Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты формулаларын қолдану

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратының формулуласын қолданып есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : - тақырып бойынша алған білімін қорытындылау, бір жүйеге келтіру, қысқаша көбейту формулалары бойынша білімдерін тексеру.
Тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Дамытушылық : Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру
Сабақтың түрі : Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта, презентация т. б
Сабақ барысы:
І. 1 слайд. Сабаққа дайындық(теориялық білім, формулалар
Қандай қысқаша көбейту формуласын білесіңдер?
ІІ. 2 слайд. Ауызша есеп(қайталау) .
Төмендегі есептер интерактивтік тақтада көрсетіліп тұрады. Оқушылар ауызша, тез жауап беруі керек. Жауаптарына сәйкес оқушыларға 3, 4, 5 ұпайлық жетондар беріледі.
Есеп. Жауап:
ІІІ. 3 слайд. Математикалық диктант. Өрнек түрінде жазыңдар:
- а мен 7 сандарының қосындысының квадраты.
- в және 4 санының қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі.
- в және 5а сандарының айырымының квадраты.
- 2х және 1 санының қосындысы мен айырымының көбейтіндісі.
ІV. 4 слайд. Сен мұғалімсің! Қатені түзету керек.
Оқушылар тақтадағы есептердің қатесін түзейді.
V. Әртүрлі тапсырмалар.
5 слайд. Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
6 слайд. “?” Белгісінің орнына қандай өрнек жазу керек?
VIII. 7 слайд. Сабақты қорытындылау. Тұжырымды жалғастыр.
Екі өрнектің квадраттарының айырымы . . .
Екі өрнектің қосындысының квадраты . . .
Екі өрнектің айырымының квадраты . . .
IX. 10 слайд. оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма. Қысқаша көбейту формулаларын, ережелерін жаттау.