Математика сабағында жаңартылған оқу жүйесі мен Блум таксономиясын қолдану: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сабақ жоспары

Омарова Р. К.
№27 жалпы білім беретін орта мектебі, Сәтбаев қаласы
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдер: бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегияларын қолдану.
Математика сабағында Блум таксономиясы кеңінен қолданылып келеді. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Блум таксономиясының жеті модульін пайдаланып оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтіледі. Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Бұл технологияда оқушылар жеке, жұппен, топпен өз ойларын балалар алдында айта алады. Сабақты бастамас бұрын психологиялық ахуал туғызып «Жүрек жылуы» тренингтер өткіземін. Бір-біріне ыстық жүрек жылуы тілектерін білдіреді. Міне, осы технологияларды пайдалана отырып 6 А сыныбында өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Білу
Қызығушылығын ояту