Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

"Проекциялаудың түрлері"

Ақмола облысы Степногорск қаласы №1 Бестөбе орта мектебнің Бейнелеу өнері және сызу пән мұғалімі.
тақырыбы " Проекциялаудың түрлері"
мақсаты:
1.сызба сызу барысында тік бұрышты проекциялау әдісін қолданыуды үйрету.
2.ойлау қабілеттерін дамыту
3. сызу сабағына жауап кершілікпен қарауды және таза сызуға тәрбиелеу.
сабақтын түрі: икт сабақта қолдану
сабақтын әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру,сұраққа жауап беру, зерттеу, жаттығуларды орындау, интерактивты тақтамен жұмыс жасау.
сабақтын жабдықтары: интерактивная тақта, слайдтар , карточкалар, тапсырмалар
әдебиет: оқулық <<сызу>> есмухан ж.б
сабақтын барысы:
1. ұйымдастыру кезені.
жаңа сабақтаң тақырыбымен мақсатын хабарлау. сабақты бағалау барысында әр оқушыға түрлі карточкалар беріледі қызыл-5, сары-4, ақ-3 деген баға қойылады
2. өткен сабақты қайталау.сызбада сызықтарды дұрыс пайдалануды көрсететін тапсырмалар
№ 5 - тапсырма интерактивті тақтада беріледі доске
-нақты өлшемдерді көрсет (үлкейту масштаб, кішірейту масштаб)
№6-тапсырма сызбада жетіспейтін сызықтарды толықтыр.
№7- тапсырма сызбада жетіспейтін сызықтарды толықтыр
қорытындылау: сызбаны дұрыс сызу үшін сызба сызықтарды білу керек.
фронталь жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау:
1. бізге вертикаль орналасқан қарама-қарсы жазықтық? (фронталь жазықтығы деп аталады. р1- әріппен белгіленеді).
2. фронталь жазықтығын тағы қалай атауға болады? (алдынғы көрініс).
3. кандай көріністі ен маңызды деп айтуға болады? ( нарсенің толық кескінің көрсекен көріністі).
4. осы жазықтыққа проекцияланған нәрсені қалай атауға болады? (фронталь проекциясы).
5. фронталь жазықтықта қолданатын өлшемдер? (ені, биіктігі).
6. нәрсенің жуандығын қандай әріппен белгілейміз? (s).
дәптермен жұмыс .-фронталь проекция анықтамаларды дәптерге жазу.
нүктенің фронталь жіне горизонталь проекцияларынан тұратын кескіні қайтымды болатынын корсетейік. ол үшін нүктенің сызбасы, яғни оның проекциялары а1 және а2 берілген делік. біз а нүктесінің кеңісіктіктегі орнын анықтауымыз керек. қағазды х түзуі бойымен бүктеп, оның жоғарғы және төменгі бөліктерін өзара перпендикуляр орналастырамыз. енді жоғарғы бөліктің а1 нүктесінде және төменгі бөліктің а2 нүктесінде перпендикуляр тұрғызсақ, онда бұл екі перпендикуляр кеңістікте а нүктесінде қиылысар еді. сонымен, сызбадағы а1 және а2 нүктелерінде сәйкес кеңістікте тек бір ғана а нүктесі болып табылады.
карточкалармен жұмыс
карточка №1
центрі в(5;6;6) нүктесінде жататын радиусы 3см тең және хоz жазықтығына паралель орналасқаншеңбердің қиғашбұрышты фронталь диметриясын сал.
карточка №2
қырының ұзындығы 4см тең текшенің қиғашбұрышты фронталь диметриясын сал .
карточка №3
авс ұшбұрышының тікбұрышты изометриясын сал. берілген үшбұрыш төбелерінің координаталары белгілі: а(0;4;2), в(5;1,4), с( 3;4;5)
карточка №4
қырының ұзындығы 4см тең текшенің тікбұрышты изометриясын сал.
карточка №5
тікбұрышты хоzу координата жүйесін сал, постр авс , (1;5;4) , в (4;1;0), с(6;3;5) ұшбұрышты координаталар бойынша сыз.
карточка №6
тікбұрышты хоzу координата жүйесін сал, авс , (1;5;4) , в (4;1;0), с(6;3;5) ұшбұрышты координаталар бойынша сыз
3. жаңа тақырып
1. интерактивты тақтада өзара паралель екі жазықтыққа проекциялауды түсіндіру
а1 - а нуктесінің р1 жазықтығын тікбұрышты проекциясы.
а2- - а нуктесінің р2жазықтығын тікбұрышты проекциясы
ах-абсцисасы анүктенің .
2сөздік жұмыс- горизонталь проекция р 2.
- р 2. и р 1.жазықтықтар x осінде қиылысады, ось бойынша бұрмалауға болады- слова -
:: фронталь проекция б/ша - ені, биіктігі;
:: горизонтальпроекция б/ша - ұзындығы ,ені; метод прямоугольного проецирования обосновал, привел в стройную систему французский инженер, учёный гаспар монж.
- сөздік жұмыс - эпюр монжа, комплексный чертёж (сызба) .
iv. практикалық жұмыс.
жаттығу №1.56бет.
тақтада және дәптерде ұштардын координаталары бойынша ав кесіндісінің сызбасын салайық
пр №1 стр55 тақтада мұғалім түсіндіреді
:: дәптерге сызып, жазу.
v. сабақты бекіту
1. п1 жазықтығы қалай аталады?
2. п2 жазықтығы қалай аталады?
3. монж эпюрі деп нені айтамыз?
2. оқушыларға баға қою.
vi. үй тапсырмасы

Тақырыбы; Сурет - бейнелеу өнері шығармашылығының негізі мақсаты;
Сурет - қоршаған ортаны зерттеудің ең маңызды құралы. Ол график суретшіге де, кескіндемешіге де, сәулетші және қолөнер шебіріне де қажет Инженер мен дәрігер, географ, физика өзге де техникалық мамандық иелері үшін де аса маңызды
Оқушыларға сурет салуды үйрету олардың бойында шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Оқушыларға сурет салуды үйрету олардың бойында шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Сабақ барысы;
Сурет салу барысында балада талдау, жалпылау ойлау, ойын жүйеге келтіріп жинақтау, өз идеясын әсем түрде жеткізе білу, еңбекті бағалау, шыдамдылық сияқты қасиеттер дамиды. Бірақ балалардың барлығы бірдей қабілетті бола бермейді. Дегенмен шеберлік тынымсыз жаттығу нәтижесінде келетіндігі белгілі. Бұдан шығатын қорытынды бала бойында сурет салудың алғышарттарын, яғни бірқатар дағды мен шеберлікті қалыптастыру керек.
Дағды мен шеберлік арасында айқын айырмашылық бар. Шеберлік игерген білім мен дағдыны практикалық тапсырмаларды орындауда ұтымды қолдана алу қабілеті. Ал дағды автоматизм деңгейіне дейін жеткен қандай да бір әрекет, ол көптеген қайталаудың, үздіксіз жаттығудың нәтижесінде қалыптасады.
Дағды ұзақ жаттығулар барысында қалыптасады. Сурет салуға аз уақыттың ішінде үйрету мүмкін емес, ол ұзақ та қажырлы еңбектің жемісі.
Сурет - бейнелеу өнеріне қажет ең маңызды қабілет пен дағдыларды қалыптастыратын бастауыш мектеп сияқты. Сурет салу барысында адам қоршаған ортаны бақылауға, көргендерін ойша талдауға дағдыланып, заттарды, құбылысты терең сезініп қабылдай бастайды. Бейнелеу шеберлігін меңгеру, көркемдік көру қабілеті мен оны өз суреттері арқылы бере білу де суреттен басталады.
Сурет түрлері
1 Нобай сурет - тез арада орындалға жылдам сурет. Оның басты қызметі ойды тез арада қағазға түсіру. Ол нұсқадан, ойдан, елестету арқылы да салынады.
2 Нұсқадан орындалатын долбар сурет (зарисовка) - жылдам сурет. Басты мақсаты нұсқаны толық салып шығу емес, керісінше заттан, құбылыстан ең маңызды ерекшеліктерді көре біліп соны қаағаз бетіне түсіру
3 Техникалық сурет - әртүрлі техникалардың құрылымдарын түсіндіругк арналған сурет
5 Шығармашылық сурет - өзіндік идеясы, ойы бар графикалық құралдармен салынған суретші шығармасы.
6 Эскиз (француз.с: esguisse) - бұл үлкен жұмысты бастамас бұрын орындалатын дайындық нобай сурет. Қандай өнер туындысы болмасын алдымен эскиз жасалады. Ол ойды, идеяны жеткізу үшін ең ұтымды әдіс тәсілді, мәнерлеу құралдарын табу үшін жасалатын суретшінің ізденіс суреті. Эскиз болашақ шығарманың жалпы сипаты
7 Этюд (француз.с: etude - зерттеу) - бұл көлемі шағын, нұсқадан орындалатын көмекші сипаттағы сурет. Этюд арқылы суретші болашақ шығармасының бөлшектерін орындайды
ЖАТТЫҒУЛАРӘуелі қарапайым штрихтауға үйрету. Графитті қарындаштан басқа қалам, фломастер қолдануға болады. Оқушы шығармашылығына шектеу қойылмауы тиіс. Дәстүрлі штрихтаудан басқа әртүрлі декоративті әдістерді қолдануға боолады. Әрине алдымен қарындашты дұрыс ұстауға үйрету керек. Оқушылардың көпшілігі сурет салуда қарындашты қалам сияқты ұстайтындары белгілі. Оларға бейнелеу құралын дұрыс қолдануды үйретіп, штрих, дақ, тушевка, градация ұғымдары туралы мағлұмат беру керек.
Штрих, дақ, нүкте - суреттің басты мәнерлеу құралдары. Оны меңгеру үшін ұзақ және жиі жаттығу керек. Төменде бірқатар жаттығулар ұсынылады.
Қарындашты дұрыс ұстау
3х3х көлеміндегі шаршыны штрихтау. З-ін қарындашпен, 3-ін фломастер не қаламмен.
3 шаршыны әртүрлі материалмен бояу. (тушевка) (қарындаш, қалам, фломастер)
2. Шахмат тақтасы. А4 форматта 16 шаршыны штрихтау. Тондық өзгерісті көрсету.Үшеуін қарындашпен, үшеуін фломастер не қаламмен.
Көру қабілетін дамытуға арналған жаттығу.
1. Нүктемен сурет. Басты құралдар қара фломастер, қалам, қарындаш болуы мүмкін. Формат көлемі аса үлкен емес, шағын болғаны дұрыс. Мысалы А5, А4 формат. Себебі нүктемен жұмыс үлкен шыдамды қажет етеді. Ал жұмыстың тым ұзаққа созылуы оқушыны жалықтырып жібетіні сөзсіз.
Нүктемен сурет. Рисунок точками
Сызық. Қолды жаттықтыру. Қарындаш, фломастер, қаламмен орындалады.
Декоративті әдістер
Шығармашылық тапсырма: Штрих, тушевка, декоративті сызықтар арқылы кез келген заттың эскизін жасау. (қарындаш, қалам, фломастер).
Силуэт сурет
Э. Мане. Нобай.Көмір. Франция ХІХ
Практикалық тапсырма
Төменде ұсынылған саңырауқұлақты немесе өз қалауларыңызға байланысты кез келген гүлді, жапырақты декоративті штрих, өрнекпен көркемдеп бейнелеңіз.

Сабақтың тақырыбы: Сән ұғымы. Стиль.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: қазіргі таңдағы сән ұғымдарын, олардың түрлерін,
стильдерің мағынасын түсіндіру.
2.Дамытушылығы: сәннің даму сатысы мен қоғамдағы атқаратын
ролі, шығармашылығын қалыптастыру

3.Тәрбиелігі: эстетикалық талғамын қалыптастыру, алған
білімдерін өмірде қолдана білуге, жолдастық
көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: түсіндіру, сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері, компюьтер

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасы:
-Техикалық қауіпсіздік ережелері
-Жалпы киім тобы.(көйлектер,блузкалар, белдемшелер,және басқада көйлектік бұйымдар)
- машинаның шығу тарихы (ХVғасыр)
3. Жаңа сабақ:
Сән қалай пайда болды? Сән адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Айтатын болсақ адамзат баласы ең алдымен жапырақ, аңдардың терісі т.б
Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын ариналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда
Сән (мода) латын сөзі өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі, мағынасы ол уақытша келісімді-сәнді киіне білу деген ұғым береді.
Біздің өмірімізде сәннің ролі қандай?
Сән-қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс
Сәнге деген көзқарасымыз қандай? әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Сіз іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады. Талғам-бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б)
Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды.Оларды стильистер деп атаймыз.
Стиль (грекше балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.
Стиль


Классикалық Фольклорлық романтикалық спорттық

Классикалық стиль (байсалды, іскер,әсем)ең бір тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюм <<ағылшын>>пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер <<шинель>> костюмдері жатады.

Фольклорлық стиль - ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын кеңінен қолданамыз.

Романтикалық стиль-бұл ұшқыр, қиал елестер ізденістер тобы. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.

Спорттық стиль- демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер



Жаңа сабақты бекіту:
* Сән сөзінің мағынасы?
* Стиль. Стильдің түрлері?
* Классикалық стильмен фольклерлық стильдің айырмашлығы ?
* Романтикалық стиль мен спорттық стильдің бір бірінен ерекшелігі не?
* Бүгінгі сабақтың бағытын талдау?
* Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

Қортынды
Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма: Қазақстандағы белгілі сән үлгілерінің жұмыстарымен танысу.


Ұқсас жұмыстар
Кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа бейнелеу
Геометриялық денелердің проекциялары
Практикалық тапсырмалар
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Барлық оқушылар квадраттық функция ұғымы туралы мәлімет
Квадраттық функцияның анықтамасы
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Есімдіктің мағыналық түрлері
Пәндер