Түрлі түсті әуе шарлары - мектепке дейінгі шығармашылық және танымдық іс-әрекет жоспары

Тақырыбы: « Түрлі түсті әуе шарлары »
Әуе шарлар күні
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным .
Бөлімдері: Жапсыру. Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Шарлар туралы түсінік беру. Шарларды түр-түсіне қарай араластыра тізбектеуге үйрету. Көргендерін есте сақтап, қиылған шарларды дұрыс орналастыруға, түстерді ажырата білуге қабілеттерін дамыту. Саусақтыңұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайрымдылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік құрауыш: Шар-шары, әртүрлі-разный, мереке-праздник
Шаттық шеңбері:
-Балалар бүгін бізде мереке, қолұстасып бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.
Балалар шеңбер жасап бір-біріне
Күлімсірейді.
-Ұшамын мерекеде қалықтап,
Қолың жетсе алып бақ.
Қызыл, жасыл түсім бар,
Соңымнан кәне ұшыңдар.
Осы кезде қалықтап түрлі-түсті шарлар ұшып келеді.
-Балалар мерекеге барғанда қолымызға не аламыз?
Мен сендерге шар турулы өлең оқып берейін:
Сыйға берді шарлар
Өткен жақын жандар.
Қызыл, жасыл шарлар,
Әркім өзі таңдар.
Жоғары көтеріп,
Ұшырдық аспанға.
Шарлар секіріп,
Биледі аспанда.
-Балалар өлең не туралы екен?
-Дұрыс шарлар. Шарды біз мерекелерде ұстаймыз.
-Келіңдер мына шарларды түсіне қарай топтастырайық?
-Шарлар өте көп түрлі - түсті, олар өте көңілді. Шармен ойнағанда көңілді боламыз.
«Шарды алысқа ұшыр» ойыны
Балаларға ойынның шартын түсіндіру.
-Тыныс алу жаттығуы «Шарды үрле»
-Балалар саусақтарымызды аузымызға апарып, ауыздан дем шығарамыз. Міне былай уф-уф-уф.
Шар үлкен болды. Қолды ұрғылаймыз бух-шар жарылды.
-Балалар мына үстел үстіндегі қағаздармен жұмыс жасайық. Түрлі - түсті шар бейнесіндегі қағаздарды, қағаз бетіне орналастырайық?
Балалар ұшып келген шарларды тамашалайды.
Түрлі-түсті шар аламыз.
Шарлар туралы өлең
Балалар шарларды түсіне қарай топтастырады.
Ойнау арқылы балалар шарды ұшырады, өздері көңілді.
Шарды дем шығару арқылы демде үрлеп, ұрғылап жарады
Балалар түрлі-түсті қағаздардан шардың бейнесін құрастырады
-Міне бізде көңілді шарлар пайда болды.
-Кім қандай түсті таңдады екен көрейік.
-Ал енді достарымыздың көңілді шарларын тамашалайық.
-Балалар сандерге шарлармен ойнаған ұнадыма?
-Сендер бүгін сондай ақылды, епті болғандарың үшін әуе шарлары сендерге сыйлық жолдапты ашып көрейік, не бар екен?
-Қараңдаршы бұл тәттілерғой.
-Әуе шарларына рахмет айтайық.
-Балалар бүгін біз немен ойнадық?
-Олай болса өздеріңе ұнаған шарларды алып ойнауларыңа болады.
Балалар қуана тамашалайды, өздеріне ұнаған шарларды таңдайды.
Иа ұнайды.
Балалар әуе шарларының жіберген сыйлығын ашып, тәтілерді қуна алады. Әуе шарларына рахмет айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мерекелерде шар устауды.
Меңгереді: Балалар түрлі-түсті қағаздардан шардың бейнесін құрастыруды.
Жасай алады: Шарларды саусақтың ұшымен ұстап уф-уф-уф деп үрлеп жарады.