Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отбасы мүшелері

Сабақтың тақырыбы: <<Ертегілер әлемінде>>
Сабақтың мақсаты: Балалардың ертегі туралы түсініктерін кеңейту.
Үйшік ертегісімен таныстыру.Ертегіні сахналау
барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп,
көрініс
көрсете білуге үйрету
Түзету мақсаты : Түрлі тапсырмалар арқылы есте сақтау,
қабілеттерін дамыту.Ертегіні түсіндіру арқылы
ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: үйшік, слайд, аңдардың суреттері.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
- Балалармен амандасу.
- Көңіл- күйлерін сұрау.
ІІ Жаңа сабақ

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін алдымен жұмбақ шешулеріңіз керек.
Жұмбақ шешуге дайынсыңдарма?

Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты
Мысығы келмеген соң
Ол өкпелеп қалыпты
Бұл қай ертегі? (Мақта қыз бен мысық)
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады
Бұл қай ертегі? (Шалқан)
Апасынан қашып кетті
Атасынана қашып кетті
Кездестіріп біраз аңды
Біраз жолдан асып кетті
Бұл қай ертегі? (Бауырсақ)
Кішкене қыз орманға,
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып барады.(Қызыл Телпек)

-Иә, балалар сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.
Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы <<Ертегілер әлемінде>> деп аталады.
Ал балалар тағы қандай ертегі білесіңдер?

Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай үйшік тұрыпты. Бірде оның қасынан өтіп бара жатырған тышқан көреді.
1- тапсырма
Сандарды тура және кері санау

Біраз уақыттан кейін үйшіктін жанына бақылдауық бақа келеді.
Бақа: Сүп- сүйкімді, кіп - кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
2 - тапсырма <<Жасырынған суреттерді тап>> (Исатай)
Шарты: Берілген суреттің ішінен жасырыңған 3 суретті табу керек.
Бақа секіріп үйшікке кіреді.Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: Сүп- сүйкімді, кіп - кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.

3- тапсырма
<<Жабайы аңдар мен үй жануарларын ажырату>>
Қоянда үйшікке кіреді.Осылай үшеуі бірге өмір сүреді.Алыстан үйшікті түлкі көріп, ақырын басып жақын келіп, терезені қағады.
Түлкі: Сүп- сүйкімді, кіп - кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
4- тапсырма
<<Көршілес санды тап>>
Үйшіктен түлкіге де орын табылады.Достар енді төртеу болады.
Үйшікке алақ - жұлақ қарап қасқырда жетеді.Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен.
Қасқыр: Сүп- сүйкімді, кіп - кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
5 - тапсырма
<<Жасырынған әріпті тап>>
Шарты: Берілген ақ қағазды өзіне ұнаған түспен бояу арқылы астында жасырылған әріпті тауып, атау.
Әйтседе кіп- кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып тату - тәтті өмір сүреді.
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді.
Аю үйшікті көріп тоқтап.
Аю: Сүп- сүйкімді, кіп - кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
6- тапсырма
<<Ойлан тап>>
Муляж ішінен жемістерді тауып, атауын ата.
Осылайша достар сүп- сүйкімді, кіп - кішкентай үйшікте тату тәтті өмір сүреді.
III. Қорытынды:
Балалар бүгін қандай ертегіні рөлге бөліп ойнадық?
Үйшікке кім бірінші кірген?
Сонымен оқушылар сабақ сендерге ұнадыма?
Сабақ аяқталды, сау болыңдар.

Сабақтың тақырыбы: Отбасы
Сабақтың мақсаты: Баланың отбасы туралы түсінігін кеңейту.
Отбасы мүшелерін анық атауға үйрету.
Түзеу мақсаты: Ойлау, көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері, шалқан ертегісі, слайд
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу
Назарларын сабаққа аудару
II. Қайталау сабағы
Балалар қазір мен сендерге суреттер көрсетемін.Сол суретте кімдер бейнеленгенің айтындаршы.
Ата, әже, әке, ана, апа,бала
Бұларды бір сөзбен кімдер деп атаймыз?
Отбасы мүшелері
Жарайсыңдар балалар!
Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы <<Отбасы>> деп аталады. Бүгін біздер <<Шалқан>> ертегі желісімен отбасы тақырыбына байланысты әртүрлі тапсырмалар орындаймыз.
Тапсырма орындауға дайынсыңдарма?
Ертеде бір атай болыпты. Атай шалқан егіпті. Шалқан үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып тартса, шалқанды тартып суыра алмапты. Атай көмекке әжейді шақырады.
1 - тапсырма. (Әжейдің тапсырмасы) Отбасы мүшелерін дұрыс орналастыр.
Шарты: Үйдің үлкенінен бастап отбасы мүшелерін рет- ретімен орналастыру.
Ата, әже, әке, ана, қыз, іні
Әжей атайдың белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады бірақ тарта алмайды. Әжей көмекке қызын шақырады.
2 - тапсырма: (Қыздың тапсырмасы) <<Кім жоғалды?>> ойыны
Шарты: Тақтаға отбасы мүшелерінің суреттері ілінеді. Мұғалім бір отбасы мүшесін жасырып тастайды. Ал балалар жоғалған суретті тауып, кім жоғалғаның атау керек.
Қыз әжейдің белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Қыз көмекке күшікті шақырады.
3 - тапсырма (күшіктің тапсырмасы)
Саусақ жаттығуы
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым - атам
Балан үйрек - әжем
Ортан терек - әкем
Шылдыр шүмек - анам
Титтей бөбек - өзім
Бір үйде біз бесеуміз
Күшік қыздың белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Күшік көмекке мысықты шақырады.
4 - тапсырма (мысықтың тапсырмасы) <<Кімге не қажет?>>
Шарты: Отбасы мүшелерін қажет заттарды тауып сәйкестендіріп атау
Атаға - көзілдірік, газет, әжеге - жіп, қайшы, орамал, әкеге - балға, шеге, қысқыш, анаға - алжапқыш, ыдыс, апаға - кітап, компьютер,қалам, балаға - машина, доп.
Мысық күшіктін белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Мысық көмекке тышқанды шақырады.
5 - тапсырма (тышқанның тапсырмасы)
Балалар бізге енді тышқан келе жатыр. Тышқанның тапсырмасын орындау үшін <<Шалқан>> ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыруымыз керек.
III. Қорытынды:
Балалар бүгінгі <<Шалқан>> ертегісі ұнадыма?
Сабақ аяқталды, сау болыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Менің отбасым Таным
Сызба бойынша отбасы мүшелері туралы түсіндіру
"әкем, шешем және мен" отбасылық спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар - Дене тәрбиесі
Отбасы мүшелерінің суреттері
Отбасы қоғам мүшелері екендігін ұғындыру
Менің қонақ бөлмесі
Менің отбасым
Отбасы жарастығы. 5 сынып
Тәрбие тал бесіктен басталады. 9 сынып
Пәндер