Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушының құралын ата

Күні:14-03-17ж
Сыныбы: 1 <<Ә>>
Сабақтың тақырыбы: <<Менің отбасым және достарым>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жанұя,шаңырақ,отбасы,Отан ұғымдары жөнінде,отбасының қоғамның бір бөлігі екені жөнінен толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып,іс-әрекеттері үшін жауап беру,туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру;
Тәрбиелік:отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу;
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Жаңа технология, Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру,әңгімелеу, салыстыру,
Қолданылатын көрнекіліктер: Видеоролик Сызбалар,суреттер,кеспе әріптер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Әкем,анам-қамқорым,
Көздерінің нұры біз.
Ағатайым екеуміз
Өмірінің гүліміз.
Біз де аянып қалмаймыз,
Екі етпейміз айтқанын.
Гүлдерді де баптаймыз,
Тазалықты сақтаймыз.
Біздің үйде бәрінің
Міндеті бар атқарар.
Татулық пен сый-құрмет
Осындайдан басталар.
"Шаттық шеңбері".
Оқушылар бір - біріне жүзім беру арқылы, жылы тілектер айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы қорытындылау).
ІІІ. Мотивация кезеңі.

Балалар, ағашта не өседі?
Жапырақ өседі
Жеміс - жидектер өседі. (алма, алмұрт) т.б.
Олай болса, менің қолымдағы алмаларда жасырынған сұрақтар бар екен. Сол сұрақтарға барлығымыз жауап беру арқылы, жаңа сабағымызды ашып аламыз.
С

А
Т
Б
О
Ы
1. Қанат альбомға ненің суретін салды?
2. Жұмбақ: Қабат - қабат қаттама , ақылың болса атта? Шешуі: Кітап
3. Мұғалім апай өлеңінің бір шумақ айт?
4. Мектептің ішінді кімдер болады?
5. Оқушының құралын ата?
6. Сыныптағы мектеп құралын ата?
Оқушылар, барлық сұрақтарға жауап беру арқылы, алмалардағы әріптерден қандай сөз шықты?
Отбасы.
ІV. Жаңа сабақ.
<<Менің отбасым және достарым>>
Видеороликке назар аударамыз.
Кеспе аріптермен отбасы мүшесінің атын шығару.
Ата, әже, ана, әке, апа ,аға , қарындас, іні,, сіңілі. (түсіндіру)
Отбасы туралы түсіндіру оқушылар.
Оқулықпен жұмыс Өлеңді мәнерлеп оқу.
<<Бес қадам>> әдісі
Сыпайы әдепті сөздерді түсіндіру мысалымен. Көрініс
-Рахмет
-Ризамын
-Мархабат
VІ. Мәтінмен жұмыс
Отбасы-неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы. Отбасы дегеніміз-әкесі мен анасы, олардың балалары және ата-әжесі. Оларды бір-біріне деген махаббат,құрмет, бауырластық біріктіреді, олардың ортақ шаруашылығы, мүлкі болады. Отбасында балаларды ата-анасы өсіріп, тәрбиелейді. Оған аталар мен әжелер көмектеседі. Олар бала тәрбиелеу жөнінде кеңес береді,немерелерін күтіп-бағады. Ата-ана отбасын не қажеттің бәрімен қамтасыз етеді, сүйіспеншілікке және бірін-бірі құрметтеуге жағдай жасайды. Қазақ отбасында үлкенді сыйлау, құрметтеу және кішіге қамқорлық,
VI. Шығармашылық жұмыс
Отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді?

Отбасы мүшелері бір - бірін жақсы көреді.
Бос уақытты бірге өткізеді
Қиындық пен қуанышты бірге бөліседі
Отбасы қаражатын қажет нәрселер сатып алу үшін жұмсайды
Үй шаруасымен айналысады
Бір үйде тұрады
СЕРГІТУ СӘТІ. Ән:<<Бармақтар отбасы>>
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырманы орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысынды алған білімдерін бекіте түседі.
VІІ. Мәтінмен жұмыс толықтыру керек.
Екі бала әңгімелесіп отыр. Біреуі:
-Менің бір сүйікті досым бар,-деді
Екіншісі:
Ол кім сонда?-деп сұрады
Ол ма? Ол <<Балдырған>> журналы.
Екіншісі:
Ол адам емес қой. Қалай саған дос болады?-деп таңғалды.
Видеоролик ұсыну оқушыларға
IX. Қорытынды : Отбасы мүшелерінің сұрақтары
Ата:
<<
- Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсінік беру. (үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер кішіге ақылшы, кішіге - көмекші)
Әже:
"Үлкенге көмек" дегенді қалай түсінесің? (Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын орындау қажет)
Аға апа
Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? (қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
Әке - Ана:
Отбасының барлық міндеті кімдерге негізделген? (Ата - анасына)
Ана:
Отбасын кімдер құрайды? (Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні)

Отбасының ұйытқысы кім? (Ана)
Отбасының басшысы кім? (Әке)
Х. Бағалау. Рефлексия
<<Қол сигналы>> арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не қиын болды, не жеңіл болғандары туралы айтып өтеді
Саусақтардың бәрі ашылса түсінген. Жудырық түсінбеген.

ХІ. Үйге тапсырма: Ата, әже, әке, ана туралы өлең жаттап келу.
Мадақтау.

№18 орта мектеп

Ашық сабақ
Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: <<Менің отбасым және достарым>>

Сыныбы: 1 <<Ә>>
Мұғалімі: Қуанышбекова Жанар

2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекші жұмысындағы диагностика
6-ші сыныптарға арналған тарих сабағына жоспар
Қарпайым мәтіндік редакторы
Paint программасын іске қосу командасы
Мектеп тәрбие жүйесі
Сайыстың мақсаты
Corel Draw векторлық редакторында ою өрнектер салу
Ы. Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Demo Builder бағдарламасының шарт белгісі
Пәндер