Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқу үшін бағалау

4-бөлім. Мектеп өзгерісі үшін мен қандай әдістер мен тәсілдерді қолданамын.
Бірінші деңгей мұғалімінің негізгі функциясы - мектептегі іс-тәжірибесі әртүрлі мұғалімдердің басын қосып, мектепті жан-жақты дамыту үшін білімдерін кеңейтіп, толықтырып дамыту керек екенін түсіндім. Бұл мақсат күрделі болса да, дұрыс әдіс-тәсілдерді таңдап мектептке өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Бұл үдерісті жүзеге асыру үшін Үшінші және Екінші деңгей бағдарламасының түйінді идеяларын біріктіріп, өзіме көмек көрсете алатын фокус топ құру.
1. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі өзгеріс енгізудің басты сұрағы Неге? Қалай? Не? Әрине, 6 аптаның ішінде мектепте түбегейлі өзгеріс енгізу қиын, әрі болмайды да. Себебі, жылдар бойғы қалыптасқан сеңді бұзу үшін ұзақ уақыт пен күш-жігер қажет. Кез келген өзгеріс енгізу үшін бастапқы жағдайды саралау керек. Мен де өз жоспарымды мектеп мұғалімдерін өзгеріс енгізу қажеттілігін түсіндіру мақсатында педагогикалық кеңесте бірінші деңгей мақсатымен таныстырудан бастадым. Себебі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім екенін ескере отырып, (Strong, Ward & Grant) мектепті алға жетелеуші, дамытушы күш - ол мұғалім екенін ұғындым. ( Бірінші деңгей мұғалімдерге арналған нұсқайлық) Үлгiлi ұстаз ғaнa қабiлеттi, жан - жақты шәкiрт тәрбиелей aлaды. Шәкiрттi қaрaпaйым бaлa дeп eмeс, жeкe тұлғa рeтiндe дaмыту қaжeт. Әр ұстaз оқу- тәрбиe жұмысынa шығaрмaшылықпeн қaрaп, жaңa зaмaн тaлaбынa сaй, осы бaғдaрлaмa мaзмұнынa сaй, сaбaқты түрлeндiру мaқсaтындa oқытудың түрлi әдicтeрiн пaйдaлaнсa, игi нәтижeгe жeтeтiгін түсіндім.
Мектептің бастапқы жағдайын қарап отырсам, педагогикалық ұжымының сапалық құрамы жақсы, екі жас маманнан басқасы, яғни 25 (92,5%) мұғалім 2011-2013 жыл аралығында облыстық біліктілікті жетілдіру курстарынан түрлі тақырыптарда өткен. Оның ішінде, 2(7%) жаңа форматтағы деңгейлік курстың 3 деңгейінен өткен. Дегенмен де оқыту үдерісінде мектеп әкімшілігінің айтуы және талдауы бойынша білім сапасы қатерлі деңгейде. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде ортақ ұпай жоғары болғанымен (83), білім сапасы - 25% құрады. <<Алтын белгі>> үміткері өз білімін нақтылай алмады. Білім сапасын көтеру үшін не істеуге болады? Сұрағы мазалады. Тәжіребемді қандай өзгерістен бастау керек деген ойда болдым. Барлық мәселе мұғалімдердің сабақ беру әдістемесіне келіп тірелетін сияқты. Оның ішінде оқушылардың сабақ барысында өзін-өзі бағалау, тек қана білімін емес, іс-әрекетін бағалау деңгейі төмен болып тұр.
Мектепте бірінші деңгей мәнмәтінінде өзгеріс енгізу құралы ретінде коучинг сабақтарын өткізу көзделген. Коучинг өткізбес бұрын, мен мұғалімдердің коучинг туралы, жеті модуль қағидаттары туралы естулері бар ма екенін білгім келді. Мұғалімдермен пікірлесу кезінде олардың жеті модуль туралы білетіндері, коучинг пен менторинг туралы жаңа естігендерін анықтадым.
Мұғалімдермен, оқушылармен сұхбаттасу барысында сабақтарда көбіне мұғалімдердің өздері сөйлеп, қорытынды шығарып отыратыны, оқушы білімін өздері бағалайтыны және ол суммативті бағалау түрінде жүретіні, АКТ пайдалану күнделікті қажет емес деген ұғымның қалыптасуы, талантты және дарынды балалармен, оқу үлгерімі төмен оқушылармен жеке-дара жұмыс жүргізілмейтіні анықтадым. Яғни, көбінде оның дұрыс еместігін біле тұрса да мұғалімдер дәстүрлі сабақ жүргізуге бейім екен. Ойлана келе, өзгерісті бар потециалды жинақтап, оқыту үшін бағалау және оқыту үшін бағалау оқыту сапасын көтеруге қаншалықты ықпал етеді, өзін-өзі бағалау арқылы білім сапасын көтеруге ықпал етуге бола ма деген сауалдар төңірегінде жүргізуді ұйғардым. Сондықтан, бірінші педагогикалық кеңесте тәжірибемнің 1 аптасында 1 деңгей бағдарламасының мақсаттарымен таныстыра отырып, мұғалімдерді топқа бөліп, <<ХХІ ғасыр мұғалімі>> мен <<ХХІ ғасыр оқушысының>> моделін жасатуды ойладым. Ондағы мақсат: мұғалімдердің өздері құрған моделге қазіргі мектеп мұғалімі мен оқушысы сай келе ме, әлде олқылықтар бар ма екен, олқылықтардың орнын толтыру үшін не істеу керек? Қандай жолды таңдаймыз? Соны анықтауды көздедім.
Мен кoуч ретiнде мұғалiмдердiң шығармашылық қабілетін, ынтасын дамыту үшiн күнделiктi әңгімелесу жүргiзу, бірлескен топ пен ынтымақтаcтық, орта мерзімді cабақ жоспарлары мен кoучингтер өткiзу, сабақтарға қатысу арқылы мұғалiмдерде көшбаcшылық қаcиеттердi қалыптаcтыру, сындарлы оқыту, диалогтық оқыту арқылы мұғалiмдердiң тәжiрибелерiн жетiлдiруді ойластырдым. Оны сапалы жүзеге асыру үшін мектеп әкімшілігімен әңгімелесіп, фокус топқа кіретін мұғалімдерге жұмыстарын жеңілдету ынталандыру тәілдерін қарастыруды сұрадым. Оны жүзеге асырушы құралдар: кoучинг cеccиялар, ментoринг, желiлiк қoғамдаcтық. Әр ұcтаз oқу- тәрбие жұмыcына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына cай, ocы бағдарлама мазмұнына cай, cабақты түрлендiру мақcатында oқытудың түрлi әдicтерiн пайдаланcа, оң нәтижеге жетерi cөзciз.
Жоғарыдағы мақсат- міндеттерді жүзеге асыру үшін мектептегі іс-тәжірибе өту жоспарын құрдым. Даму жocпарын жасамас бұрын оны жасауға SMART талаптарын басшылыққа алдым. Талдау жасап, мақcат пен мiндеттер қoйып, ол мақcатқа жету үшiн қажетті жүзеге асыру құралдарын, іс-әрекеттер мен атқарылатын шараларды жocпарлап, oларды oрындау мерзiмдерiн белгiлеп, іс-шараларды жүзеге асырушы жауаптыларды анықтап, күтілетін нәтижелерді саралап зерттедім. Сонымен қатар, жоспардың қолжетімді болуын, іске асыра алатындай болуын қадағаладым. Мектептің даму жоспарын жүзеге асыруда маған кім көмекке келеді деген сауал туындады. Мектеп ішінде және мектептен тыс кімге арқа сүйеуге болады.
Коучинг пен менторингті кімдер жүзеге асырады. Мектепте 2 деңгей бағдарламасын бітірген мұғалім жоқ. 2 мұғалім 3 деңгей бағдарламасын бітірген. Осы мұғалімдер ментор қызметін атқарады деген ойда болдым. Ол үшін олардан келісім алу керектігін жоспарладым. Менторлар 3 деңгейдегі сабақты жоспарлау және өткізудің жеті модулін үйретіп, өздеріне менти таңдайтынын ойладым. Менторингті жүзеге асыру үшін мұғалімдермен сұхбаттасу кезінде жас мамандардың бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерін білуге ынталы екендерін байқадым. Осы үдеріс арқылы өздерінің шығармашылық әлеуетін жетілдіріп, пәндерінің сапасын көтеруге ынталы екендерін көрдім. Мен үшін жас болса да, мұғалімдердің оқу үдерісіне жаңалық керектігін, инновациялық өзгерістің қажеттілігін, үздіксіз білімді жетілдіру өмір бойы білім алу қажеттілігін түсінгендеріне қуандым. Себебі, өзгерістер енгізудің басты тұлғасы мұғалім. Мұғалім көзқарасы өзгерсе, ол оқыту үдерісне де өзгеріс енгізеді. Яғни, оқушының оқытудағы басты тұлға екенін және өзінің баяндаушы емес бағыттаушы қызметін атқару екенін түсінеді. Ата-аналармен қоғамдастық құруды ойлап едім, бірақ ойым жүзеге аспады. Себебі, күз мезгілі болғандықтан, ата-аналардың көбі үй шаруасымен айналысып, үйден шыға алмайды. Алдағы уақытта бұл жоспарымды жүзеге асырамын деп ойлаймын. Себебі, үштіктің (мұғалім-оқушы-ата-ана) тығыз байланыс жасап, ынтымақтастық, бірлескен іс-шараны жүзеге асырса ғана білім беру жүйесінде өзгеріс болуы мүмкін. Оқушының бағалау дағдысына ықпал етуге болады деп ойлаймын. Жоғарыда сауалнама қорытындысын айтқанда, бағалаудың дәстүрлі түрін көпшілігі қолданатыны айтылды. Соған байланысты мұғалімдер бағалаудың жаңа түрлерін білу керек қой деген ойға келдім. Дегенмен де, мұғалімдер мүлде бағалау түрлерін білмейді деген ойдан аулақпын. Өйткені, сабақтарға қатысқанда, мұғалімдер түрлі-түсті қағаздармен, бағалау парақтарымен бағалауды жүргізеді. Оқушылар өзін-өзі бағалауда біржақты <<жақсы айтты, жаман айтты, дұрыс айтқан жоқ>> деген сияқты бағалайды. Бұл өте қарапайым бағалау. Әйтсе де, даму бар деп айтуға болады.
Жоспарда мұғалімдерді бағалау түрлерімен таныстыру, түсіндіру мақсатында 3 коучинг және орта мерзімді тізбектелген сабақтар жоспарладым. Әрине, ол үшін мұғалімдерді бірінші мектепте екінші деңгей бағдарламасын оқыған мұғалім болмағандықтан коучинг, менторинг дегенеміз не деген сауалдарға жауап беру мақсатында коучинг сессия өткіздім. Осы коучинг сессиядан кейін төмендегідей тақырыпта коучингтер өткізу жоспарланды: <<Сындарлы оқыту теориясы>>. <<Оқыту үшін бағалау.Оқу үшін бағалау>>. <<Өзін-өзі бағалау түрлері>>. Бұл коучтерді өткізу барысында өзіме төмендегідей мақсаттарды қойдым: коуч пен қатысушылар арасында қолайлы психологиялық ахуал тудыру, сенімділік пен қолайлы жағдаят туғызу, қатысушы біліктілігін ашатын тапсырмаларды қолдану, коучинг-сабақтарға қатысушылардың өздігінен шешімдерді табу дағдыларын жетілдіру жағдайын қалыптастыру.
Бірінші коучинг: <<Коучинг пен менторинг дегенеміз не? тақырыбында және Бірінші деңгей бағдарламасының мақсат идеяларымен таныстыру үшін өзім өткіздім. Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін коучинг пен менторинг өткізу. Мұғалімдерді коучинг пен менторингтің айырмашылығын анықтау. Коучинг пен менторинг арқылы адам өзінің тың қабілеттерін дамытады. Мұғалімдер тақырып бойынша постерлер мен Венн диаграммасын жасап, спикерлер қорғайды. Коучинг сабақтың қорытындысы ретінде мұғалімдер бұл үрдістің қажеттілігін түсінеді деп ойлаймын.
Құрылған фокус топ екінші аптадан бастап коучинг пен менторинг жүргізеді Ол үшін мен, көшбасшы ретінде 2 деңгей бағдарламасын өтіп келген Жалтыр орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Жаныгулова Анар Қайркенқызының көмегіне жүгінемін. Коуч: <<Сындарлы оқыту теориясы>> тақырыбында коучинг сабақ өткізеді. Мақсаты: Мұғалімдерді сындарлы оқыту теориясы мен стратегияларымен таныстыру. Бұл коучингте мұғалімдер сындарлы оқыту дегенеміз не, сын тұрғысынан ойлау технологиясынан айырмашылығы жайлы, сабақта қолдануға болатын әдіс-тәсілдер мен топқа бөліну әдістерімен, Блум таксономиясы қағидаттарымен танысады. Себебі, мұғалімдер коучинг барысында тың мәліметтер алу керек. Сабақты қалай ұйымдастыру керектігін, сабақтағы басты тұлға оқушы екенінін, мұғалімнің ролі баяндаушы емес, бағыттаушы екенін түсіну. Қазіргі кезде 21 ғасыр оқушысын техниканың дамыған заманында дәстүрлі оқыту мүмкін еместігіне көз жеткізу. Топқа бөлу әдістерін меңгерту арқылы оқушыларды бірі-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бірлескен оқытудың әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық мақсаттары жүзеге асатынын біледі. Оқушы өмірде кездесетін проблемаларды шешуге бағытталған тәсіл. Оқушы бойында сыни тұрғыда ойлана отырып, сын тұрғысынан бағалауды желтілдіру керек.
<<Оқыту үшін бағалау. Оқу үшін бағалау>> коучингісін жоспарлағанда оқыту мен оқуды жетілдіру үшін бағалау (жиынтық және формативтік) тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсеткім келді. Себебі, мұғалімдер сабақта тек 5 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Оқушыны бұлай бағалау, оның білім деңгейін әділ, әрі сын тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермейді.
<<Бағалау>> термині жақын отыру дегенді білдіреді.(Бірінші деңгей мұғалімдерге арналған нұсқайлық) Өйткені бір адам екінші адамға оның іс әрекетіне, басқа да жағдайаттарға баға беру керек екен. Ол бағалау формативті бағалау деп аталады. Оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды роль атқарады. Бұрын бағалауды тек мұғалім жасады, сондықтан бір оқушыларда үрей туғызсса, кейбір оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Оларға өз білімдерін бағалау қызығушылық туғызады. Оқушылар өздерінің іс әрекетіне бағалау жасап, бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның дұрыс, дұрыс - бұрысына пікір айтып, білімдерін толықтырып өза-ара ынтымақтастықтарын нығайтады. Мұғалімдер коучингте оқушыларды бағалауға өз - өздерін, бір - бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Коучинг барысында бағалау үдерісінің сабақтағы маңызы жөнінде түсніктері кеңейеді деп түйдім. Үшінші коучингттің <<Өзін-өзі бағалау түрлері>> деп алуымның себебі мұғалімдер өзін-өзі бағалаудың оқушының сындарлы ойлауына және білім сапасын көтеруге қаншалықты ықпал ететінін түсінсе деген ой. Бұл коучинте сындарлы оқытудың өзін-өзі бағалау түрлерімен таныстыруды жоспарладым. Оқушылардың өз-өзін бағалауын, ерік- жігерін, күш - қуатын саналы түрде арттырудың жолы ретінде түсіну. Бағалау басқаша айтқанда мақсатқа жетудің негізгі жолы.
Менторлармен кездесу кезінде олардың ментилерге 7 модульді түсіндіріп, сабақта олардың әрқайсысының маңызы барын мейілнше түсіндіру жүргізу керектігін ойландым. Себебі, сабақта ғылым мен техниканың дамыған кезінде оқушы АКТ технологияларын білу керек. Сабақта ноутбук, интернет, электрондық оқулықтар, интербелсенді тақта, мультимедиялық кабинет мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Оқушы өмірде осы құралдармен бетпе-бет кездескенде оны құрбыларынан қалыспай пайдалана білуі шарт.
Әрине, кез- келген жаңалықты іске асыруда кедергілерде болады. Мысалы, педагогикалық ұжымның өзгерістерді қабылдау деңгейі әртүрлі. Кейбірі құлшыныспен, үлкен ыждахатпен қабылдаса, кейбірі зейнеткерлікке шығамын, жасым болса келді немесе мен әлі жаспын, жас маманмын бұның маған қажеттілігі жоқ дептоырғандан. Біреулері мен әлі асықпаймын деп алыстан бақылап отырғандар. Осындай мұғалімдермен күндегілік әңгімелесу, диалогқа түсу, ынталандыру арқылы бұл жұмысқа тартуды жоспарлап отырмын. Кейде ондай мұғалімдерге оқушылар ақылы да әсер етуге болады деп ойлаймын. Мысалы, оның сабағын мен өткізіп, жеті модуль қағидаттарына сүйеніп, оқушылардың қызығушылығын арттырып өткізу керек деп ойлаймын. Сонда екінші сабақты дәстүрлі өткізіп тұрған мұғалімге ертең оқушылар кешегі сабақтың қызықты болғанын, сол сабақтағы әдіс-тәсілдерді қолданып өткізіңіз десе, мұғалім оқушылар алдында ұялып өзі өзгерістің қажеттілігін түсінеді деп ойлаймын.
Орта мерзімді сабақтарды өткізгеннен кейін, SWOT бойынша сабақты талдау ойымда бар. Себебі, бірінші сабақта болған кемшіліктер екінші сабақта қайталанбау керек. Біз сапалы білім беруге ынталануымыз қажет деп ойлаймын. Әр сабағымызда оқушыда болған өзгерістерді бақылап, рефлексивтік есеп беру қажет.
Қорытындылай келе, баяндалған жоспарымды жүзеге асыруда тыңғылықты жұмыс істеуді ойлаймын. Сонымен қатар, фокус тобыммен бірлесіп нәтижелі жұмыс істеу керек. Себебі, бұл жұмыс тыңғылықты орындалса, оқушының өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Мұғалімді жаңа технологияларды меңгеруге ынталандырамыз. Өз жұмысының нәтижесін көруге қызықтырамыз. Егерде мұғалім өзі топта жұмыс істеп үйренсе, онда ол оқушыны да үйретеді. Ментор мен ментидің қоғамдастығының іс-әрекеті нәтижелі, сапалы болса, олар әрі қарай жұмыс істеуге ынталанса деп ойлаймын.
Педагогикалық ұжымның сұранысын айқындап жасалған даму жоспарын жүзеге асыру бұл 1 деңгей бағдарламсының мақсатын орындауға қосқан кішкентай да болса үлесім болатынына қуаныштымын. Бұрыннан қалыптасып келе жатқан таптауырын болған ұстанымдарды өзгерту, әр оқушының, әр мұғалімнің, әр ата-ананың сұранысына оң әсер етсе, онда жоспар мен мақсаттың орындалғаны. Келесі кезекте жоспарды орындау міндеті тұр. Осы жоспарымды жүзеге сырсам төмендегідей нәтижеге жетемін бе деген ойдамын: Мұғалім үшін: Сабақ кезеңдерінде бағалаудың түрлерін, қалай бағалау және не үшін бағалану керектігін түсініп қолданады. Қолданған технологиясының дұрыс таңдағанын бағалай алады. Баяндаушы емес, бағыттаушы екенін түсінеді. Сабақта басты тұлға оқушы екенін түсінеді.
Оқушы үшін: Өзін-өзі формативті, сыни тұрғыда, жұпта, топта әртүрлі формаларда әділ бағалауға талпынады.Іс-әрекетін- реттейді.Қарым-қатынас жасайды. Ынтымақтастық орта қалыптастырады. Білімге деген құлшынысы артады. Оқуға деген қызығушылығы артады. Мектеп үшін: әкімшілік пен мұғалімдердің ынтымақтастығы артады; ата-аналар қолдауы болады; білім сапасын арттыруға қадам жасалады.
Болашақта, мұғалімдерге Lesson study тәсілін үйреткім келеді. Себебі, іс-әрекеттің дұрыстығын талдау үшін өте тиімді әдіс екенін мұғалімдер білсе екен деймін. Сабақтың сапасын арттыруда маңызды шара екен. Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты дамытатын бірден-бір жол. Бұл әдіс жүзеге асса, мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау қабілеті одан ары дамиды деп түсінемін. Кәсиби әңгіме арқылы өздерінің шеберліктерін арттырса деген ойдамын. Жоспарым орындалса, мектебім мен оқушыларды сапалы білімге бір табан болсын жақындаттақыным деп ұғамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 1-деңгей екінші басылым, Кембридж университеті- <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>> ДББҰ, 7-27-бет.

Ұқсас жұмыстар
Қалыптастырушы бағалау әдістері
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Әдеби тіл және мәтін
Халық ауыз әдебиеті туралы
Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Әріптестерді бағалау
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?
Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау
Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс
Критериалды бағалаудың міндеттері
Пәндер