Біздің ел - Қазақстан, болашағы - Жас Ұлан: Шақаман орта мектебінің Жас Ұлан ұйымына қабылдау рәсімінің бағдарламасы (14 желтоқсан 2016 ж.)

«Біздің ел - Қазақстан, болашағы - Жас Ұлан» патриоттық жиынының бағдарламасы

Күні: 14 желтоқсан 2016 жыл

Уақыты: 12:00

Өтетін орны: мәжіліс залы

АӘД пәнінің мұғалімі Шакабаев Н. Н: Сап түзел, тік тұр!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын!

/ҚР Әнұран/

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар! Біз бүгін салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:
Қазақстан туған Отан, алтын бақ,
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан көпті көрген қария,
Қазақстан мейірбанды жерім қымбат.
Тауымыз бар тәңір татқан шынымен,
Ұл қызым бар даламыз бар кенінен.
Алдарына басымды иіп өр халқым,
Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!
1-жүргізуші:
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің, бейбітшілдік пен жасампаздықтың 25 жылы баршанызды осы айтулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып «Біздің ел - Қазақстан, болашағы - Жас Ұлан» атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етініздер.
2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысушыларымыз:
1. Мектеп директоры- Шакабаев Қайрат Нұрғалиевич

2. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары - Муканова Гульнар Тургалиевна және қонағымыз Достық ауылдық округінің әкімі- Жарликенов Нұркен Хусатаевич.

1- жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.

2 жүргізуші: Олай болса ортамызға республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушыларды шақырамыз.

/ «Атамекен» әнінің музыкасымен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар саппен кіреді. Белгіленген орынға келіп тұрады. /

1-жүргізуші: 2 «а» сынып оқушылары Буданова Іңкәр, Мухамедрахимова Амина, Рымбек Абылай, Сериков Жасұлан, 3 «ә» сынып оқушылары Сорока Карина, Хайсин Сырым, 3 «а» сынып оқушылары Бейсенов Бекзат, Бейсенов Ерзат, Құнапия Нурали, Серікқали Гүлнұр, Шайзадин Адалжан, 4 «а» сынып оқушылары Жумабекова Камилла, Қаленова Үміт, Елемесова Мөлдір, Мукашева Анель, Ерболатова Тоты, , 5 «а» сынып оқушылары Қадылғазы Ақтолқын, Айджанова Алина, 5 «ә» сынып оқушылары Тоқтасынов Арсен, Төкенов Еркебұлан, 6 «а» сынып оқушылары Әлімғазықызы Аружан, Быжиков Рамазан, Ануаров Шалқар, 7 «а» сынып оқушысы Тұрсымбеков Бислан, 8 «а» сынып оқушысы Нұғманова Анель.
2-жүргізуші:

Білімді-көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!

Ұланбасы: Ұйым түзел, тік тұр!

Ұланбасы: Құрметті Қайрат Нургалиевич! Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына Шақаман орта мектебінің оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіз!
Директор: Рұқсат етіледі
Ұланбасы: «Жас Ұлан» ұйымының қатарына кіруге дайынсыңдар ма?
Оқушылар: Дайынбыз!
Ұланбасы: «Біздің ұран»
Оқушылар: «Қазақстан - Нұрсұлтан - Жас Ұлан» - 3 рет.

Ұланбасы: Ант қабылдансын!
Оқушылар:

Біз - Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным -Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

БАРЛЫҒЫ БІРГЕ: АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар және ұстаздар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Ұланбасы: «Ұйым түзел, тік тұр!»

/«Жас Ұлан» әнұраны орындалады/

1 жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі құрметті қонақтарымызға беріледі.

/Музыкалық номер/

2-жүргізуші: Құрметті «Жас ұлан» ұйымының мүшелері! «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматы болуға тілектеспіз. Мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Пятимар мектебінің Жас Ұлан ұйымына қабылдау, ұлан басшысын сайлау және мерекелік іс-шаралар бағдарламасы
Нагорный орта мектебінің Бірыңғай Жас Ұлан ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны
Новоишим қазақ орта мектebінің Тұңғыш Президент күніне арналған Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымдарына оқушыларды қабылдау салтанатты сценарийі, 2014-2015 оқу жылы
№123 Темірбек Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің Тәуелсіз елдің ұландары Тәуелсіздік күні концерті мен Жас ұлан ұйымына қабылдау салтанатының сценарийі (2015-2016 оқу жылы)
Мойынқұм ауылы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиядағы 30 сәуір 2012 жылғы Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатының сценарийі
Жас ұлан әскери-патриоттық сайысын ұйымдастыру және өткізу жоспары
Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлау алдындағы жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері мен тиімділігі
Қаратау технология, білім және бизнес колледжіндегі Жас ұлан әскери-патриоттық ойынының өткізу бағдарламасы (7 мамыр 2011)
Ән-күйсіз көңіл-күңгірт, өмір бұлдыр: 6-сыныпта интерактивті ән-күй сабағы (С. Нұмағамбетов атындағы Жас ұлан мектебі, Астана, 2010)
Еңбекші орта мектебінің Жас эколог үйірмесінің 34 сағаттық күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz