Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Таңдаудың маңызы

ПӘН: қазақ тілі
Мектеп: Атырау ХББ НЗМ
Күні: 01.03.2017
Мұғалімнің аты-жөні: Текеева Жанша Тажибаевна
Сынып: 9 Т1
Қатысқан оқушылар саны: 20
Қатыспағандар:
Бөлім
Дилеммалар және таңдаулар
Сабақтың тақырыбы
Әркімнің өз таңдауы бар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
О6 Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын меңгере отырып, конспект құрастырады.
О4 Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдеп қорытынды шығарады, шешім қабылдайды.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылардың барлығы: мақсат үшін оқылым стратегияларын меңгереді;
Оқушылардың көпшілігі: оқылған мәтін негізінде көзқарастарды дәлелдеп қорытынды шығарады,
Оқушылардың кейбірі: қорытындыдан шешім шығарады, конспект құрастырады.
Жетістік критерийлері
* Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын меңгере алады;
* Мәтін бойынша конспект құрастырады.
* Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдеп қорытынды шығарады,
* Өз көзқарастары бойынша шешім қабылдайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылардың грамматикалық, лексикалық нормаларды оқып білуі:
аксессуар, бұйым, ішік, дос, адам, сыйлас, атүсті, , һәм
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;
Мен өз ойымды былай білдірсем..., Шынында да...., Атап айтсам....
Ұлттық құндылықтар
Оқушылардың бір-біріне деген адалдық, ойларын ашық айту, пікірлеріне құрметпен қарап, шынайы бағалау.
Пәнаралық байланыс
АКТ, Тіл білімі,Эстетика
Осыған дейін меңгерілген білім
Өмірлік таңдаулар жасау
Жоспар
Жоспарлана
тын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы
7 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қатысты белсендіру.
* Сабақтың тақырыбы мен мақсаты және жетістік критерийлері таныстырылады.
Алдыңғы біліммен байланыс:
Таңдау жасауда батылдық таныта аласыз ба? Сізге үнемі 2 бірдей таңдау түседі делік, қаншалықты шешім қабылдай аласыз?
Жауап бергенде: Иә, себебі,... болмаса, Жоқ, өйткені,...
* Сынып оқушылардың аттарымен 4 топқа бөлінеді.

МЖ = Мұғалім жасаған

Слайд

Сабақтың ортасы
3 минут

5 минут

2 минут

5 минут

5 минут

10 минут

Дилеммаға байланысты 2 қызықты сұрақ дайындаңыз. Сол сұрағыңызды өзіңіз таңдаған жұпқа беріңіз.
Кері байланыс.
oo Сұрақ қызықты қойылды.
oo Сұраққа жауап беруде ойланып қалдық.
oo Қиналмай жауап беруге талпындық.

* Оқылым алды тапсырма. <<Жедел жауап>>
+ Жалпы өмірде нені өз еркіңізбен таңдай аласыз?
+ Әлде баламын деп ата-ана көмегіне жүгінесіз бе?
+ Адам өз таңдауын қай кезде жасай алады деп ойлайсыз?
+ Дос таңдауда кімнің ақылын тыңдадыңыз?
Қалыптастырушы бағалау. Жақсы әрі шынайы жауапқа смайлик жапсыру.
Оқушыларға мәтінді оқымас бұрын аксессуар, бұйым, ішік, дос, адам, сыйлас деген сөздер беріліп, пікірлесе отырып оқылатын мәтіннің тақырыбы мен мазмұнына болжау жасату.
* Оқылым кезіндегі тапсырма
Сыныптағы 4 топқа 2 ұқсас мәтін беріледі.
А мәтіні Таңдаудың маңызы
Ең басты мәселе - сіздің таңдаған аксессуарыңыз үстіңіздегі киімнен тым арзан көрінбеуі тиіс. Бір ғана қате таңдалған бұйым сіздің сыртқы келбетіңізді толықтай өзгертіп жібере алады. Сондықтан, сәнді көрінгіңіз келсе, аксессуарыңызға атүсті қарамаңыз....
Ә мәтіні Дос таңдаудың маңызы қандай?
Адам баласы өзінің аз ғана ғұмырында басқа адамдармен қатынаспай, араласпай, достаспай тұра алмайды. Ағайын-туғандарды былай қойғанда адамның сырлас-сыйлас досы деген болады.

Топқа жетістік критерийлері ұсынылады.
Жетістік критерийлері
Ұпайлар 5-1
Оқылым стратегияларын меңгереді;

Мәтін негізінде көзқарастарды дәлелдейді

Қорытынды шығарады

Көзқарастарын жинақтап, шешім қабылдайды.

<<Талқыла- Ой бөліс - Пікір білдір>>
Топтар мәтін мазмұнымен оқып танысады.
Топтық тапсырма
1. Мәтін мазмұнына көз жүгірте тез оқып шығу.
Мәтін не туралы әрі тақырыбын тауып, ойын ашу.
2. Мәтінді тұтас түсініп оқу арқылы идеясын ашып,
1 сөйлеммен жеткізу.
ЖЖ 1. Мәтін мазмұнына негіз болған тірек сөздерді табу. Жұптасып тапқан сөздердің ішінен ең негізгі деген 5 тірек сөзді қалдыру.
2. Мәтінен маңызды 2 дәлел келтіріп, нақтырақ түсіндіріп өту. Жұптық жұмысты топпен байланыстыру.
Қалыптастырушы бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек
Жеке жұмыс
1. Детальді түрде оқу- мәтіндердің 2 абзацын мұқияттап оқу арқылы кейбір сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ашып түсіндіру.
2. Мәтіннен таңдалған 2 сөйлемге комментарий беру.
3. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолына тоқталып, түсіндіру.
4. Мәтін құрылымын түсініп оқу - кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлімде айтылған ойға өзіндік көзқарасын не пікірін 1 сөйлеммен білдіру.
Мәтіннен алынған мәліметтер негізінде жинақы мәтін конспект құру.
ҚБ. Жеке жұмыс.
Жетістік критерийлері
жетті
Мәтіннің 2 абзацындағы сөйлемдердің мағынасын ашады

Сөйлемге комментарий береді.

Құрмалас сөйлемнің жасалуын түсіндіреді.

Өзіндік көзқарасын 1 сөйлеммен білдіреді.

Мәліметтер негізінде жинақы мәтін құрады

Кері байланыс.

http://massaget.kz/kyizdarga/sn/1028/

http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/dos-tandaudyn-manyzy-qandai-102/#gsc.tab=0
Сабақтың соңы
3 минут
Рефлексия Мне үшін қызықты...
Мен өз таңдауымды жасай алаи

Қосымша ақпарат
Дифференциация - Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау - Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Таңдаудың маңызы
Ең басты мәселе - сіздің таңдаған аксессуарыңыз үстіңіздегі киімнен тым арзан көрінбеуі тиіс. Бір ғана қате таңдалған бұйым сіздің сыртқы келбетіңізді толықтай өзгертіп жібере алады. Сондықтан, сәнді көрінгіңіз келсе, аксессуарыңызға атүсті қарамаңыз. Нәзік гүлді көйлек киіп алып, қолыңызға темірден жасалған дөрекі білезікті тағып алсаңыз, өте жарамсыз көрінеді. Сондай-ақ, үстіңізде қымбат тон бола тұра, қолыңызға іші затқа толы тым үлкен сөмке ұстасаңыз, бағалы ішігіңіздің құны бір тиынға да тұрмайтыны анық. Ішікпен бірге кішкентай көлемді сөмке ұстаған абзал.
Ал бағасы қымбат, көзге тартымды көрінетін көлемі кішкентай аксессуарлар қарапайым образды жарқырата түсуі мүмкін. Бастысы - сәйкестік. Тек бағалы киім киетін адам болып көріну үшін соңғы үлгідегі брендтен шүберек алу міндетті емес. Киіміңіз талғаммен таңдалған өзіңізге жарасымды болып, ал аксессуарыңыз бағалы болса болғаны. Ол үшін сөмке, аяқ киім, қол сағаты, білезік, орамалдарыңыз сапалы брендтерден болуы керек. Бұл ұсақ-түйектер сұлу болып көрінуге бірталай үлесін қоса алады.
Екіншіден, аксессуардың саны мен көлемі де өте маңызды мәселе. Осы жылдың сәнді аксессуарларын атағанда, көлемі үлкен сақина-сырғалар тағы сәнді болмақ деген болатынбыз. Бірақ көлемді сақина немесе алқа тағатын болсаңыз, олардың санына көңіл бөліңіз. Яғни, әшекейлерді үсті-үстіне іле беру дұрыс емес.
Үшіншіден, ережеге сай аксессуар тағу әдебі жатады. Қызылды-жасылды моншақтар тағып, іскерлік кездесуге, не болмаса емтихан тапсыруға келсеңіз, шектен тыс назарға ілігесіз. Сондықтан, аксессуарды таңдамас бұрын, бара жатқан орын мен ортаны және өз мақсатыңызды айқындап алыңыз. http://massaget.kz/kyizdarga/sn/1028/
Дос таңдаудың маңызы қандай?

Адам баласы өзінің аз ғана ғұмырында басқа адамдармен қатынаспай, араласпай, достаспай тұра алмайды. Ағайын-туғандарды былай қойғанда адамның сырлас-сыйлас досы деген болады. Қазақта: <<Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды>> немесе <<Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты>> деген аталы сөздер бар. Сондай-ақ, <<Тектімен достас, тексізбен қоштас>> деп те өсиет қалдырған текті бабаларымыз.
Ал, дана Абай атамыз болса: <<Құдай тағала дүниені шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады>> депті, қарасөзінде.
Ендеше адам өмірінде достықтың маңызы қандай, һәм адам кіммен дос болу керек?! Яғни адаммен адам достасуы үшін оның әуелгі шарттары бар. Осы шарттар сақталмаса достық баянсыз болмақ. Дос таңдаған кезде ең әуелі оның имани сеніміне көңіл бөлу керек. Себебі жүрегінде иманы бар адам ешкімге қиянат жасамайды. Сонымен қатар иманды адам әрдайым маңайындағыларды ізгілікке шақырып, Алла разылығы үшін сауапты істер атқарады. Орындалған әрбір сауапты іс өз иесіне тек ақыретте ғана емес, осы дүниеде де жемісін береді. Алла Тағала ондай адамдардың отбасын бәле-жаладан қорғап, сапарға шықса жолын жеңілдетіп, көп жағдайда жақсылық істерге себепші қылып қояды. Оның шарапаты айналасына тиіп жатады.
Сондықтан өмірде дос таңдауда қателеспегеніміз жөн шығар. Мейіржан Сандыбаев

Ұқсас жұмыстар
Мұнай тотықтырушы ашытқылардың түрлері және олардың таралуы
Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз
Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау
Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту
Досыңның ата - анасы соған ренжиді
Таңдау пәні
Ақпараттық модельдеу
Paint графикалық редакторы
Мамандық таңдаудың маңыздылығы
Пәндер