Мектепте диалогтік оқытуды енгізу: мұғалімдерге арналған коучинг бағдарламасы

Коучинг тақырыбының : «Диалогтік оқыту»

Мақсаты: мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында диалогтік оқытудың маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде енгізу.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер диалогтік оқыту туралы ақпарат алады, топта жұмыс істеу әдісімен танысады, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді.

Негізгі дерек көздері: Мұлімдерге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей, үлестірмелі материал, ІІ апта

Көрнекіліктер : интерактивті тақта, слайдтар, ватман, маркер, стикер, магниттік тақта

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

Коучтың іс әрекеті: Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер береді. Жағымды ынтымақтастық ахуал тудыру
Мұғалімдердің іс әрекеті: «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деп жазылған қағаз бөліктеріне жапсырады.
Коучтың іс әрекеті:

А) Топқа бөлу , топ ережесін ойластыру, топ басшыларын сайлау

Ә) Коучинг сөзіне түсінік беру

Мұғалімдердің іс әрекеті:

Әр мұғалім түрлі түсті қағаз арқылы топқа бөлінеді, топ ережесін құрып, жазады. Топ басшыларын сайлайды.

Коучинг туралы мағлұмат алады. ІІ деңгей бағдарламасының негізгі мазмұн идеяларымен таныс болады.

Коучтың іс әрекеті:

Ой қозғау

Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Мұғалімдердің іс әрекеті: Мұғалімдер топта талқылап, өздерінің ойларын айтады
Коучтың іс әрекеті:

Топтық жұмыс :

І топ: Сұрақ қою әдістемесі, жауап алудың тиімді дағдылары парағын талдау

ІІ топ: Белсенді, белсенді емес сынып салыстыру

Мұғалімдердің іс әрекеті:

Үлестірмелі материалдан алынған тапсырмаларды оқып, топ болып талқылауға, қорғауға беріледі.

Коучтың іс әрекеті:

Рөлдік ойын

Топтар берілген суреттер бойынша диалогтік рөлдік ойын

Мұғалімдердің іс әрекеті:

Әр топ өздеріне берілген суреттер бойынша диалогтер құрастырып, рөлге еніп ойнайды.

Коучтың іс әрекеті:

Сергіту сәті

Музыкамен билеу

Мұғалімдердің іс әрекеті: Сергіту сәтіне қойылған музыкамен билейді, бір сәтке көғәлдері көтеріледі.
Коучтың іс әрекеті:

Коучтың ақпараты

Диалогтік оқыту тақырыбы бойынша презентациямен таныстыру.

Мұғалімдердің іс әрекеті: Зейін қойып тыңдайды. Диалогтің түрлерімен, сұрақ қою әдістемесімен таныс болады. Пікір алмасады, сұрақтар қояды.
Коучтың іс әрекеті:

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Мұғалімдердің іс әрекеті:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы екі ұсыныс, бір тілектерін жазып рефлексия ағашына жапсырады.


Ұқсас жұмыстар
Диалогтік оқыту: мұғалімдерге арналған коучинг бағдарламасы
Диалогтік оқыту: мұғалімдерге арналған коучинг-сессиясының әдістемелік бағдарламасы
Оқытудағы диалогтік әдістердің тиімділігі: мұғалімдерге арналған коучинг
Оқытудың сапасын арттыруда диалогтік оқытуды қолдану бойынша коучинг жоспары
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру: мұғалімдерге арналған коучинг сабағы
Мұғалімдерге арналған ынтымақтастық пен топтық оқытуды ұйымдастыру: коучинг жоспары
Мұғалімдерге арналған сыни тұрғыдан ойлауды дамыту коучинг жоспары
Диалогтық оқытуды жетілдіру арқылы инклюзивті оқытуды қамтамасыз ету: мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Коучинг пен менторинг арқылы бірінші деңгей мұғалімінің формативті бағалау негізінде мектепте өзгеріс енгізу әдістері
Оқытуды басқару және мұғалім көшбасшылығын дамыту: коучинг тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz