Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ата - ананың міндеті

Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Шағырлой ауылы
ЖББ Абай орта мектеп-балабақшасы
Әлеуметтік педагог: Бержанова Т.М.
Мектеп психологі: Кажкенова А.М.

Тақырыбы: <<Отбасы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?>>
Түрі: ата-аналармен сұхбат сағаты
Әдісі: тренинг, пікірлесу, шығармашылық тапсырмалар
Мақсаты: Республикалық <<Сенің-құқығың - менің құқығым>> атты онкүндік жоспарына сай ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейлерін арттыруға ықпал ету. Балаға тәрбие берудегі жауапкершіліктерінің қалыптасуына көмектесу.
Жоспары:
І бөлім
1.Кіріспе сөз
2.Баяндама Тақырыбы: Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы Қ.Р.кодексі (жауапты әлеуметтік педагог Бержанова Т.М.)
ІІ бөлім.
1.Тренинг
2.Мәтінмен жұмыс <<Бақытты отбасы>>
3.Шығармашылық тапсырмалар:
-Бала деген кім?
-Ата-ананың міндеттері мен жауапкершіктері
-Ата-ананың тәулік бойынша іс-әрекеті
-Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігінің бір көрінісі
Қорытынды: (бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлерін білу)

Өту барысы:
1.Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздерді <<Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?>> атты кездесуге шақырып отырмыз. Мақсатымыз республика бойынша "Сенің-құқығың - менің құқығым" атты онкүндік өтуіне байланысты құқықтық сауаттылығымызды арттыру. Қ.Р. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі күшіне енді. Ол кодексте жанұя, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеттері т.б. көрсетілген.
2.Тренинг. Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып бүгінгі кездесуден не күтетінін айтады. Содан кейін ата-аналарды топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
<<Бақытты отбасы>> мәтіні
Бір үлкен отбасында 100 адам өмір сүрген. Олар әрдайым тату болған. Оны естіген патша таңданып, үй иесінен себебін сұрайды. Сонда үй иесі қағазға бір сөзді 100 рет жазады. Ол қандай сөз жазды деп ойлайсыздар. (пікірлерін білдіру)
3.Ата-ананың бас қуанышы - бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.
Сонымен <<Бала деген кім?>> деген тапсырманы орындайық. (қағазға жазып көрсетеді)
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші - ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Келесі тапсырмада неке және отбасы туралы кодексте айтылғандай, ата-ананың міндеттері мен жауапкершіліктерін білуге тиіспіз, соны қағазға түсіресіздер.(кестеге жазып береді)
Ата-ананың міндеті
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;
2. Білім алуына көмектесу;
3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;
4. Ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектеп өмірімен танысуға;
5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б улы заттарды қолдануға, балаға зиянды екенін түсіндіруге;
6. <<Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла>> - деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата-ананың жауапкершілігі
1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;
2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
4. Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін, өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.
5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты
6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Келесі тапсырма ата-ана диаграмма құрастыру арқылы бір тәуліктегі жұмысын бөліп көрсетеді. (сағат бейнеленген қағаз беріледі)
Рольдік ойын: әр топ жанұя мүшелерінің рөлін алып баламен сөйлесу мәнерін көрсетеді. (сөздер: ата,әже,әке-шеше, апа-аға, іні)
Қорытынды: Халқымыз <<Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің>> дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- ол перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Соңында Бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлеріңіз? деген тапсырманы орындайды.

Ұқсас жұмыстар
Күнсіз гүл өспес, күтусіз ұл өспес
Бала біздің болашағымыз
Тақырып Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Ата бәйтерек, бала жапырақ
Отбасы берекесі
Ата-аналарға арналған баяндамалар
Ата аналарды отырғызу
Баласыз отбасылар
Отбасындағы бала
Айналайын анашым
Пәндер