Заңды білу: оқушыларға құқықтық білім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы

№24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі.

Сынып жетекшісі:Тулеметова Камида Әбілдәбекқызы

Тақырыбы: «Заңды білу-заман талабы».

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
  2. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Өз іс-әрекетіне жауап беретіндей ой-өрісін дамыту.
  3. Заңды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру

Мұғалім: «Балам бол, басқа бол-бәріңе заң біреу-ақ» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруымыз керек. Халқымыз 13 жаста «отау иесі» деп атаған. Ал, қазіргі ҚР Ата заңы қылмыс түріне қарай 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Азаматтың міндеті- заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетті орындау. Өйткені, заң дегеніміз- өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде.

Мемлекетіміздің Ата заңының 1-бабының 1-тармағында «ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген қастерлі сөздерді кіргізген. Әрине бұл құқықты мемлекет болған соң, әрбәр адам өз құқықтарын жеке біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу-заман талабы.

Глоссарий «Тәртіп орнат»

1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы

2. Конституция Б- Мемлекет басшысы

3. Мемлекет В- Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4. Азамат Г- Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық Д- Заңдар жүйесі

6. Президент Е- Заң шығарушы орган

7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны

Жауаптары: 1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

№2. Сұрақ-жауап. «Құқық дегеніміз не?»

1) Жеке адамның құқығы дегеніміз не? (Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара )

2) Құқықтың қандай түрлері бар?

Жеке(азаматтық)

Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени т. б.

3) Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? (Туылғаннан беріледі)

4) Оларды орындау үшін не қажет? (Міндеттерін орындау)

5) Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын пайдалану құқығы)

6) Құқық қашан және қайда пайда болды?

(Азаматтарға құқық керек кезде ол пайда болады)

7) Бостандықты не шектейді?

(Бостандықты шектеу ір адамның санасына байланысты)

№3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін атаңыз?(бәрі интерактивті тақтаға қарайды)

№4. «Ойды аяқта» ( Мақал-мәтелдер айтудан жарыс )

1) Ұрлық түбі . . . (қорлық)

2) Біреуге ор қазба . . . (өзің түсесін)

3) Заңның құқығы . . . (бәрінен ұзын)

4) Өтірікшінің құйрығы . . . (бір тұтам)

5) Тура биде . . . (туған жоқ)

6) Туғанды биде . . . (иман жоқ)

7) Қолыңмен істегенді . . . (мойныңмен көтер)

8) Еңбек түбі . . . (зейнет)

№6. «Ой талқы»

(термин сөздерге жауап беру)

  1. Демократия- . . . (халық билігі)
  2. Кодекс- . . . (талдап түсірілген заңдар жинағы)
  3. Референдум- . . . (жалпыхалықтық дауыс беру)
  4. Азаматтық- . . . (Адам мен мемлекет арасындағы өзара құқықтар мен міндеттерді білдіретін құқықтық байланыс)
  5. Жаза- . . . (қылмыстық құқықта қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға, сот үкімі арқылы тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)

Қорытындылау:

- Балалар, заңды сауатты білген адам әділетті де, парасатты, турашыл да батыл болады. Ал заңды білмеген адам жағымпаз да, жасқаншақ, екіжүзді, қорқақ болады. Сол үшін де өздеріңнің құқықтарың мен міндеттеріңді біліп алып, соны бұзбайтын болыңдар. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Өйткені, заңды білу-заман талабы!


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бұзушылық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік: ұғымы, субъектілері және объектілері
Дала заңының ережелері мен қазіргі таңдағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет
Менің құқықтық алаңқайым: балалардың құқықтық сауаттылығы мен міндеттерін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта құқықтық тәрбие: Заңды білсең балдырған тақырыбындағы тәрбие сағаты жоспары
Құқық бұзушылықтың түрлері: тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық
Бала тәрбиесіндегі ата-аналық жауапкершілікті қалыптастыру әдістері
Ата Заңды ардақтау: Қазақстан Республикасының Конституциясын таныстыру және құқықтық тәрбие сабағы
Бастауыш сыныпта рухани-азаматтық тәрбиені қалыптастыру: әдістері мен бағыттары
Баланың құқықтары, заң және мемлекет: құқықтық сауаттылық пен азаматтық тәрбие
Мектептегі оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру: мақсаттар, міндеттер және әдіс-тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz