Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Арифметикалық прогрессияның қасиеті

Батыс-Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Тасқала ауылы
Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ
Ташенова Гульнара Узакбаевна
Жоғары санатты математика пәні мұғалімі

Алгебра-9
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. 25 <<жұлдызды >> есеп.

Мақсаты:оқушылардың арифметикалық прогрессия туралы алған білімдері мен біліктерін қорытындылау, жүйелеу; тез ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; Отан сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздері мен құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың жоспары:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Қайталау (теория)
3Есептер шығару
4 Үйге тапсырма беру.
5 Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы
Мұғалім: Балалар! Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр.
<<Арифметикалық прогрессия>> тақырыбы бойынша қорытындылау сабағымызды осы мерейтойға арнаймыз. Сондықтан сабағымызды Әнұраннан бастайық.(Оқушылар тұрады, әнұран орындалады.)

Балалар, бүгін біз 25 жылдың әр жылынан бір <<жұлдызды сәтін>> еске алып, оған қатысты арифметикалық прогрессия есебін құрып, шығарамыз. Алдымен формулаларды қайталайық.(Презентация)
1 Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы:
2 Арифметикалық прогрессияның айырымының формуласы:
3 Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы

4 Арифметикалық прогрессияның қасиеті:
Мұғалім оқушылардың назарын экранға аударып, тарихи мәліметтермен таныстырады.
Бірнеше оқушы тақтаға шығып , есеп шығарады.
1) 1991 жылы 16 желтоқсанда (12 ай) <<Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заң>> қабылданды.

Есеп1: егер 12,16,...- арифметикалық прогрессия болса, оның 91-ші мүшесін табыңыз.

2) 1992 жылы 25 ақпанда (2 ай) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің №158 кауылысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі Әскері жасақталған.

Есеп2: арифметикалық прогрессияның 158-ші мүшесі 406-ға , ал айырымы 2-ге тең болса, оның бірінші мүшесін табыңыз. (Жауабы: а1 =92)

3) 1993 жылы15 қарашада (11 ай) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-тенге- енгізілді.

Есеп3: егер 11,93,...- арифметикалық прогрессия болса, оның алғашқы 15 мүшесінің қосындысын табыңыз.

4) 1994 жылының 9 наурызында (3 ай) -. Талгат Мусабаев космосқа ұшты

Есеп4: Егер арифметикалық прогрессияның , ал айырымы 3 болса , онда прогрессияның 9-ші мүшесін табыңыз.

5) 1995 жылы 30 тамызда(8 ай) Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды

Есеп5: арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 30 , ал айырымы 8 болса, оның 95-ші мүшесін және алғашқы 8 мүшесінің қосындысын табыңыз.

Оқушы1: (ақпарат)
6) 1996 жылы 16 желтоқсанда (12 ай) Алматының Республика алаңында Президенттің бұйрығы бойынша Тәуелсіздік монументі ашылды. Монументтің авторы Шота Валиханов.(Шоқан Валихановтың туысы) Авторлық топқа Адилет Жумабаев және Нурлан Далбаев деген мүсіншілер және Казыбек Жарылгапов деген архитектор кірді.1993 жылы Нурсултан Әбішұлы Египетке Луксор қаласына барғанда , олардың тәуелсіздікке арналған монументін көріп, идея туындаған. Монументтің биіктігі 28 метр, оған 6 метр <<Алтын адам>> бейнесі қосылады.

Есеп6: Егер арифметикалық прогрессияның , алғашқы 12 мүшесінің қосындысын табыңыз.

7) 1997 жылы 10 желтоқсанда (12 ай) - Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Есеп7: Егер арифметикалық прогрессияның , онда прогрессияның айырымын және 20-ші мүшесін табыңыз.

8) 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді, ал 10 маусымда жаңа астананың халықаралық презентациясы болды.

Есеп8: Егер арифметикалық прогрессияның , онда прогрессияның айырымын және алғашқы 10 мүшесінің қосындысын табыңыз.

Мұғалім: Балалар, келесі ақпараттар бойынша арифметикалық прогрессияға қатысты есеп құрып, өз бетінше шығарыңдар.Өздік жұмыс

9) 1999 жылы 10 қаңтар. - ҚР Президентінің алғашқы сайлауы, Н. Ә. Назарбаев 7-жылдық мерзімге сайланды.
10) 2000 жылы 29 шілде - Семей полигонінің соңғы ядролық ұшқындарын құрту.
11) 2001 жыл. -Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл
12) 2002 жыл. - Денсаулық жылы.
13) 2003 жыл - ауылды қолдау жылы.
14) 2004 жылы 24 желтоқсан - Астанада Президенттің Ақордадағы Резиденциясының ашылуы.
15) 2005 жылы . - ЮНЕСКО-ның ұсынысымен ұлы орыс жазушысы М. Шолоховтың жылы
16) 2006 жылы- Қазақстанда А.С.Пушкиннің жылы
Мұғалім: Балалар осы жерде орыс әдебиетінен мына жолдарға назар аударайық:
1) <<Я пропал, как зверь в загоне>> 2) <<Ветер по морю гуляет>>.
1,3,5,7,...- арифметикалық прогрессия (хорей )
3) <<Мой дядя самых честных правил...>> 4)<<Не мог он ямба от хорея как мы не бились отличить...>>
(строки из <<Евгения Онегина>> А.С.Пушкин) 2,4,6,8,... - арифметикалық прогрессия (ямб )
Сонан соң оқушылар өз бетінше 15 минут жұмыстанады.
Оқушы2 (ақпарат): 2006 жылы 6 қантарда жаңа Мемлекеттік Гимн қабылданды( <<Менің Қазақстаным>> муз. Ш.Калдаяков, сл. Ж.Нажимеденов, Н.Назарбаев).Гимн - өлеңге жазылған салтанатты ән. Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов <<Менің Қазақстаным>> әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде <<Менің Қазақстаным>> зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналды.
2007 жыл - Мемлекеттік тілдің жылы болып жарияланды.
Үйге тапсырма: 2008-2016 жылдарынан бір <<жұлдызды сәтін>> немесе атаулы күндерін еске алып, оған қатысты арифметикалық прогрессия есебін құрып, шығару.
Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Математика. Арифметикалық және геометриялық прогрессия
Геометриялық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысы
Арифметикалық және геометриялық прогрессия туралы ақпарат
Математика. Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия - тарауына есептер шығару
Арифметикалық прогрессия жайлы ақпарат
Өнеркәсіптегі прогрессия
Арифметикалық прогрессия Геометриялық прогрессия
Плутон ғаламшары
Геометриялық прогрессия. 9 класс
Пәндер