Бет әлпет

"Бейнеу гимназиясы" мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Бейнелеу өнері. 2-сынып
Тақырыбы: "Портрет. Бет әлпет. Мимика"
Пән мұғалімі: С. Нажетова
2016 жыл
Бекітемін: ОІМ: Г. Азанова
1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО
1. Портрет жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды үйлестіру туралы өздерінің білімдерін кеңейту
3. Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу
Психологиялық дайындық: Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-Мақсаты
-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
- Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру
- Оның өзара қарым-қатынастан алар пайдасын бақылау
- Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
Мұғалімнің іс-әрекеті:
- оқушыларды топқа бөлу
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
1 - топ
1 Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
2 Пейзаж деген не?
2 -топ
1 Фон дегеніміз не ?
2 Натюрмаорт дегеніміз не ?
3- топ
1 Тақырыптық сурет дегеніміз не ?
2 Портрет туралы өз ойыңды айт
Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін ойын ойнату. . -Қане, балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп
елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен,
артымызда қарағай, шетен. Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып
тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам. Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсыңдар?
Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.
Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?
-Портрет.
-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ
ІІ мағынаны тану
«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.
Композициялық орналасуына байланысты портрет 3- ке бөлінеді.
1. Иық бөлігіне дейінгі портрет.
2. Бел бөлігіне дейінгі портрет.
3. Толық фигуралы портрет.
-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар. Ол әдебиет пәні. Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен
суреттеу арқылы да беруге болады.
«Түкті қабақ жауып түскен көзіне
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне
Қырлы мұрын, қырмызы ерін, қап-қара
Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне. »
Бұл -өлеңмен берілген портрет.
Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет. «Хамит-ұзын бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында».
Бір адамның бет әлпеті түрлі болып өзгеретінін білесің бе?Мына қыз балаға қарашы. Оның бет әлпеті қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді. Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде, оның бет әлпеті де өзгереді.
Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл - шындық. Сен жаңа ғана бөтен адамды танымай-ақ олардың көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.
Мимика - адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйдің айнасы. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып, күлкі шуағын шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады.
Адам мұңайғанда оның жүзінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz