Екі жұлдыз отбасылық ән сайысының сценарийі

Тақырыбы: «Екі жұлдыз» отбасылық сайыс Мақсаты: Оқушы мен ата-аналардың ән деген қызығушылығын арттыру, отбасылық қарым-қатынастарын байқау. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: шар, слайд, эмблема,

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жарысқа қатысушыларға жиребе суырғызу.

Ата-аналарға лоторея билеттер үлестіру.

Сайыс мазмұнымен қысқаша таныстыру.

ІІ. Сайыс барысы:

1. жүргізуші :Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар, бүгінгі «Екі жұлдыз»отбасылық байқауға қош келдіңіздер! Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі - бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз - қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты». деп.

Құттықтау сөз кабинетіміздің меңгерушісі Светлана Бахтыгалиевнаға береміз.

2. жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға .

Байқауға қатысушыларды шақырамыз,

«Екі жұлдыз» отбасылық байқауға 6 жұп қатысқалы тұр. Олар өздерінің дайындап әкелген өнерлерін ортаға салады.

1жұп:Динара Ғазезова мен баласы Қуанышқалиев Эльдар.

2жұп:Нұргүл Қошқарбаева мен қызы Сейтжан

3жұп: Ерқанат Оналиев пен қарындасы Джумагалиева Айнара

4жұп: Эльмира Муфтиева мен сіңілсі Муфтиева Гульмира

1. жүргізуші: Енді сіздерді бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

  1. Кабинет меңгерушісі: С. Бахтыгалиевана
  2. Кабинет камитеті :А. Есенболатовна
  3. Кабинетіміздің ата-анасы :Ж. Габбасова

2. жүргізуші : «Ана, ағып жатқан бұлақ, бала жағадағы құрақ» деген нақыл бар халық даналығында. Ана туралы айтылмаған ән, жазылмаған жыр, тартылмаған күй жоқ шығар. Алдарыңызда «Айналайын мама» әнімен

Үнемі «Балапаным» деп жүретін,

Айналып, «күнім»дейді еркелетіп.

Динара Ғазезова алдарыңызда

Қуанышқалиев Эльдар әнші балаңызбен ортаға шақырамыз.

1жүргізуші : «Әке- асқар тау, ана-бауырында ағып жатқан бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» дейді халық даналығы. Ендеше, қазіргі жұлдызды жұптарымыздың шырқалар әндері әкелер жайында болмақ. Ортада «Әкешім» әнімен

Мейірімімен балаларды үйіре білген,

Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.

Нүргүл Қошқарбаеваны біз қарсы алайық,

Кішкентай Диана атты қызыменен

2. жүргізуші : «Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей- деп кабинетіміздің кішкентай әншісі: Ғаллемов Исатайды «Балапан» әнімен қарсы алайық.

1жүргізуші: Болашақ еліміздің патриоттарын тәрбиелеу-бүгінгі күн талабы.

Қазіргі орындалатын ән осы жайында болмақ. «Ел қорғауға әзірміз» әнімен ортаға

Жасы егде тартса да білінбеген

Мейірлене шәкіртіне күлімдеген.

Айнара Джумагалиева ортамызда,

Өзі әнші, өнерлі ағасы Ерқанат Оналиев

2. жүргізуші : Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеуге келген Эльмира Муфтиева менсіңілсі

Гүлмираны ортаға шақырайық.

1жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар

1жүргізуші: «Баламды танып білем бе?»

Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан ата - аналар жеке - жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.

2. жүргізуші: Мына киелі сахнаның орны бөлек. Мұнда кез - келген адам шыға бермейді. Тек «ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына шыққанда ұялмайтын, арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар, талантты, әрі өнерпаз адамдар ғана шығады. Сондай талантты жұптарымыздың бірі:

1жүргізуші: Қазір ата-аналар лоторея билетін ойнатамыз. Мұқият билеттерге қарауларыңыз сұралады.

2. жүргізуші: Маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы байқауға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймын.

Жүргізуші -1 Рас айтасың, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болмайды. Ондай болса, осымен Екі жұлдыз байқауы аяқталды деп жариялап және қазылар алқасының бір ауыз сөзін тыңдайық. (Қазылар алқасы өз пікірлерін айтады)

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

  1. «Ең үздік дауыс»
  2. «Жарасымды жұп»
  3. Комедиялық жұп
  4. Лирикалық жұп
  5. Талантты жұп
  6. Биші жұп
  7. Ең әдемі жұп

Ән: Орындайтын Ж. Құрманғазыұлы.

1жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен - үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе екі жұлдыз отбасылық байқауды і аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Екі жұлдыз ән жобасының үш кезеңдік сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
10-сыныпқа арналған Екі жұлдыз математикалық интеллектуалдық шоуының сценарийі
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің Екі жұлдыз ән байқауы сценарийі (2012-2013 оқу жылы, Ұстаз - ұлы тұлға класс жетекшілер апталығы)
Әкем, шешем және мен отбасылық спорттық сайысының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Анашым-ақылшым мектепішілік отбасылық өнер сайысының сценарийі
Балабақшадағы Мен және менің отбасым отбасылық-мәдени сайысының сценарийі
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ: отбасылық бағыттағы бастауыш сынып сайысының сценарийі
Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің математика, физика және информатика пәндері бойынша Екі жұлдыз апталық білім-өнер сайысының қорытынды кеші
БҚО Орал қаласы №27 Жігер балабақшасының Қазақ тілін білемін отбасылық сайысының сценарийі
Ән - көңілдің ажары атты ән байқауының сценарийі және ұйымдастыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz