Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүрек - Жүрек тобы

Бекітемін :
Мектеп: Д. Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі
Мерзiмі: 15.02.2017 Мұғалiм: Капулова Л
Сынып: 10 Оқушылар саны:
Сабақ: №23
Тақырып:Риясыз сүйіспеншілік
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік,кішіпейілділік,жақсылық

Мақсаты: Оқушыларды риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын ұғындыру арқылы <<сүйіспеншілік>> құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән- мағынасын түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.1.Оқушыларды түгендеу
2. 5<<Т>>сақтау
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: біздің <<Бөбек>> орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын>>.
Осындай Нұр,Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!
Ескерту

2.Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтағы 93-бетіндегі С.Ақатаевтың мәтінін талқылау
.Күн шуағы әдісі . топтастыру
1.Әңгіме қалай басталды?
2.Арынғазыдан үйренген салты қандай?
3.Атамның үнемі ақыл ретінде айтатыны кімнің сөзі?Ойы қандай?
4.Сыйластықтағы екі жақтылық қандай?
5. Ізгіліктің бастауы не?

Ой қозғау.
Суреттер бойынша ой тастау.
Түйін .
Адамның ең адами қасиет- бұл сыйластық. Сыйластық ең бірінші ең ізгі қасиеттерден ,оған сүйіспеншіліктен тарайды.Тіпті табиғатта сүйіспеншілікті сезінеді.Сүйіспенішілікке сүйіспеншілікпен жауап береді. Риясыз сүйіспеншілік жүрекпен беріледі.
Жаңа сабақ: Риясыз сүйіспеншілік

3.Дәйексөз
<<Махаббатсыз дүние бос>>
Абай
Шынайы таза махаббат. Шынайы махаббат дегеніміз -- айнымас және риясыз сүйіспеншілік. Махаббат осы қасиетінің арқасында өмір сүреді. Шынайы махаббаттың басы да аяғы да болмайды.Ол келер шақ,осы шақ,өткен шақ уақыт категорияларында өмір сүреді. Махаббат пен өмір екі аспекті емес,ол - біреу.Махаббаттың өзі табиғи өмір.
Ұлдарға екі рет оқыту,қыздарға екі рет оқыту.
-Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
Балалардың жауаптарын естіп алып,қорытынды жасау.

4.Әңгiмелеу мұғалім сыйы .Абайдың 17 қара сөздері
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: <<Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болады. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?>> - депті. Ақыл айтыпты: <<Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?>> - депті. Онан соң жүрек айтыпты: <<Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?>> - депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: - Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті. -Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. - Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, -- депті.
Талқылау .
Алты ойшыл қалпақ әдісі :
1.Ақ: Қайрат,ақыл,жүрек үшеуінің дауласу себебі неде?
2.Жасыл.Сіз қайсысын таңдар едіңіз?
3.Қызыл. Адам қай кезде жүрегін тыңдайды?>>( Адам қуанғанда немесе өкінгенде дене мүшесіндегі ең бірінші әсер беретін жүрек)
4.сары:Жүрекпен қанша қиналсақта іс-әрекетіміз арқылы ақылға берілеміз
5.қара.Дені сау адам нені алған немесе көрсеткен?(Дені сау адам ,жүрекпе сезіп,ақылмен тыңдап,қққайратқа ой береді?
6.көк. Қайрат,ақыл,жүрек нені түсіндіреді?
Ғылым мен ілімге негізделген

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Топқа бөлу: Күн,жүрек,кітап арқылы топқа бөлу.
Күн суреті- Ақыл тобы
Жүрек - Жүрек тобы
Кітап - Қайрат тобы

Топтық жұмыс.1 топ: Ресурспен жұмыс
2 топ.95 беттегі тапсырма Дәйексөз құрау,жариялау
3 топ.Сахналау. Сүйіспеншілік сабағы Сахналау.
Бір әйел үйге оралғанда есік алдында үш ақсақалды көреді. Әйел бұл адамдарды бұрын көрмеген ,танымаған. Әйел:. Бұрын сіздерді таныған емеспін,үйіме кіріңіздер,тамақтан ауыз тиіңіздер дейді Үйдің иесі үйдеме деп сұрайды-, қарт адам. Әйел жоқ деп жауап береді .Қарт адам онда үйге кіре алмаймыз деп жауап береді. Кешке үй иесі үйге келгенде оған күндіз болған оқиғаны айтып береді ол қарт адамдардың әлі есік алдында күтіп отырғанын айтады. Күйеуі мен үйге келдім енді олардың үйге кіріуін айт дейді.
Әйелі барып қарт адамдарды үйге шақырады. Бірақ олар үшеуі қатар үйге кірмейтінін айтады. Әйел себебін сұрағанда олар аты біреуі - байлық,,екіншісі- табыс,үшіншісі- сүйіспеншілік деп жауап береді. Қазір күйеуіңе барып ақылдасып қайсымызды кіргізетінін айтыңдар дейді. Әйелі барып айтады Күйеуі қатты қуанып онда байлықты шақыр дейді. Әйелі неге табысты шақырмаймыз дейді? Сонда келіні келіп неге сүйіспеншлілікті шақырмаймыз дейді Содан үй иесі келін айтқанын орындайық сүйіспеншілікті шақыр ол біздің үйдің қонағы болсын дейді. Әйелі сыртқа шығып кім сүйіспеншілік соны шақырамыз дейді. Сүйііспеншіліктің артынан екеуіде кіріп барады . Әйел түсінбей мен тек сүйіспеншілікті таңдадаым деді. Сонда қарт екеуі егер табысты не байлықты шақырғанда біздер есіік алдында қалатын едік, енді сүйіспеншлілік бар жер бізде боламыз, Яғни сүйіспеншілік болған жерде табыста,байлықта болады деп ті қариялар.

6. Ой-түйін.
Сүйіспеншілік -бұл барлық діндердің тамыры,барлық жазбалардың мәні,барлық жолдардың қиылысы,барлық адамның шабыты.
Пікір еркіндігі.
oo 1топ. Анаға деген сүйіспеншілік
oo 2топ. Туған жерге деген сүйіспеншілік
oo 3 топ.Досқа деген сүйіспеншілік
oo Постер қорғау

Сүйіспен-шілік
Сүйіспен-шілік

6.Үй тапсырмасы.
95-96 беттегі мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беру

7.Топпен ән айту.
Сен маған сүюді үйреттің
oo Сен маған сүюдіүйреттің,Ұмытып кеткен едім.
Басымды июді үйреттің,
Тәкаппар өктем едім ...
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.

Қайырмасы:
Сен маған ұшқанды үйреттің,
Тордағы бұлбұл едім.
Сезіммен құшқанды үйреттің,
Күдікшіл құмбыл еді

Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,
Уайымшыл бір мұң едім.
Иіскеп қысқанды үйреттің,
Құшақсыз бір гүл едім.
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.
Қайырмасы:
Сен маған ұшқанды үйреттің,
Тордағы бұлбұл едім.
Сезіммен құшқанды үйреттің
Күдікшіл құмбыл едім

8.Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет!
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Жүрек қан-тамыр аурулары
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары
Қан кету түрлері
Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың түрлері
«абайдың он жетінші қарасөз» тақырыбын жобалау технологиясы
Жүректің құрылысы мен қан тамырлары және жүрекшеле
М.мақатаев «аққулар ұйықтағанда»
Қанайналым және жүрек
Қан топтары
Абайдың қарасөздері
Пәндер