4 саны мен цифры: құрамы және төртбұрыш пен шаршы ұғымдары

Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.

Сабақтың мақсаты:

  1. 4 санымен және 4 цифрының жазылуымен, 4 санының құрнамымен таныстыру; төртбұрыш, шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру.
  2. Оқушылардың ой-өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
  3. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім енгізу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: сандар, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын аудару.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

-Балалар, Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар.

Қорапқа кірді біреуі,

Соңынан кетті екеуі.

Тығылды сонда нешеуі? (1+2=3)

Ұлпа жүнін қыздырып,

Күн шуақта бір күшік.

Отыр еді маңына

Келді тағы екі күшік

Нешеу болды сен сана?

-Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- 3 Саны мен цифры.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Енді, балалар, көңілімізді тақтаға аударайық.

-Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойлансақ,

Тура тауып атасақ,

Тұрғаны бар, отырған,

Барлығы қанша балапан?

-Дұрыс балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 4 саны және цифры. (Мұғалім тақтаға 4 саны цифрының жазба түрін көрсетеді)

  1. Төрт жыл мезгілі 4 санымен белгіленеді.
  2. Үштен кейін төрт болар,

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Қыс мезгілі -күн суық,

Ақ қар жатыр жер жауып.

Көктемде болар жер жаңа,

Егейік егін далаға.

Жазғытұрым күн ұзақ,

Аптап тұрар күн шуақ.

Алтын күз бізге берер нұр,

Жеміс-жидек пісіп тұр.

Төрт төртім бар,

Төрт тортым бар.

Төртім -маған

Тортым-саған.

ІV. Оқулықпен жұмыс

№1. Тапсырма бойынша санның сан сәулесіндегі орнын және 3-ке 1-ді немесе 2-ге 2-ні қосу жолымен 4 санын шығарып алуды түсіндіру.

-Бірінші суретте бір түспен неше торкөз боялған? Нешеуін басқа түспен бояды? Мұны қалай жазуға болады? Неше болды? Демек 4-бұл

Мысалдар төрттігін құру жолын түсіндіру. Мұндай жұмыс оларды қосу мен азайту арасындағы байланысты түсінуге әкеледі.

№2. Дәптерде оқушылардың өздері орындауға берілген. Бұл тапсырманы орындамас бұрын 4 санының құрамы қайталанады.

№3. Ауызша орындау кезінде 4-ке дейін тура және кері санауға жаттығады.

Төртбұрыштың мәнді белгілерін түсіндіру. Жинақ полотносына геометриялық фигуралардың үлгілері бекітілген. Мысалы, әртүрлі үшбұрыш және 1 төртбұрыш. Артық фигураны табыңдар. Бұл фигураны қалай атауға болады? Бұл фигура неге төртбұрыш деп аталады? Төртбұрыштың бұрыштары нешеу? Неше қабырғасы бар?

№4. Төртбұрыштың әр түрімен танысады.

№5. Бекіту жұмысы.

№6. Оқушылар берілген фигураны құрастыратын қиындыларды дайындап қоюлары керек.

V. Сергіту сәті.

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.

VІ. Дәптермен жұмыс.

№1. Оқушылар 4 цифрын торкөзде жазу жолымен танысқаннан кейін ауада жазып шығады. 4-тің жазылу үлгісін толтырады.

№2. -Жазуға қараңдар. Математикада мұндай жазуларды қалай атайды?

-Өрнек. Өрнектің мәні 4-ке тең болатындай бос орынға сан таңдаймыз. Көрнекі түрде түсіндіру.

4 қарындаш алыңдар. Біреуін жеке қөойыңдар. 4 шығу үшін 1 қарындашқа қандай сан қостық?

№3. Төменде қандай сан көрсетілсе, сонша шаршының суретін салады.

№4. Оқушылар нүктелерді дұрыс қосуды үйренеді және төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

-Аптаның төртінші күні қай күн?

-Жылдың төртінші айын ата.

-4 санын қажет ететін мысалды келтіре аласың ба?

VІІІ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4 саны мен цифры: қосу, азайту, салыстыру және төртбұрыш элементтері - сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Төртбұрыштың ауданын табу (тік төртбұрыш пен шаршы)
Ашық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры
Кіші жастағы балаларға арналған сабақ-конспект: 4 саны мен цифры
1-сынып математикасы сабағы: 7 саны мен цифры
5 саны мен цифры және бесбұрыш: сабақ жоспары
Ашық сабақ: 8 саны және цифры
15 саны мен цифры: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
8 саны мен цифры: бастауыш математика сабағының жоспары
7 саны мен цифры: таныстыру және қосу-азайтуды меңгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz