Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тарихы терең төлтаңбам

Тақырыбы: <<Рәміздерім - мақтанышым>>
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру.
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту.Ойлау, сөйлеу жәнеқұрмалас сөйлем құрастыру қаблеттерін дамыту.
3. Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: презентация (ҚР рәміздері,ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері)
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе бөлім:

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан - жерім,Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді.
.Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы - мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған <<Менің Қазақстаным>> республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: <<Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр>> деп атап көрсетті.Ендеше, <<Рәміздерім - мақтанышым>> атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Командалар таныстыру
1. 10 <<А>>
2. 10 <<Ә>>
3. 10 <<Б>>

Сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылармен таныс болыңыздар.
1. ДТЖО Ағатаева Айгерім Құрманбекқызы
2. Тарих пәні бірлестігінің жетекшісі Дзельбаева Сымбат
3. Кітапханашы Көздібаева Ақгүл

Сайыстың шарттары
1. <<Сәлем - сөздің анасы>>
2. <<Тарихы терең төлтаңбам>>
3. <<Бәйге>>
4. <<Менің қиялымдағы рәміз>>
5. <<Топ басшыларының сайысы>>

Жүргізуші: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, гинімен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. Олай болса осы 3 негізгі рәміздер атындағы топтардың сәлемдесу, танысу кезеңіне сөз берейік.

1- топ <<Ту>>
2-топ <<Елтаңба>>
3- топ <<Әнұран>>

Жүргізуші: Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Сайысымыздың ІІ бөлімі <<Тарихы терең төлтаңбам>> деп аталатын кезеңінде оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихынан сыр шертеді. Яғни бұл бөлім оқушылардың ақындық қасиеттерін анықтау. Екі шумақ өлең шығару.

ІІІ бөлім : Сайыстың <<Бәйге>> кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.

Жүргізуші: Сайысымыздың V кезеңі <<Менің қиялымдағы рәміз>> деп аталады. Әр топ оқушылары өз қиялындағы рәміздердің жобасын жасап, қорғайды.
Жүргізуші: Олай болса сайысымыздың соңғы кезеңі <<Топ басшылар сайысы>>деп аталады.

Топ басшыларына тапсырма беріледі .
Сұрақ: мемлекеттік рәміздерді қандай сөздермен мақтар едіңдер?

Топ басшылары бір минут дайындалып жауап береді.
Бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Олай болса әділқазыларымыз да йын болғанша
<<Көк Тудың желбірегені>> әні орындалады

Жүргізуші: ҚР-ның Ата заңның 34- бап, 2-тармағында <<Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті>>делінген. Олай болса, рәміздерді құрметтеу- әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Әсіресе, ел ертеңі, болашағы - сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмаса керек деп қорытындылай отырып, сайыс сабағымыздың жеңімпаздарын анықтау қорытынды сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Әділ қазылар алқасының сөзі.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

І топқа

1. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?

2. ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?

3. Қазақстан қандай мемлекет ?

4. Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді ?

5. Нумизматика дегеніміз не?

6. Елтаңба тану ғылымының атасы кім?

7. Мемлекеттік Тудың авторы кім?

8. <<Әнұран>> терминінің өзі нені білдіреді?

9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?

ІІ топқа

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі

2. Қазақстан қандай мемлекет ?
Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемелекет

3.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер?
Шәмші Қалдаяқов, Жандарбек Мәлібеков

4.Қазақстан халқының саны қанша ?
Қазақстан халқының саны - 17 млн

5. 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым <<ҚР Мемлекеттік рәміздер күні>> болып белгіленді.

6. Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды?

7. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
8. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар
Ту

9.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді ?
Теңгенің жаңа түрі 2006 жылы қарашаның 15-інде айналымға енді

ІII топқа

1.Виксикология дегеніміз не?

2. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт

3.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президентін ұлықтау рәсімінде

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы
Шәкен Ниязбеков.

5.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
6. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1

7.Әнұран орындалған кезде қандай тәртіп болу керек?
Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар тұрып және сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.

8.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ...........
6. Елтаңба

9. Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?
Қазақстан

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық өнері
Шоқанның өмір жолы - елдің тағдыры, халықтың тағдыры
Химия-өмір өзегі
Еуразияның географиялық орны
Мұхиттардың аттарын ата
Солтүстік жарты шар материктері
Өткен сабақты қайталау
Каспий теңізі. Сабақтың барысы
Нені оқыту, қалай оқыту
Мұғалімнің әдістері
Пәндер