Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұқағали жыры - көңілімнің сыры

"Платон ХДО" директоры
Г.А.Қуанышеваға
Алматы облысы, Панфилов ауданы
Жаркент қаласы "Ы.Алтынсарин атындағы
орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі А.С.Сагимбаевадан

Республикалық "Көңілімнің сыры-Мұқағали жыры"
атты байқауға қатысуға сұраныс

Қатысушының аты-жөні
Талғатбеков Азамат Өркенұлы
Облыс, аудан атауы
Алматы облысы, Панфилов ауданы
Оқу орны атауы
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныбы
6 -сынып
Қатысушының Е-mail
жоқ
Шығарма тақырыбы
"Мұқағали жыры-көңілімнің сыры"
Жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, санаты, ғылыми дәрежесі
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , филология ғылымының магистранты
Сагимбаева Асель Сериковна
Жетекшісінің байланыс телефоны, электрондық адресі
8 707 267 51 83
asaghimbaieva@mail.ru

Көңілімнің сыры-Мұқағали жыры
Мұқағали атамның өлеңдеріне деген менің махаббатым анамның ықпалымен туды деп ойлаймын. Себебі, есімді білгелі анам маған жас ерекшелігіме сәйкес Мұқағали атаның өлеңдерін іріктеп, жаттатып жүрді. Жиын-тойдың барлығында мен сол өлеңдерді орындап беремін. Мені туған-туысқандар кейде "Мұқағали атасының" шөбересі деп те атайтын болды. Осылайша, күні-бүгінге дейін жаттаған өлеңімнің бас-аяғы елу-алпысқа жетіпті. Өткен жылы аудандық "Мұқағали оқуларына" қатысып , бірінші орынды иелендім.
Менде Мұқағалидың "Жырлайды жүрек" атты өлеңдер жинағы бар. Менің анам- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Бұл кітапты 4-сыныпты оқып жүргенімде анамнан өзім қызығып сұрап алған болатынмын. Сол кезден бастап күні бүгінге дейін бұл кітап менің қолымнан түскен емес. Мұқағали атаның осы жинақтағы барлық өлеңдерімен таныстым. Кітапты өзімше бірнеше тақырыптарға топтап та алдым. Олар: табиғаттың тылсым сырлары туралы, адам және адамгершілік қасиет туралы, ана мен бала тақырыбындағы өлеңдер, арнау өлеңдер, қызы Майгүлге арнаған топтама өлеңдері, махаббат сезімі, өмір туралы толғаныс, поэмалары т.б. Бұлардың әрқайсысы маған өзінше тың әсер етті. Бірінде қайғырып мұңдандым, көзіме жас келді, еңіреп жыладым. Келесі бір өлеңдерінде кеудемді қуаныш пен мақтаныш сезімі кернеді. Кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы, алтын бесігі -туған жерім, оттан да ыстық болар Отаным, көңілі дарқан, кең пейіл халқыммен мақтандым. Тағы бірде ақынды шын жүрегіммен аядым. Әттең сол кезді қайта келтіретін сиқыр күш болса, жанынан табылып, көңіліне демеу болғым келді. Алақаны балаға айдынды қоныс бола білген- анамның, асқар таудай қорғаным-әкемнің , ата қоныс, мекенім, алтын бесік -туған жерімнің, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы болған ана тілімнің алдындағы жауапкершілігімді сезіндім. Мұқағали жыры - көңілімнің сырын тауып, шөлдегенде сусындатып, сарайымды ашты, рақатқа бөледі. Енді мен де Мұқағалиша өлең жаза бастадым. Отаныма арнадым, Елбасыма арнадым, ата-анам, бақытты балалық шағыма арнап өлең жаздым. Сондай-ақ, сүйікті ақыным Мұқағалиға жыр шумағын арнадым. Қабыл алыңыздар!

Мұқағалиға арнау
Қанаттанып, түлеген Қарасазда,
Жоққа көніп, қуанған болса азға.
Наркеуде бір жан еді жаны нәзік,
Жыр арнаған ұйқыдағы аққу қазға.

Жүрегімен жырлаған үш бақытын,
Жыр ғып өріп, асылын, сөз жақұтын.
Өмір-өзен жырлап өте шықты,
Тәңірдің өлшеп берген уақытын.

Мұқағали шоқ жұлдыз ғой сөнбейтін,
Әрбір сөзі жүрегіңді тербейтін.
Мұқағали-сиқырлы да, сырлы күш,
Жырларымен көңіліңді емдейтін.

Өлеңдері жанға жылу береді,
Қайта-қайта оқи бергім келеді.
Ғажайыптан тосын келетін бір күштер,
Жүрегімді қуанышқа бөледі.

Ұқсас жұмыстар
М.мақатаев "есіңе мені алғайсың" әдеби кеші
Анаға мінездеме
Есіңе мені алғайсың
Аққулар ұйықтағанда. 8 сынып
М.әуезов "аққулар ұйықтағанда". әдістемелік сабақ үлгісі
35 күз, 35 қыс, 35 жаз
Мұқағалидың балаларының есімі
Мұқағали мақатаев. поэзия, менімен егіз бе едің?
Қарасаз Мұқағали өскен жері
Сүйемін, өскен Отаным
Пәндер