Арқалық политехникалық колледжінде өткізілген Достық тақырыбындағы тәрбие кешінің сценарийі


Арқалық қаласы, Қостанай облысы

Арқалық политехникалық колледжінің

тәрбиешісі Калиева Биба Калиевна

Тақырыбы: «Кел достар»

Мақсаты: дос, достық ұғымының адамгершілік қүндылық ретіндегі мәнін ашу

Фанфары

1-жүргізуші-Ізбасхан Нұрболат:

Армысыздар, жатақхана студенттері. Бүгінгі біздің кешімізге қош келдіңіздер!

Ақ, қарамыз, сарымыз,

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық, қане, біз. Жаманбалина Салтанат - «Әдемі қыз»

2-жүргізуші-Жаманбалина Салтанат:

Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз. Жаманбалина Салтанат, Бердімұратова Динара - «Туған жер»

3-жүргізуші-Бердімұратова Динара:

Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз. Флешмоб (Жанагүл, Тоғжан, Айгүл, Фаина, Валентина)

1-жүргізуші-Ізбасхан Нұрболат:

Толаспаймыз біз бірақ,

Отырмаймыз тұнжырап.

Қуысамыз көгалды,

Жүгіреміз құлдырап. КВН (Динара, Айдос, Амантай, Тоғжан)

2-жүргізуші-Жаманбалина Салтанат:

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгіге достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз. Ойын (Бекзат)

3-жүргізуші-Бердімұратова Динара:

Достығымыз, достар арылмасын,

Пейіліміз кеңейсін, тарылмасын.

Жиі-жиі бас қосып, сыр шертіссек,

Жүрегіміз қалайша жарылмасын. Аиша + Беркут (Тоғжан, Айдос)

1-жүргізуші-Ізбасхан Нұрболат:

Күніміз күлкіге тола берсін,

Қуанышқа көңіліміз тола берсін.

Нұрлы аспан астында аясында,

Басымызға бақ келіп қона берсін. Бердімұратова Динара - «Кел, достар»

2-жүргізуші-Жаманбалина Салтанат:

Зұлымдықты әрқашан жиренейік,

Адалдыққа сүюді үйренейік.

Бірлік пенен тірлікті ұштастырып,

Бір әдемі, ғажайып күйге енейік. «Үнді биі» (Салтанат, Тоғжан, Амантай)

3-жүргізуші-Бердімұратова Динара:

Берсе бірді бермесе санаспайық,

Болмайтынға ұрысып, таласпайық.

Арамызда алаяқ біреу болса,

Оны қатар ортадан аластайық.

1-жүргізуші-Ізбасхан Нұрболат:

Жасамайық киянат кісі кетім,

Байлық, мансап кісіні ісіретін.

Қанағатсыз ағайын ойласаңдар,

Абыройын кісінің түсіретін.

2-жүргізуші-Жаманбалина Салтанат:

Жолыма жалғыздық көп тиіседі,

Жансарай сырға толы мүйіс еді.

Тағдырдың тоғыз жолды торабы бар,

Жолымыз енді қашан түйіседі.

Қорытынды:

3-жүргізуші-Бердімұратова Динара:

Замандастың жеңісін,

Көре білген достарым.

Қолындағы жемісін,

Бөле жеген достарым.

1-жүргізуші-Ізбасхан Нұрболат:

Дос болам десең,

Досыңды сыйла, қымбаттым.

Досыңа сонда ғана қымбатсың.

G:\Кел достар\DSCF4898.JPG

G:\Кел достар\DSCF4876.JPG

G:\Кел достар\DSCF4911.JPG


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz