Ұстаздықтың мәні мен кәсіби-тәрбиелік талаптары

Эссе

Ұстаз - ұлағатты ұғым

Ұстаз . . . Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.

Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап отырса керек.
Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес.

Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек. Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен, яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.

Ұстаз білім беруші ғана емес, ол- адамдықтың, мәдениеттіліктің, адалдықтың үлгісі. Ұстаз мәртебесі қашан да биік. Өйткені, ұстаз жүрегі теңізден де терең, тек ұстаз ғана сенің бойыңа жылылық пен ізгілік нұрын себе алады. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқу үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: С. А. Альназирова


Ұқсас жұмыстар
Ұстаздықтың тәрбиелік-оқытушылық негіздері мен практикалық тәжірибесі
Мұғалімнің рөлі мен кәсіби-адамгершілік талаптары
Ұстаз тұлғасының кәсіби талаптары мен үздіксіз даму қажеттілігі
Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігі мен тәрбиелік рөлі
Қазақ тілі мұғалімінің ХХІ ғасырдағы кәсіби-педагогикалық талаптары
Жаңа мектепке қазіргі заман мұғалімінің рөлі мен кәсіби талаптары
Шешендік сөздің тәрбиелік мәні мен оқыту әдістері
Тәрбие сағаты: Қазақтың ырымы мен тыйымдарының тәрбиелік мәні
Ұлттық ойындар - халық қазынасы: тәрбиелік мәні мен түрлері
12 жылдық жалпы орта білімге көшу: мұғалімнің кәсіби рөлі мен дайындық талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz