Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бабалар аманаты. 5 сынып
[pic]
№5 орта мектеп
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткен ашық тәрбие
сағаты.
Тақырыбы: Бабалар аманаты.
Өткізген: Боқаева.Г.М 5«б»
Шалқар қаласы 2011-2012оқу жылы
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке қалай қол
жеткендігі туралы түсінік беру,таным белсенділігін арттыру,Отанды сүюге
тәрбиелеу. 1
жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақстан Тәуелсіздігінің
20жылдығына арналған тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші. Иә бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын
төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа
табыс етті.
1 жүргізуші. 200жыл патшалы Ресейдің
отары болдық, 70жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден,
дінімізден айрыллдық.
2
жүргізуші. Тәуелсіздік үшін халқымыз 372 рет көтеріліске шықты.
1 жүргізуші. Ол
көтерілістер 1916жылғы ұлы дүрбеленге ұласты. 1986жылғы желтоқасн қоз
ғалысымен тарихқа енді.
2 жүргізуші. 1920-1921, 1931-1932 жылдары ұлтымыз қолдан
жасалған аштықтан, зорлық – зомбылықтан елінен безіп өз ұясын, руын,туған –
тусқанын сақтап қалу үшін 44елге тарыдай шашылып кетті.
1
бөлім Көрініс.
Шал: Біраз тынығып демалайық жол жүргенімізге қанша
күн болсада асқанымыз 1-ақ асу. -О,
Қасірет, қасірет!!! Шыныменен – ақ сорлаганымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз
жерімізден өзіміз безініп. Алде сұм тағдырымыздын жазғаныма. Көрсетпеген
нен калып еді, тағы да? Бәйбіше: -Қой отағасы ау, басқа түссе
баспақшыл деген тағдырдын салғаны көреміз-дағы. Артта аяулы кундеріміздің
келмеске кеткені рас. Әбден азып-тозған мына қаралы көштің бар үміті сенде.
Жасыма!!! Жігерлен, отағасы!!!
Қыз: Самал жел, сонша неге ызғарлысын? Нәресте кезімде де сен
емеспедін осы ызынмен жұбатқан? Ол кезде тым нәзік, есер едін. Шынары биік
қара тау, неге үндемейсің? Әлде мына меннен шошынып тұрмысын? Іштей
күңіреніп, іштей тұңіліп тұрмысын? Кең сары далам, қос жанардан қан ағызып
кетіп барам.
Жаныма жара шоқты алып
кетіп барам.
Мына өмірден баз кешіп налып
барам,
Қимастықпен жаутандап карайлаймын.
Бел арқада барады қалып далам,
Жасаған кеше гөр албыртты пәк перзентінді,
Сені тастап кетіп барам.
Балалы ана: -Балам-ау, неге сонша көп жылайсын? Әкенді алғаны аздай не
көрсетпек мына қара шұнақ құдай? Құлыным- ау сенін не кінәң бар еді.
Бәрінен бүйкүнә сәби емес пе едін? Ең ақыры кіндік қанын тамған жеріңе де
сыймай кетіп барасың ғой!!! Құдайым қаралы өлім азабынан құтқара көр енді.
(көш жүруге қамданып булылған төсек жабдықтарын арқалап сахнадан «Елім-ай»
әнімен шығып кетеді.)
IІ
бөлім
Баяу «Елім-ай» музыкасы естіліп тұрады, өлең
оқылады.
Қазақтың жері ежелден
Тарихқа куә боп келеді,
Тас,қола,темір дәуірдің
Мәдениеті орнаған ел еді.
Тегіміз біздің түркіден,
Түркіден қытай үркіген.
Білге қаған,Күлтегін
Талайдың жерін сілкіген.
Ер жүрек біздің бабалар
Тасқа да жазу жазыпты,
Білмей кеппіз біз бәрін.
Атадан мұра қалыпты
Алтыншы ғасыр далада
Болыпты тіпті қалада
Тараз,Отырар,Испиджаб,
Сығанақ сынды дара да.
Керей менен Жәнібек
Бар қазақты жиыпты
Ру аралық
қырқысты
Тез арада тиыпты.
Ізін қуып Тәуке хан
Заңның ұшын қиыпты.
Жеті жарғы ,халайық
Осылайша келіпті.
Күн туды қазақ басына
Жоңғар деген нәубеттен.
Аздырды елді,тоздырды,
Намыс отын қоздырды,
Бөгенбай сынды батырлар
Абылай сынды асылдар
Дұшпан бетін қайтарды,
Ел тағдырын қолға алды.
Тарих сыны қазаққа
Осыменен
бітпеді...
(Хан ордасына Абылай, Төле би,.қасында Қабанбай,Бөгенбай сынды баһадүр
қолбасшылар келе жатады. Қарсы жақтан Бұқар шығады.)
Бөгенбай: Бұқар жырау келеді!
Қабанбай:Арқаның
ардагерін қарсы алайық!
(Ордаға Бұқар жырау келеді.Абылай
хан амандасып,оң жағынан орын береді)
Бұқар жырау:Армысың,Абылай?!
Абылай:Бармысыз,Бұқар
баба?!
(Бұқар сәл ойланып,Абылайға
қарап сөз бастайды)
Бұқар:Біз бармыз-ау, хан ием.Қазақтың халін
айтсаңдаршы,сол мендегі зар, сол мендегі запыран...Қандауыз жоңғар
қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымды басыбайлы күң,ұлымды мұрны тесілген
құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар,Берекесі жоқ елдің бірлігі жоқ.
Не қылмақ ойың бар, а,Абылай?
(Ордада үнсіздік)
Бұқар:(Абылайға түйіле қарап) Бар сенгеніміз сенсің,Абылай! Баста мына
еліңді! Төле би:Алтау ала болса ауыздағы
кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.Тұрған жерін тұрақтаған,тұғыры
биік ел едік,іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып,атам қазақтың
елдігін сақтап қалар кез келді.
Бөгенбай:Қарт баба дұрыс айтады.Үш жүздің қазағының басын қос,баста
мына еліңді! Бұқар:Сайдың тасындай даңқты батырларың мен
қаны қазақ сені қолдамаса,маған кел! (Абылай ойланады)
Абылай:Ақиқатты ғана айтасың-ау,жырауым! Ақтабан шұбырындының кегі үшін
ғана емес,қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз.
...Заман қилы,жол ирек,
Ойласарға орын тар,
Ойланбай бірақ іс қылман...
...Елдескенмен елдесем,
Есем кетпес
жауыма,
Белдескенмен
белдесем,
Еңсем түспес дауына,
Қарыштап алға құлшынып,
Асқарға сермеп,
Арманға жетем ұмтылып,
Қайтсемде елді ел етем,
Өзгелермен тең етем...
Абылай :
Азаттық жол-азапты
Төземісің әлеумет!
Төзсең егер,әлеумет
Зорлықты жеңер ар-намыс
Шығарар тардан тәуекел
Тәуекелге бел байлап,
Қазақтың қайсар намысы
Болмасын дер қара жер
Жойқын жаудың жолында,
Жойылмасын деп қайран ел
Азаттықтың қаны үшін
Болашақтың бағы үшін
Ұлы жорық бастаймын!
Еремісің әлеумет!
Қабанбай: (Оң қолын кеудесіне
қойып,сөз сұрайды) Хан ием,қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар.Жорыққа
аттануға біз дайынбыз.Құдай қаласа,қазақ жері азат болады!
Барлығы:Аттанайық,аттанайық!
Бұқар:Бұдан
былай исі қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек!Қазақтың жағдайы қыл
үстінде тұр,ағайын.
Бәрі шулап:
-Иә,жырау!
-Табанды боламыз!
-Жауға құл болғанша,өлгеніміз артық!
-Аттан,аттан!
(Шам
сөнеді.Көшпенділер фильмінен үзінділер көрсетіледі).
(Сахнада
Бұқар қалады.)
Ат ойнатып сен тұрдың,
Шаңдатып хан шатырын.
Жекпе-жекте өлтірдің
Қалмақтың бас батырын.
Жалпақ дала аспанын
Даңқың кетті аралап,
Білді сонда қас жауың
Кім екенін Сабалақ.
Болдың өзің бас тұлға
Күресте отты күйдірдің.
Ақ туыңның астында
Абылайлап тұрды елің
Тепкісінде жат елдің
Түскен сорлап азапқа
Сен теңдікті
әпердің
Туған елің-Қазаққа...
ІІІ бөлім
Сахнада жарық Жер-Анаға түсіріледі.
Жер-Ана:
Армысыңдар, бауырымнан түлеген өрендерім!
...Мен
талай ғасырлардың куәсі қойнауым құтқа толы құдіретті Жер-АнамынІ
... Жасыл шүйгін, кең жайлау, асқар тау,
кербез орман, көркем бел, ерке жел. Талай жанға сая болған-қайран елім!
Басыңнан талай
нәубат кезең өтті ғой...
Менің елім
! Тәуелсіз елім! «Менің» деп меншіктеп айтар жерің мен еліңнің болғаны
қандай бақыт! Осы сөзде қаншама қуаныш, мақтаныш, тарих жатыр!
Ата-бабаңыз
туған жердің тоқымдай бөлігін де жауға бермеген. Ат үстінде күн кешіп,
«ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» жүріп
қорғап қалған, аманат етіп сіздерге қалдырған ұлы жер ғой, ұрпағым!
... Бүгінде міне, бақыт таңы, тәуелсіздік таңы
атты. Бұл тәуелсіздік-ата-бабаларыңның арман-тілек, төккен қан, аққан көз
жастарының, егемен ел болуды сарғая күткен сағыныштарының жауабы
.Айналайын, халқым, менің! Аз ғана уақыттың ішінде елімді, халқымды
шартарап танып үлгерді.Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген елімнің енді
еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым. Елім өркениетті замана ағысына
қосылды. Халқына жаһанданған дүниені сыйлаған, қазақ ұлтын әлемге
танытқан-тұңғыш Елбасың- Н.Ә.Назарбаев.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
1-оқушы:
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар;
Әлемде егемен
Қазақстан бар;
2-
оқушы: Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы,
сенімді саяси жүйесі бар;
3-оқушы : Ең бастысы-
бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берік сеніміміз бар!
Бәрі бірге: Біз, тәуелсіз елдің жас
патриоттары Елбасы саясатын қолдаймыз!
Келешектің іргетасын бірге қалаймыз!
Қатынасушылар: Абылай хан,
Бұқар жырау, Төле би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Жер-Ана
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz