Фариза Оңғарсынова Оюлар өлеңі

БЕКІТЕМІН
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Б. А. Кыстаубаева
ТЕКСЕРІЛДІ
ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Д. Л. Еділбаева
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ақын жайлы мәліметтерді тыңдата отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу. Өлең мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту;
Тәрбиелігі : Ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халықтық дәстүрді қастерлеуге үйрету;
Дамытушылығы: Түрлі шығармашылық арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары- ой қозғау,
кубизм, талдау, т. б.
Көрнекілігі: флипчарт, үнтаспа, түрлі-түсті қағаздар, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу, еңбек, саз, математика.
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қ. Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келген шығармаларын, мақал- мәтелдерін оқыту, бағалау
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын үнтаспа арқылы М. Мақатаевтың сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің « Фаризажан » әнінен үзінді беріледі.
2. Ой қозғау.
- Қай ақынның сөзіне жазылған ән деп ойлайсындар?
- Ән кімге арналған екен?
Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңінен танысамыз (Дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу) .
Ұлы тұлғалардың бірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын», - деуіне қарап тұлпарды тұлпардың танитынына, сұңқардың сұңқармен қанаттас болатынына көз жеткіземіз. Ендеше, Фариза кім? Құлақ түрейік.
(Электронды оқулықты тыңдату) .
Биыл Фариза апай неше жаста екен? Ақын апамыздың әдебиет айдынындағы жаңашыл туындылары- «Дауа», «Алғашқы сабақ». “Дауа” кітабының негізгі мазмұндық идеясы - жастарға шығармашылық жол, яғни, соның ішінде, өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы кез-келген жаман ниетті арам істерден арылуға болатындығының дәйектемесі. Ал «Алғашқы сабағы» 2 томдық кітап.
1 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың балғын бүлдіршіндерге арналған жинағына балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған тақпақтар, тәрбиелік мәнді өлеңдері енді.
2 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл кітабына халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы балаларға пайдалы пікірлері енгізілген.
Олай болса, осындай ұлттық құндылығымыз жайлы өлеңдерінің бірі- «Оюлар» өлеңі. Құлақ түрейік. (Электронды оқулықты тыңдату) .
(Содан кейін оқушылар өлеңді тізбектей мәнерлеп оқиды. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады) .
ТҮРТІП АЛУ (Сөздікпен жұмыс) :
БАСҚҰР - киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.
ЖЕЛБАУ - киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.
ҚОШҚАРМҮЙІЗ - қазақтың ұлттық оюының бір түрі
ТАРАМЫСТЫ - арықтау.
(Интерактивті тақтадан киіз үйдің суреттері мен жабдықтары арқылы түсіндіру. )
Бекіту:
ТЕКШЕМЕН ЖҰМЫС
- Әдебиет теориясы
Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау
Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!
Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.
«Келе ғой, \\ қошақаным, \\ өзіме!» деп,
Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.
4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
- Өлеңдегі троп түрлерін табу
Күрделі теңеулер: “Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп,
Әжем кеп сипағандай шашыма жай; Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені; Әжемнің көзіндей бұл оюларды; Келгендей құлағыма аңсатқан үн; Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім . . .Кейіптеу : Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.Эпитет: тарамысты саусақтарын; Шебер көп бұл заманда кілең керім; балғын шақтың; Мөлдір шық.
- Ою қию
- Оюлар туралы не білесіз?(Қандай бұйымдарда салынады?
Жалпы алғанда, қазақ халқы ою-өрнек үлгілеріне өте бай. Қазіргі кезде өнертанушы ғалымдар ою-өрнектің 400 (төрт жүздей) түрін жинақтаған. Оларды мән-мағынасына қарай үлкен 4 топқа бөледі.
Өсімдік тектес оюлар;
Жан-жануарлар дүниесіне қатысты оюлар;
Аспан әлеміне қатысты оюлар;
Геометриялық оюлар.
- Жұлдыз өрнегі - аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
- Сынықмүйіз - сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
- Қошқармүйіз - қошқардың екі шекесіне иіріліп біткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарында кездеседі.
- Ақын әжесін неге еске түсіреді? Осындай текемет, сырмақ өз үйлеріңде бар ма?
- Ою- өрнектер туралы мақал- мәтелдер айт.
Сабақты қорытындылау:
Міне, балалар, Фариза апаларың:
Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім, - деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz