Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі арқылы балаларға достық пен адалдықты тәрбиелеу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы : Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі) .

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.

Сөздік жұмыс: дәуіт, жардың қуысы, амалы таусылып.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қарлығаш, дәуіт, көкек, кыланның суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1. Кіріспе әңгіме Ертегі әуеніне қосылып балалар ән айтады. Есік қағылады. Ішке ертегілер елінен келген Тазша бала кіреді. Балалармен сәлемдеседі. Тазша бала өзімен бірге ертегі, жұмбақтар әкелгенін айтады. Балаларға жүмбақ жасырады.

Тазшаның жұмбағы:

Қонып алып жарға, қарқылдайды . . . ( қарға)

Өзі жасыл әрі батыр, ол не? . . . (дөуіт)

Өзі қара, бауыры ақ, ол не? . . . (қарлығаш)

Тазша бала «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып береді.

2. Дәптермен жүмыс: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру.

  • Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?
  • Жылан не үшін келді?
  • Қарлығаш көмекке кімді шақырды?
  • Көкек не деді?
  • Қарға ше?
  • Дәуіт не істеді?
  • Қарлығашқа кім көмектесті?

Ертегіні рөлге бөліп ойнату.

Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.

Құстың ұясын бұзба!

Құстың балапанына тиіспе!

Құсқа тас лақтырма!

3. Сергіту сәті:

Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,

ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.

(Қимылмен көрсетеді) .

4. Дидактикалық ойын: «ұшты-ұшты».

Ойын шарты: «Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кезде балалар қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеуі керек.

Тазша балалармен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.

Қорытынды:

  • Қарлығаш - адамға дос.
  • Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.
  • Қиындықта достарыңа көмектесу керек.

Ұқсас жұмыстар
Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі арқылы ересек Аққу тобын табиғат пен құстарға қамқор болуға тәрбиелеу - қалалық семинар-сабақ
4-сынып тәрбие сағаты: Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік пен адалдықты тәрбиелеу
Іздегенде табылатын қасыңнан: достық пен татулыққа тәрбиелеу сағаты
Балаларға арналған достық пен ұлтаралық бірлік тәрбиелік сахналық бағдарлама
Әдебиеттік оқу сабағы: Т. Сарыбайұлының Достық жыры - достық пен ұлттар арасындағы бірлікті тәрбиелеу
1-сыныпқа арналған Достық пен өзара сыйластық туралы сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі сабағы: Менің досым - достық пен сыйластыққа тәрбиелеу
Достық пен жауапкершілік: теректі күту арқылы татуласу
Достық сезімі: мектепке дейінгі балаларға арналған оқыту-тәрбиелік жоспар
Р. Босилектің Жақсылардың жақсысы ертегісі негізіндегі сабақ жоспары: еңбек пен білімге тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz