Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қызықты тапсырмалар

Алматы облысы
Талдықорған қаласы
№16 ОМГ. КММ-ның
бастауыш сынып мұғалімі
Аубакирова Ақылжан Даулетжановна
Математика 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға санды 4-ке көбейту және бөлу жолын түсіндіру; 2.Дамытушылық:Математикалық сөйлеу тілін, логикалық ой-өрісін, тапсырмаларды орындау біліктіліктерін, ізденушілік қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, байқағыштыққа, ой ұшқырлығына, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ізденушілік,түрлі ойындар
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кестелер,сызбалар,оқулық
Пәнаралық байланыс: анатілі, дүниетану, музыка
Өткізілетін орны: компьютер кабинеті
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.Слайд.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын << Ғылымдар патшасы>>- деп дараланып, Математика - қызыққа тоймайтұғын
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық. (Орнымыздан тұрып, бүгінгі ашық сабағымызға бір-бірімізге сәттілік тілейік)
Психологиялық тренинг
Мұғалімнің сұрағы Оқушылардың жауабы
Әрбір адам - досым, сыныптасым
Әрбір сабақ - үйрену,оқу,іздену
Әрбір ісің - тіршілік,адамдық
Әрбір сөзің - шындық,бірлік,адалдық
КІРІСПЕ: Балалар биыл біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл толатынын сендер жақсы білесіңдер.1-қыркүйек күні өткізілген мерекелік сабағымызда атап айтқандай, биылғы барлық көрсеткіштеріміз осы Қазақстанның 24 жылдық мерекесіне арналады. Бүгінгі математика сабағындағы еңбегіміз, жетістігіміз осы 24 жылдық мерекеге арналады. Отанға деген ыстық ықыластарыңды қалай білдіре аласыңдар? (Менің Қазақстаным-өлеңдер шумағын оқу )
2.Үй тапсырмасын тексеру
-Үйде 2 мен 3-ке көбейту және бөлу кестесін жаттап келу керек еді.Олай болса,тексеру жұмысы басталды.Менің көрсеткен қима қағаздарға жауап беріңдер.
- Ауызша <<Кім тапқыр?>> ойыны. Карточкамен жұмыс.
3х4 3х6 3х5 2х7 2х6 10:2 14:2 15:3 18:2 2х2 2х8 2х8 2х3 3х2 8:2 9:3 27:3 24:3 Қызықты тапсырмалар. 1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін? 2. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды? 3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны-он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр? Слайд. <<Артық санды тап>> ойыны
2 4 5 6 8 9 10 12 14 15 16 18 20 3 6 9 10 12 15 18 19 21 24 27 28 30 8 12 16 20 24 28 32 33 36 40 - бұл жолда қандай заңдылық байқадыңдар?
-Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. 104 108 112 .. 116 120 .. 128 .. 132 210 214 .. 222 .. 230 140 136 132 .. 124 .. 116 112 .. 104
Қандай заңдылық байқадыңдар?
3. Жаңа сабақ түсіндіру - Ондай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы <<4-ке көбейту және бөлу>> -Сабағымыздың мақсаты: 4-ке көбейту және бөлу жолдарымен танысу, көбейту кестесін меңгеру, ал сендер қандай мақсат қояр едіңдер?
- Қалай деп ойлайсыңдар санды 4-ке көбейткенде және бөлгенде қандай өзгеріс байқауға болады?
Слайд. Көбейту кестесін толықтыр.Тақтамен жұмыс
4х4 =16 5х4= 4х5 5х4= 20 4х4 = 4+4+4+4
4х5 =20 6х4= 4х6 6х4= 24 4х5 = 4+4+4+4+4
4х6 =24 7х4= 4х7 7х4= 28 4х6 = 4+4+4+4+4+4
............. ................. ................ ....................................
: 4
16 ?
х4

--- яғни, мынаны есте сақтау керек
16:4= 4 себебі 4х4= 16 32:4= 8 себебі 8х4= 32
20:4= 5 себебі 5х4= 20 36:4= 9 себебі 9х4= 36
24:4= 6 себебі 6х4= 24 40:4= 10 себебі 10х4= 40
28:4= 7 себебі 7х4= 28
4. Жаңа тақырыпты жетік меңгеру үшін логикалық есептер шығарып көрейік
А). Ағаш басында 3 торғай отыр еді,тағы 4 есе артық торғай келіп қонды. Ағашта барлығы неше торғай отыр?
Б). Алма ағашында 4 алма өсіп тұр, ал өрік ағашында 3 есе артық өрік өсіп тұр екен. Барлығы неше жеміс өсіп тұр?
В).Ұланға 8 дәптер бердім, ал Азаматқа 2 есе кем дәптер бердім. Азамат қанша дәптер алды?
Г). Анасы ұлына 20теңге, ал қызына 4есе кем берді. Анасы қызына қанша теңге берді?

5.Сергіту сәті Слайд. Хормен оқу, қайталау Жасағанда жаттығу, Керек емес аптығу. 1,2,3. 1,2,3. Жинап алдық міне күш!

6.Оқулықпен жұмыс
№ 4, 5. Бос орынға тиісті сандарды қою
№ 6. Жұппен жұмыс. Кестені толтыр
№ 7. Дәмханада өзіңді қалай ұстайсың? Қалай тамақтану керек?
Тәрбие сәті.
-Тәрбиелі, үлгілі, талапты, әдепті болсаң ғана Тәуелсіздік мерекесіне сен өз үлесіңді қосқаның. Осындай дамыған, өркениетті елде өмір сүріп, білім алып, өсіп келе жатқан ,сендер ең бақытты баласыңдар.
Есепті талдау, қысқаша шартын құру, дәптерге жазу.Тақтада бір оқушы орындайды,оның дұрыстығын ассисент тексереді.
№ 9. А) Қабырғасы 4 см тең шаршының периметрін табу
Б) Периметрі 24см, 32см, 28см шаршылардың қабырғаларының ұзындығын табу
7.Слайд. <<Сиқырлы сөз >> ойыны
<<80-48):4 = (Р) 34+9*4 = (Х) 70-18:2= (А)
7*4-28:4 = (А) 9*4-28 = (М) 5*4-16:4= (Т)
8. Сабақты қорыту . Бағалау парағы бойынша топ басшысы өз топтарындағы оқушылар жауабын бағалайды

Оқушыныңаты-жөні
Үй жұмысы
тапсырмасы
1- тапсырма
2- тапсырма
3- тапсырма
4- тапсырма
5- тапсырма
6-тапсырма
бағасы
1
Адилханова А

2
Болат Н

9. Үйге тапсырма беру
72-73 бет. №8, 11
Қосымша материал <<Жұмбақ өлең есептер>>
1. Көлден ұшты 50 қаз, 2.Бір қоянның екі құлағы бар, Қайтып қонды 20 қаз Екі қоянның неше құлағы бар? Қонбады оның нешеуі, Қане кім тез шешеді? (30 қаз) 3.Табақта 55 алма 4.100 асықтың 30-ын,
Қолымда 5 алма Досым сұрап алды
Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма) Өз қолымда қалады.
5. Бір-бірімен жарысқан, 6. Бір қоянның екі құлағы бар, Бір аю, бір арыстан. Екі қоянның неше құлағы бар? (4) Екі қоян, үш түлкі Бәрі нешеу ойлан сен?(7)

Ұқсас жұмыстар
Тапсырмаларды тапсырмалар орындау
Сиқырлы сандар
Шыршаның суреті
Бастауыш сынып апталығы
Логикалық есептерді шығару
Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату
Қызықты тапсырмалар Сабақтың мақсаты
Топ басшыларының сайысы
Қызықты тапсырмалар Сабақтың мақсаты. Сабақтың тақрыбы
Логикалық есептер
Пәндер