Соңғы тыныштық

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Б. Сүлейменов атындағы орта мектеп

Мерзімі:

№21-сабақ

Мұғалім: Дуйсмағанбетова К. Н.

Сынып: 2

Оқушылар саны:

Тақырыбы: Еңбек- бәрін жеңбек

Құндылық : Дұрыс іс - әрекет

Қасиеттер : сүйіспеншілік, шыдамдылық, ұқыптылық, адамгершілік, сабырлылық, табандылық т. б.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек», «бақыт», «қадір-қасиет», «еңбек ету» туралы түсініктерін кеңейту арқылы, дұрыс іс-әрекет құндылығының мәнін ашу;

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, құрмет, қадір-қасиет, сыйлау ұғымдарының адами қарым-қатынастағы маңыздылыгын түсіндіру;

Дамытушылық: Еңбек ету арқылы мейірімділік, адамгершілік, қамқорлық, сыйластық, қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.: 2. Тыныштық сәті
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер):

Су асты патшалығына ойша саяхат

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз) .

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз . . . бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады) .

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.: 3. Үй тапсырмасын тексеру.
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер):

Б. Әділов. Еңбексіз өмір- сүреңсіз. ( Мысал-әңгіме)

-Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

- Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.: 4. Дәйексөз
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер): Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап. (Абай)
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.: 5. Сергіту сәті
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер): «Көңілді күн»
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.: 6. Мұғалім сыйы
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер):

«Құмырсқа мен инелік » тақырыбында бейнеролик көру

  • Құмырсқа әрекеті қандай?
  • Инеліктің әрекеті қандай?
  • Құмырсқа инелікке қандай жақсылық жасады?
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.: 7. Шығармашылық жұмыс
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер):

І тапсырма. Мақал - мәтелдің жалғасын тап.

1. Еңбек етсең ерінбей, . . .

2. Еңбек түбі- . . .

3. Еңбектің наны тәтті, . . .

4. Ердің атын . . . шығарады.

5. Еңбек бәрін . . .

ІІ тапсырма. Өлең ұйқасын тап

Еңбек
Нұрхан Жанаев

Қырға шықсаң . . . ,
Мұның аты - Еңбек.
Кесте тіксең, . . . ,
Мұның аты - Еңбек.
Сабағыңа . . . ,
Әзірленсең - Еңбек.
Қиындықтың . . . ,
Еңбек қана жеңбек.

(бәрін, зерлеп, жөндеп, өрлеп)
Балалар, келесі тапсырманы біз С. А. Назарабаеваның туылған күніне арнап жасаймыз. Орындаған жұмыстарыңызды балалар, почта арқылы Сара апайға жолдаймыз.
Тапсырма:
І топ. С. Алпысқызына Ашық хат жазу.
ІІ топ. Түрлі -түсті қағаздан гүл жасау.

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.: 8. Дәптермен жұмыс
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер): Берілген суретті

Ұқсас жұмыстар
Ата -ана алтын тұғырың. 11 сынып
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Өзін-өзі тану пәні тақырыбы: достық -татулықтан басталады
Тыныштық сәті. Соңғы тыныштық сәті
Ұжымдағы өзара қарым - қатынас
Салауатты отбасы
Тыныштық сәті Алтын балық
Отбасы татулығы
<<Бақыт құшағында>>. 7 сынып
Тыныштық сәті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz