қоян аттым.
Япырмай сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.
2. Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Балықтың қабыршағын отқа жақтым.
Бір сонам асыранды қашып кетіп,
Сібірден он жыл іздеп әрең таптым.
3. Мен өзім кішкенемнен қарға бақтым
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың үздік шығып
Мойнына ақ киізден арқан тақтым.
4. Мыс егіп көбік қарға алтын ордым
Ініне әбжыланның қақпан құрдым.
Шегірткем мініп жүрген тулап еді
Жалғыз тал қыл қамшыммен өлгенше ұрдым.
5. Аспанға алты жерден тіреу қойдым
Той қылып мың масаны сонда сойдым
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп
Нансаңыз өмірімде бірақ тойдым.
6. Сауысқан елден асқан аққуды іліп
Елімді қызғыш шауып, салды бүлік.
Қақалып кеше кешке жеген еттен
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.
Мұғалім :Ал енді қазіргі мүмкін емес нәрселер туралы сөйлеселік.
Кеше сенбі күні кешке әкем мен шешем көрші үйдің тойына кетті. Біз Әсия екеуіміз үйде қалдық. Әсия ұйықтап қалғанда мен буфетті ашып шие тосабының жарты банкасын жеп қойдым. Соны білдірмес үшін Әсияның ерніне ұйқтап жатырғанда тосапты жақтым. Шешем келген соң: «Тосапты жеген кім?» деп сұрады. Мен, «Әсия» дедім. Шешем оның ауызының айналасындағы тосап жұғынын көріп, оған ұрысты да, маған бүгін тағы да тосап берді.
Мұғалім :Осыған сенесіңдер ме?Ал сендер осындай қисынсыз әңгіме құрастыра аласыңдар ма? Ал, қарайық. (Ойдан қисынсыз әңгіме айта алатын оқушыны тыңдап, талқылап, қорытынды жасау. )
Мұғалім :Енді біз сендермен бірге бір түсті «Жасыл елге» саяхат жасаймыз.
Бір минутқа көздеріңді жұмып «Жасыл елде» жүрміз деп есептеңдер. (Балалар көздерін жұмады)
-Сендердің алдарыңда «Жасыл елдің» астанасы тұр, оның аты Қатеқала. Ондағы үйлер, көшедегі отырғыштар, ескерткіштер, көше асфальты бәрі де жап-жасыл. Қала үстімен қалықтап жасыл бұлт ұшып барады. Жасыл күн күлімдеп тұр. Қалалық жасыл саябақта, жасыл тоғанда жап-жасыл аққулар жүзіп жүр. Жасыл жағажайда жасыл түсті балықшылар жасыл қармақпен жасыл балықтар аулап жатыр. Ал жануарлар бағында жасыл маймылдар, жасыл пілдер, жасыл керіктер жүр. Жасыл түсті көрермендер жасыл бөлкелермен. жасыл түсті банандармен оларды сыйлауда. (Балалар көздеріңді ашыңдар) . Қатеқаладағы тағы да қандай суреттерді елестетуге болады?Кім әңгімелеп береді?
Мұғалім: Енді ойын ойнаймыз. Мен осы «Жасыл елдегі» нәрселерді атаймын. Біздің елде де сондай жасыл түстілері болса қол шапалақтаймыз.
Қолтырауын , аспан, қар, мысық , шалғын , сәбіз, мұз, ит,
топырақ, жапырақ , қарбыз , сүт, мұнай, секер. қияр , күміс, киви , тұман, бақа , бұршақ, шегіртке, жаңбыр, қызылша, алтын, кактус .
Жұмыртқа неге жарылмайды
Жұмыртқаны 3 метрге лақтырғанда ол асты тас болса да сынған жоқ . Ол қалай ?
(Жұмыртқаны 4 метрге лақтырғанда алғашқы 3 метр жерде ол жарылмайды)
Сабақ аяқталды. Алған әсерлерің туралы ой бөлісіңдер.
Экзотикалық жануарлар
Мақсаты: Кейбір экзотикалық жануарлар туралы білуге, қисынды ойлай білуге тәрбиелеп, әртістік қабілетті, көру есін, елестетуін дамыту.
Керекті құралдар: Тотықұс, кенгуру, мүйізтұмсық, морж, кит суреттері(Әрбір бала үшін тотықұс суреті), Танграмда бейнеленген Кенгуру бейнесі, ойынға қажетті жануарлар аты жазылған улестірмелер. Оқушылар үшін тор көз дәптер, қаламсап, Танграм, бояу қарындаш.
Сабақ жүрісі
Мұғалім: Балалар қазір біздің сырттай қайда саяхат жасайтынымызды табыңдар. Ол үшін ең әуелі төмендегі жұмбақтарды шешіңдер. Жұмбақтар тақтаға баған түрінде жазылады.
-Мүйіздері бұтақты, сұңғақ және жылдам.
Бұл кім екен күні бойы жайылған. (Бұғы)
-Таулар мен далада да, жүр қолғап пен тондарда. (Қой)
-Бұл біздің ескі таныс, тұрады үйдің шатырында.
Аңға да ұшып шығады, батпақтағы бақаға. (Құтан)
-Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа)
-Далада жүр шапқылып, керемет тым саққұлақ.
Тек есектен басқада, оған ұқсар жоқ құлақ. (Қоян)
-Түрі жылқы бейнесі, жолақ-жолақ жейдесі. (Зебра)
-Қалдырмай баласын бір елі, қалтаға салып ап жүреді.
(Кенгуру)
-Маңайын түгел көріп, биіктен қарайды. (Керік)
Мұғалім: Жұмбақтар ішінде жануарлар да кездеседі екен. Сондықтан жануарлар бағына саяхатқа шығамыз. Саяхат кезінде біздің жерде кездеспейтін басқа құрлықтардан әкелінген бізге таңсық жануарлармен танысамыз. Хайуанаттар бағындағы олардың мінез құлқы мен өмір сүру дағдыларын ғалым зоологтар бақылайды. Арнайы адамдар хайуанаттарды әкелінген жерлеріндегідей қоректік заттармен қоректендіріп тамақтандырады, су береді және денсаулықтарын үнемі бақылауда ұстайды.
Осындай экзотикалық жануарлар туралы не білесіңдер, көрелік.
(Оқушылар тапсырмалар жазылған бетшелерді алады. )
Тапсырма
Әрбір топтағы артық сөзді көрсет.
-Қасқыр, қабан, бегемот , түлкі.
-Кенгуру, қоян , маймыл, мүйізтұмсық.
-Ақтиін, қолтырауын , аю, бұғы.
- Бұлан , піл, арыстан, түйеқұс.
Ескерту:Тақтаға жануарлар суреті ілініп әр кезекте солар туралы баяндалады.
Мұғалім:
Міне біз тотықұс торы қасында тұрмыз. (Әр балаға тотықұс суреті беріледі)
Тапсырма: Дәптерге тор көздері бойынша тотықұсты салып жетіспейтін нәрселерін қосыңдар, сосын бояңдар.
Өз беттерімен жұмыс. Соңынан тексеріп, алған әсерлерімен бөлісу.
Мұғалім: Тотықұстың қауырсындары әр түрлі түсті болып келеді. Аяқтарының саусақтары, мойыны, басы арқылы біздер сияқты қимылдар жасайды. Барлық тотықұстардыңда тұмсықтары қомақты болады. Көпшілік тотықұс жаттанды дыбыстарды мағынасына бармай ақ қайталайтын қабілетке ие, есте сақтауы жақсы. Тотықұс Еуропада және салқын Антарктидада кездеспейді. Тотықұстар жартастар қуысына, ағаш діңіне ұя салады. Ін қазатын тотықұста кездеседі. Адамдар ерте кезден бастап тотықұсты қапаста ұстауды үйренді. Үндістанда әрбір саналы азамат ең болмағанда бір тотықұсты сөйлеуге, үйретуге тиісті саналған. Адам дауысын айнытпай салуға қабілеті арқылы тотықұстарды басқа жануарларға қарағанда құдайға жақын деп санаған. Тотықұс асырау сәнге айналды. Өйткені оның қауырсындары арқылы құбыжықтарды безендіріп, қымбат бағалы сыйлықтар дайындады. Осының салдарынан ХХ ғасырда ашық түсті, ірі тотықұстар түрлері құрып кетті.
Баласы бар тілегі,
Қалдырмайды бір елі.
Қалтасына салып ап,
Қажымай ақ жүреді.
(Тақтаға Танграм бөлшектерінен құралған кенгуру бейнесі ілінеді)
Мұғалім:
Үлгіге 1 минуттай мұқият зер сала қарай отырып, бөліктерінің қалай орналасқанына назар аударыңдар. 1 минуттан соң Кенгуру бейнесі алынып тасталады. Есте сақтағандарың бойынша алдарыңдағы Танграм бөліктерінен Кенгуру бейнесін құрастырыңдар.
(Әр баланың жұмысы тексеріледі. )
Кенгуру-екі артқы аяғымен секіру арқылы қозғалады. Ал алдыңғы екі аяғын кеудесіне қысып алады. Қарапайым уақытта 1, 5метрге дейінгі қашықтыққа секіріп қозғалады. Қауіп төнген кезде 8-12 метрге дейін секіріп 88 км/сағ. жылдамдықпен қозғалады, бірақ тез шаршайды. Оларды атпен қуып ұстауға болады. Ұзын құйрығын секіру кезінде құламас үшін тіреуге және тепе-теңдікті сақтау үшін пайдаланады. Демалыс кезінде кенгуру құйрығына сүйенеді. Егер жабайы иттер(динго) шабуыл жасаса құйрығына сүйене отырып екі артқы аяғымен тепкенде өлтіріп те жібереді. Бұл жануардың атының шығу тарихы да ерекше. Ағылшын теңіз саяхатшысы Джеймс Кук 1770 жылы кенгуруды алғаш көріп, солай атап кеткен. Аборигендерден Кук «мына секіріп жүрген жануарлар қалай аталады?»-деп сұрағанда «Кенгуру» деп жауап берген. Кук аты осылай болар деп есептеген. Ал жергілікті жердің тілінде ол «түсінбеймін» дегенді білдіреді. Кенгурудың балаларын алып жүру үшін қалтасы болады. Кішкентай кенгуру жарты жылға жуық қалтада дамып енесінің сүтімен қоректенеді. Онан соң қалтадан шығып шөппен қоректене бастайды. Тағыда ай жарымдай уақыт ана сүтін емеді, қауіп төнгенде анасының қалтасына жасырынады.
Мұғалім: Балалар хайуанаттар бағынан китті көре алмайтын себебіміз не? Ол сүт қоректі, балық емес. Көгілдір киттің ұзындығы 30 метр, салмағы 125 тонна болады.
Түйеқұс
Түйеқұс өзін құспын деп айта ала ма?
(Жоқ. Түйеқұс сөйлей алмайды)
Тапсырма
Бейнесі бойынша кім туралы айтылып отырғанын табыңдар.
1. Бұл алыптың ұзындығы 4 метрге дейін, салмағы 1, 5 тонна болады. Аузының екі жағынан шығып тұратын ұзындығы 70-80 см болатын азулары бар. Азулары өткір, сұсты болғанымен, көп зияны жоқ. Азуларымен батпақтан ұлу тас, қайыршақ алып жейді. Бұл жануарларды аулауға тыйым салынған және қызыл кітапқа енгізілген. (Морж)
2. Ол жер бетінде өте ертеден келе жатырған шөп қоректі жануар. . Бұтақтардың тікенектерінен, жәндіктердің шағуынан қалың терісі қорғайды. Бұл жануардың денесі ауыр болғандықтан өте баяу қозғалады. Олар сабырлы келеді, қарым-қатынаста самарқау. Жауынан қорғануы кезінде өте ашулы болады және қауіпті. Үшкір мүйіздері бар басын еңкейтіп алып қарсыластарына шабуыл кезінде 50 км/сағ жылдамдыққа дейін шаба алады. (Мүйізтұмсық)
Ал мүйізтұмсық пен моржды хайуанаттар бағынан көруге болады.
Қорытынды: Ойын ойнайық.
Тапсырма
Тірек қимыл қозғалыстары, мимика, дыбыстау арқылы төмендегі экзотикалық жануарларды бейнелеу.
Піл, кенгуру, керік, маймыл, тотықұс, жылқы
Мұғалім: Сабақ аяқталды. Төмендегі сөйлемді жалғастырыңдар:Мен бүгін
білдім . . .
Бұлт неге қашты?
Мақсаты: Оқушылардың физикалық білімдерін толықтыру, логикалық ойлауға тәрбиелеу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу
Керекті құралдар: Интерактивті тақта, жүк кемесі суреті.
Сабақ жүрісі
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан өзгешелеу болғалы тұр. Өйткені біз жұмбақ әңгімелер арқылы білімімізді толтырып ой қорытамыз.
І. Қанша шымшық қалды?
Ағаш басында 7 шымшық отыр еді, оған тағыда бесеуі қосылды. Бір кезде ұры мысық бұқпантайлап келіп біреуін ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?(Ештеңе қалған жоқ. Қалғандары ұшып кетті) .
ІІ. Аспаз неге «аһ» ұрды
Бұл- теңізшілердің жұмбақ әңгімесі. Шағын кемедегі аспазшы теңіздегі портқа тоқтағанда «аһ» ұрды. Осыған дейін өзенмен жүзген команда мүшелерінің көңілі көтеріліп, қасқырдай қомағайланып, бергенді ішіп-жеп келген. Тамағының дәмді жасалғанына аспазшы да мәз еді. Оның үстіне өзенді шарлап, ұшы-қиырсыз әлеммен сырласқанның өзі ғажап емес пе?Қиырдан көрінген күн көкжиекке батқанша саф ауаны сіміріп, сіңімді асты бойға қуат қылып, уақыттың қалай өткенін теңізшілер байқамаған. Олар аспазшыға алғысын жаудырып, арқасынан қағып әлек. Енді, міне, аспазшының байқаған бұл сәтсіздігі көпе-көрнеу есін шығарып жіберді. Себебі алғаш жүзіп шыққанда кеменің суға батар сызығы көрінбей тұрған. Дәл қазір толқын үстіне шығып кетіпті. -Ойпыр-ау, біз сонша азық-түлікті жеп қойдық па, кеме неге жеңілденіп кетті?-деп таң қалды аспазшы.
Аспазшының алаңдауына не себеп болды?
(Аспазшының «аһ» ұруына себеп жоқ. Егер әңгімені мұқият тыңдасаңыздар, кеменің өзен арқылы теңізге жеткенін түсінген боларсыздар. Яғни, теңіз суы тұзды, ал өзен суы- тұщы. Сондықтан, кеме суға батар сызығынан көтеріліп кеткен. Ендеше көп тамақ ішіліп, азық-түлік бітіп қалады деу қисынсыз) .
ІІІ. Бұлт неге қашты?
Қалың орманның ортасындағы алаңға бір топ балалар жиналып ойнауға кірісті. Таза ауа, салқын самал, иісі бұрқыраған гүлдер. Шалқасынан жатып көк аспанға көз тастаған қандай керемет!Аққу бұлттар апалардың жаулығындай желкілдейді.
Өкпек желдің өтіне баяу тербелген орман ағаштары бір сәт билеп кеткендей. Ойда жоқта үндемейтін, табиғатынан томаға тұйық Сәкеннің:-Балалар, сендер не көрдіңдер?Мен бір ойламаған ғажайыпты байқадым, -дегені. Бәрі таң-тамаша күйі Сәкенге қарады.
-Сенбейсіңдер ме, маған?Онда бәрің шалқаларыңнан жатып аспанға көз тігіңдерші, -деді Сәкен. Жапа тармағай балалар жата-жата кетті. Бір сәт тыныштық орнады. Әзірге ешнәрсе байқалмайтын сияқты. Іштерінен тынып жатыр. -Бұлтты көрдіңдер ме?-деді Сәкен. -Қай тұспен қиырға жөңкіліп барады?. -Орманның үстімен, -деді Марат. -Балалар, олар неге біз жатырған алаңның үстіне жоламайды?-деді Жеңіс. Сәкен оған:-Өте дұрыс байқадың. Ал енді бұл жұмбақтың сырын кім айтар екен?-деп балаларға бұрылды. Балалар үнсіз қалды.
Сіздер қалай ойлайсыздар, жұмбақтың сыры неде?
(Ағаштың көлеңкесімен қорғалмаған алаң күн нұрының ыстық аптабын қабылдай отырып, қатты ысиды. Сөйтіп сол алаңдағы ауада ток пайда болады(зарядтардың мол жиынтығы) . Міне осы зарядтар алаң үстінен бұлттарды ығыстырып, ашық алаңға жақындатпай тебеді) .
ІV. Еменнің түбіне тығылма
Ашық күн. Аптап. Аспан айналып жерге түскендей. Самат пен Қанат өрісте қой жәйіп жүрген. Шөбі шүйгін Жаңа Талап кен алаңы жақтағы өрістен жануар екеш жануарлар да жерден бас алар емес. Кенет көкжиектен оймақтай ғана қарабауыр бұлт көрінді. Әп сәтте аумақтанып, аспан төрінен күн күркіреп, от шыбық-найзағай ойнап қоя берді. Артынша жауын басталып кетті. Көзді ашып жұмғанша мұндай боларын кім білген. Достар Бестерек жақтағы шеткі топ ағашқа қарай жүгіре жөнелді. Ағаштың астына кіргені сол еді, Самат жылан көргендей селк етіп, кері далаға барып отырды да, Қанатқа:-Бері кел, - деп дауыстап шақырды. Қанат аң-таң. Найзағай жарқылдап, аспан асты зеңбірек атқандай гүрсілдейді. Табиғат мінезі қызық қой. Жаңағы қара бұлт балалардан алыстап бара жатты. Үсті бастары аса су бола қойған жоқ. Тек Саматтың ағаш астынан далаға орын ауыстыруы Қанатты ойға жетеледі. . Досынан сұраса Самат:-Әкемнің айтқанын орындадым, -дейді. Шындығында бұл жұмбақтың сырын өзі де білмейтін болып шықты.
Табиғаттың сырын сендер қалай түсіндіресіңдер?
(Еменнің тамыры берік, әрі терең бойлаған, яғни ол жайтартқыш қызметін атқарады. Сондықтан найзағай басқа ағашқа қарағанда еменге жиі түседі. Саматтың әкесі дұрыс айтқан) .
V. Жүк кемесі қайда жүзіп барады?
Тәуелсіз Қазақстанның қаласы Ақтауда айлақ салынғалы «Қара алтынды»(мұнайды) Каспий теңізі арқылы басқа шет мемлекеттерге танкерлермен тасу жолға қойылды. Бұрындары ең жақын мұнай кен орындары Бакуде болса, енді Атырау, Ақтау қалалары арқылы да мұнай тасымалдана бастады. Мына төмендегі суреттегі жүк кемесі Атырау мен Астрахань қалаларының арасында мұнай тасымалдайды.
Енді мұқият қарап жауап беріңіздер. Ол қай қалаға қарай жүзіп барады?Астраханьға ма, әлде Атырауға ма? (Неліктен олай ойлайсыз?) . (Кеме Астраханнан Атырауға жүзіп барады. Себебі кемеде қазір жүк жоқ, суға бату сызығы су бетінен жоғары шығып тұр. Негізінде ол Атыраудан Астраханьға мұнай тасиды. Егер ауыр жүк тиелсе бұл сызық көрінбес еді. )
VІ. Жалған ақша
Сізде түрлері бірдей 8 алтын теңгелер бар. Бірақ біреуі жалған ақша. Жалған ақша басқаларынан сәл салмақтырақ болғанымен өзгелерінен айыру өте қиын. Сізге екі табақшасы бар таразы берілген. Ең аз қанша тарту арқылы жалған теңгені табуға болады?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz