Абайдың 38-қара сөзі контексінде жомарттықтың философиялық және тарихи-әлеуметтік мәні

Жомарттық, жауанмәрттілік - адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл) . Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық - осы жолға бастайтын қасиет. Жомарттық әлем халықтары түсінігіндегі меценаттық ұғымымен мәндес. Ежелгі Грекияда Август патша кезінде өмір сүріп, ақындарға ұдайы қамқорлық жасаған Меценат (б. з. б. 74/64 - 8 жыл) есімді адамның құрметіне әлем мәдениеті тарихында меценаттық дәстүр қалыптасқан. Бүгінгі күнгі қазақ ұғымында мұндай іс демеушілік деп те аталады. Бұл түсініктегі Жомарттық - қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Қайырымдылық - Жомарттың негізгі өзегі. Өзін өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық Жомарттыққа жатпайды. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтайды. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек. Сондықтан да Жомарттық жасау рухсыз адамның қолынан келмейді. Біріншіден, ізгі іс биік рухты талап етеді. Екіншіден, жомарт жан қолындағы байлықты тек таратып беруші ғана емес, сол байлықты жасаушы да болғаны жөн. Барды үлестіріп беру үшін барлықтың мәнін түсіну керек. Олай болмаған іс Жомарттық болмай, Абай айтқандай, тектен-текке “мал шашпақ” болады. Атақ үшін “мал шашу” - даңғазалық, айлакерлік. Бұл Жомарттықтың философиялық мәніне кереғар, қайшы келеді. Үшіншіден, жомарт жан - байлықты дәулетке айналдыра алатын дана адам. Байлық дәулетке айналмай ізгілік жоқ. Қзгілік жасау рух қуатын талап етеді. Ел билеуде жомарт пен Жомарттықтың маңызы зор. Жомарт адам билікке келсе, халық ырысты болмақ. Платонның елді философ билеуі керек дегені - елді жомарт жан басқаруы керек дегені. Кең далада өмір сүрген қазақ халқының Жомартықты ерекше қастерлеуі көшпелі тұрмыс-тіршілігімен байланысты қалыптасқан. Бір шетінен бір шетіне айлап жүріп жететін кең аймақта бүгінгідей қонақүйлер, мейрамханалар болмағанымен, “әр қазақтың үйінде әр қазақтың сыбағасы сақтаулы тұрды”. Осыған байланысты халық Кеңпейі

пен жом

лділік

арттық

Жомарт бергенін

айтпас «ер айтқанынан қайтпас» деген

қазақ мақалы

Абайдың 38-қара сөзінде жомарттықтың үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл) .

Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат

мағлұм болмақ

Егер сен жомарт адамдар

сияқты халқыңа қызмететуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың

не екенін және оның қайдан шығатынын білгін.

Кабуснамадан


Ұқсас жұмыстар
4 сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы: Абайдың 38 қара сөзі және адамгершілік тәрбиесі
Абай Құнанбайұлының 38 қара сөзі бойынша қазақ әдебиеті сабақ жоспары
7-сынып әдебиеті: Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі бойынша сабақ жоспары
8-сынып әдебиеті: Абайдың Он жетінші қара сөзі бойынша сабақ жоспары
Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі: мақал-мәтел арқылы сыни ойлауды дамыту
Абайдың отыз сегізінші қарасөзі: философиялық-әдеби талдауға арналған ашық сабақ
Менталитет ұғымының әлеуметтік-философиялық мәні: батыс пен шығыс парадигмалары, көшпелілер мен қазақ контексті
6-сынып әдебиет сабағы: Абай Құнанбаевтың 31-қара сөзі бойынша сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Абай Құнанбайұлының Отыз бірінші қара сөзі бойынша сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Абайдың қара сөздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz