Тікбұрышты үшбұрыштарды синус, косинус, тангенс және Пифагор теоремасы арқылы есептеу (бекіту сабағы)

Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрышты шешу.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың тікбұрышты үшбұрыштың синус, косинус, тангенстің анықтамасын, бұрыштар мен қабырғалар арасындағы қатыстарды пайдаланып, Пифагор теоремасын қолданып тікбұрышты үшбұрыштарды шешу.
- Тікбұрышты үшбұрыштың бұрышын, қабырғаларын есептеуге арналған формула, анықтама, теоремаларды есептеуге қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
- Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, шыдамдылыққа, өз бетінше еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Бекіту сабағы.
Сабақ әдісі: топтық
Көрнекілігі: сызбалар, формулалар, кестелер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Біз не білеміз: (сұрақ-жауап) .
ІV. Тест жұмысы.
V. Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. (Есептер шығару: №189, №190, №192. )
VI. Сергіту сәті: “ Адам есімінің түстері ”
VII. “Білім-өмірге, өнер-баршаға” Сызбамен жұмыс: (деңгейлік есептер)
VIIІ. “Өнерлі өрге жүзеді”: (шығармашылық жұмыс)
IX. Қорытындылау.
Х. Үйге тапсырма.
ХІ. Бағалау (рефлексия)
І. Ұйымдастыру кезеңі. топқа бөлу, көңіл күй, бағалау парағын үлестіру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 191 (4)
∆АВС -т. б. ∆. Шешуі: В
ВС=а
<В=β Д
Т/к: ВД
а
С А
ІІІ. Біз не білеміз? (сұрақ-жауап) .
- Пифагор теоремасы?
- Тікбұрышты үшбұрыш деп қандай үшбұрышты айтамыз?
- Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері?
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп нені айтамыз?
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп нені айтамыз?
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангесі деп нені айтамыз?
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангесі деп нені айтамыз?
IV. Тест жұмысы:
Жауабы:
V. “Бар нәрсеге білім қол жеткізеді”: Есеп шығару №189, №190, №192.
VI. Сергіту сәті: “Адам есімінің түстері” тренингі
Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.
Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, парақшаға өзі қалаған кез - келген үшбұрыштың түрін салады.
Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.
Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл - ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар
Сары - ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк - мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар
Тікбұрышты үшбұрыш - мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш - құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
Тең қабырғалы үшбұрыш - сыпайы болуға ұмтылатын жандар
VII. “Білім-өмірге, өнер-баршаға”: Сызбамен жұмыс. Топтар әртүрлі үшбұрыштарменжұмыс жасайды.
VIII. “Өнерлі өрге жүзеді”: Практикалық жұмыс (шығармашылық жұмыстар) .
Ордың еңкіштік бұрышын табу керек.
IX. Қорытындылау: (инсерт картасы) .
Х. Үйге тапсырма: № 193.
ХІ. Бағалау. (рефлекция) .