6-сынып: пейзаж жанры - табиғатты бейнелеу және гратаж техникасы

ПЕЙЗАЖ - ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ(Гратаж техникасы)

Сыныбы: 6 «Б»

Күні: 26. 01. 2017ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу. Гратаж тәсілімен таныстыру

Дамытушылығы: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Типі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: әңгімелеу, үйрету, көрсету, сұрақ -жауап, жұмбақ шешу, слайдтар, фотосуреттер

Құрал-жабдықтар: альбом, гуашь, ыдыс, кылкалам, суретшілердің шығармалары, майшам, ине т. б

Сабақтың түрі: Пәнаралық байланыс (география, химия, тарих, жаратылыстану т. б)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырманы тексеру

ІІI. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

IV. Жаңа сабақты меңгерту

V. Сергіту сәті

VI. Жаңа білімді бекіту

VII. Қорытынды. Тірек-сызба

VIII. Оқушыларды бағалау

(Рефлексия) - Балалар! Қанеки, барлығымыз шеңбер жасап, бір бірңнің қолдарыңнан ұстап, жақсы тілектер айтыңдаршы (Барлық бала бір бірінің қолынан ұстап, тілектер айтады)

Кезекшіден жоқ балаларды сұрап, журналға белгілеймін де балалардан орындарына отыруды сұраймын. Егер сабаққа дайын болса қолдарын көтеруді сұрау (Барлық бала дайын екендерін қол көтеру арқылы көрсетеді)

II. Үй тапсырмасын тексеру.

(Натюрморттың суретін әр түрлі қисық қиықтарға бөліп, осы қиықтардың артына тапсмырмалар жазамын, ал оқушылар жауап бере отырып, қиықтардан өткен тақырыптың суретін шығарады) 1. Табиғаттың бейнесін салуды ( Пейзаж ) 2. Жансыз заттарды бейнелеуді ( Натюрморт ) 3. Адам келбетін бейнелеуді ( Портрет ), қиықтардан натюрморттың салынған суреті жиналвп, жәй тақтаға ілінеді

III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау. Интерактивті тақтаға бейнелеу өнерінің түрлері жазылып, суреттері көрсетіледі

  • Бүгін бейнелеу өнерінің бір түрі - «Пейзаж» тақырыбын гратаж техникасымен орындаймыз. (деп балаларға хабарлаймын)

Гратаж- ол белгілі бір суреттерді қыру тәсілімен саламыз.

Гратаж - «қырып» (цап-царап) салынатын тәсіл деп, орындалу ретін слайд арқылы көрсетемін. (Оқушыларға мұқият қарап отырып, естеріне сақтауды сұраймын)

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

Сұрақ -жауап арқылы Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарманы қандай жанр түріне жатқызамыз? ( Пейзаж ) .

Пейзаж - табиғатты бейнелеу. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Мысалы: қыс көрінісі- далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтақтары қисық болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық, күлгін. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі-түсті реңкке бөленеді. Боялардан көбіне қыс мезгілінде басым түстер ақ, көгілдір түс, күз айдында басым түс - сары, көктем айында көгілдір, жасыл түстер басым. Дегенмен де бір басым түспен табиғат, дала көрінісі шешілмейді. Әр алуан түстерінің жарасымын тауып, бір түске ортақтасуы, үлесуі керек. Сондықтан оқушыларды жылдың әр мезгілімен таныстыра отырып, ауа райына байланысты сол сәтті көрсете білу керек. Бір күннің өзі бірнеше көріністен тұрады: тәңсәрі, түс, кеш, түн т. б. Суретшінің шығармасында табиғи көріністері ерекше шеберлікпен көрсетілген, тіпті суреттің жазықтық бетінде орындалғаның ұмытамыз да, кәдімгідей биік таудағы мұз айдынында жүргендейміз.

Біз бүгін түнгі пейзажға тоқталсақ, түнгі пейзажда толық айдың бұлттар арасынан анық та айқын көрініп тұрғанын, көрген слайдтан байқағандықтарын сұрау. Осы бір сұлу көріністі гратаж техникасымен шығара білуге шақыру.


Ұқсас жұмыстар
Пейзажды бейнелеу және гратаж техникасы бойынша сабақ жоспары
Бейнелеу өнері сабақ жоспары: портрет жанры және штрих техникасы арқылы натюрморт
Бейнелеу өнерінің жанрлары: пейзаж және плэнэр
Композиция сабағы: Пейзаж - Қыс көрінісі (Алғашқы қар) және матрицамен бейнелеу мен бояу техникасы
5-6 сыныптарға арналған бейнелеу өнері: күзгі пейзаж және натюрморт (акварель, гуашь)
Бейнелеу өнері сабағының сабақ жоспары: Пейзаж - Қыс көрінісі
4-сынып бейнелеу өнері сабақ жоспары: Пейзаж және Абайдың Қыс өлеңіне иллюстрация жасау
Бейнелеу өнері мен сызу пәні: Натюрморт жанры бойынша сабақ жоспары
1-сынып: Музыка арқылы табиғатты бейнелеу
Бейнелеу өнері (6-сынып): Иллюстрацияның теориясы мен практикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz