Арқалық политехникалық колледжінің Наурыз мерекесіне арналған мерекелік-концерттік бағдарлама: сценарий және тәрбиелік-дамыту мақсаттары

Арқалық қаласы, Қостанай облысы

Арқалық политехникалық колледжінің

тәрбиешісі Калиева Биба Калиевна

«Армысың, әз Наурыз»

Мақсаты: білімділік - оқушыларға Наурыз мейрамының пайда болу тарихы және қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыра отырып, халқымыздың әдет-ғұрпы, мәдениеті туралы толық мәлімет беру;

дамытушылық - оқушыларды халқымыздың дәстүріне, әдет-ғұрыпқа байланысты ұлағатты сөздерінің мәніне қарай және жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;

тәрбиелік - оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған наурызым

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

2-жүргізуші: Армысың көрермен қауым жандар,

Бүгінде бар өнерді тамашалар.

«Ұлыстың ұлы күніне» кеп отырған

Ақ ниет, пәк пейілді замандастар.

1-жүргізуші: Үлкен тұрып кіші сөйлемеген деп дана халқымыз айтқандай бүгінгі 5-ші қабат қыздарының ұйымдастыруы бойынша өткізілгелі жатқан «Нұр себеле ұлыстың ұлы күні» атты концерттік бағдарламамызды екінші анамызға айналған Бибі Қалиқызының ыстық лебізімен ашқымыз келеді.

2-жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас кәріміз.

Кел шырқайық ән айтып.

Би билейік бәріміз - дей отыра сахна төріне биші қыздарымызды « Қазақ биімен» шақырамыз.

1-жүргізуші: Олай болса Бекмұратова Динараны «Еркемін» әнімен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Наурыз думан, наурыз мереке. Күн мен түн теңескен күн. Жалпы наурыз мерекесі қазақы салт-дәстүрді ұлықтайтын мереке болып табылады. Біз де сіздер үшін арнайы салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында сахналық қойылым ұйымдастырған болатынбыз. Олай болса, сол көрінісімізді қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер дәл қазір Сайлауовтар әулеті алақандарынан аққуларын ұшырып, Төлеповтар әулеті келін түсіру салтына куә боласыздар.

2-жүргізуші: Салт-дәстүрді сақтайық,

Шымылдықты ашайық.

Жөн жоралғы бойынша

Қыз ұзату тойы құтты деп той шашуын шашайық.

1-жүргізуші: Күлім қағып кетті көктем,

Күн сәулесін төкті көктем.

Наурыз айы берекелі

Алып келді мерекені.

2-жүрігуші: Дана халқымыз «батамен ел, жаңбырмен жер көгерер» деп бекер айтпаған ғой. Олай болса наурыз тойы құтты бола берсін деген мақсатпен колледжіміздің директоры О. А. Сәбитұлынан бата сұрағымыз келіп отыр.

1-жүргізуші: Наурыз құтты болсын,

Деніміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін,

Бар халық бақытты бола берсін.

Еліміздің несібесі көп болсын,

Халқымыз көбейіп тоқ болсын. Қош сау болыңыздар халайық. Келесі кездескенше күн жарық болсын.

G:\наурыз\DSCF3520.JPG

G:\наурыз\DSCF3437.JPG

G:\наурыз\DSCF3418.JPG

G:\наурыз\DSCF3529.JPG


Ұқсас жұмыстар
Арқалық политехникалық колледжінің Өнерлі өрендер кеші: концерттік бағдарлама (2015)
Мектептегі Наурыз мерекесіне арналған концерттік сценарий
Наурыз мерекесіне арналған колледждік сценарий және тәрбие-танымдық бағдарлама
Наурыз мерекесіне арналған сценарий: дәстүрлер, ұлттық ойындар және мәдени-салтанатты бағдарлама
Адамгершілік тәрбие және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру: Арқалық политехникалық колледжінің тәжірибесі
Арқалық политехникалық колледжінің Ақ Ару - Ер Сұлтан студенттік байқауының сценарийі
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты: салт-дәстүрлер, ойындар және сценарий
Арқалық политехникалық колледжінің 2015 жылғы Жүзден жүйрік зеректік сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Аналар мерекесіне арналған концерттік бағдарлама және Қыз сыны сайысы
Тәуелсіз елдің тірегі - білімді жастар жүрегі: Арқалық политехникалық колледжінің танымдық сайысы (2014)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz