Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдауы

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ІІ ТОҚСАНДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1. Мұғалімнің аты-жөні: Мирманова Лағыл Балтабекқызы

2. Мектеп, сынып, пән : Качир ауданы, Октябрь ЖОББМ, 8 сынып, қазақ тілі, оқыту орыс тілінде

3. Тапсырмалардың құрылымы:

Тапсырмалар ІІІ критерийлер бойынша дайындалған

а) « Табиғат -алтын бесік » тақырыбына диктант жазады, кейін критерийлер арқылы жұмыс жасайды.

ә) ІІІ. (А критерийі) білу, түсіну, қолдану

ІІ. (В критерийі) талдау, жинақтау

І. (С критерийі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.

Міндеті:

  • сөз тіркестерінің аудармасын табу;
  • етістіктің шақтарын дұрыс ажырата алуы;
  • сөйлем мүшелерін дұрыс ажырата алуы;
  • күрделі сөздерді топтастыра алуы;
  • дыбыстық талдау жасай алуы;
  • бес жолжы өлең құрастыру.

Табиғат -алтын бесік

Көкшетау өңірі асқақ тауларымен, қалың орман-тоғай, ондаған үлкен-кішілі көлдерімен, түрлі жабайы хайуанаттарымен белгілі.

Көкше ормандарында негізінен қайың мен терек өседі. Көлдері қашанда мөп-мөлдір.

Көкшетау ормандарын жабайы бұғы, елік мекендесе, тау сілемдерінде арқар жортады. Көлдері балық пен жабайы құстарға толы.

Әсіресе соңғы жылдары табиғат байлықтарын сақтауға бұрынғыдан да зор мән берілуде. Мұнда табиғат байлықтарын қорғайтын қоғамдық орындардың жемісті еңбектері орасан. Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған. Ол тек орман күзетіп қана қоймай, басқа жерлерден әкелінген хайуанаттарды Көкшетау табиғатына үйретеді.

(80 сөз) (Интернет желісінен)

Грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа ІІ нұсқа

ІІІ. (А критерийі) білу, түсіну, қолдану

  1. Мәтіннен сөз тіркестерінің аудармасын табыңдар.

Густой лес, дикие олени Дикие животные, природные богатства

2. Берілген етістіктерді сөз құрамыны талдаңдар.

Өседі, жортады Үйретеді, құрады

3. Күрделі сөздердің түрін анықтап, топтастырыңыз

І-нұсқа. үлкен-кішілі, ТМД, бәйшешек, аққу, белбеу, көк ала, қарақұс.

ІІ-нұсқа. биыл, ПМУ, орман-тоғай, бүгін, Екібастұз, түлкі тымақ, қоңыр ала.

ІІ. (В критериі) талдау, жинақтау

1. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыздар

І-нұсқа. Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған.

ІІ-нұсқа. Ол тек орман күзетіп қана қоймай, басқа жерлерден әкелінген хайуанаттарды Көкшетау табиғатына үйретеді.

2. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.

Табиғат Орман

І. (С критериі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

« Табиғат » тақырыбына бес жолды өлең құрастыру.

Грамматикалық тапсырма бойынша қойылатын талаптар:

Критерий
Жетістік деңгейі
Дескрипторлар
Критерий: Сөз тіркесін дұрыс тауып, аударуы
Критерий:

А

Білу, түсіну және қолдану

Жетістік деңгейі:
Дескрипторлар:
Критерий: 0
Жетістік деңгейі: сөз тіркестерінің аудармасын таба алмауы
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: бірғана сөз тіркесінің аудармасын таба алуы
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: сөз тіркестерінің аудармасын дұрыс таба білуі
Критерий:
Жетістік деңгейі:
Критерий: Етістіктерді сөз құрамына талдауы
Критерий:
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Сөздің негізгі түбірін тауып, шақтың жұрнақтарын білуі, іс-әрекеттің қай мезгілде орындалып жатқанын анықтау.
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: Етістіктің негізгі түбірін тауып, шақтың жұрнағын белгіледі, бірақ іс-әрекеттің қай мезгілде орындалып жатқанын анықтай алмауы.
Критерий: 0
Жетістік деңгейі: етістіктерді сөз құрамына талдай алмауы
Критерий:
Жетістік деңгейі: Күрделі сөздердің түрін анықтап, топтастыруы
Критерий:
Жетістік деңгейі: 5
Дескрипторлар: Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай дұрыс ажырата алуы
Критерий:
Жетістік деңгейі: 3
Дескрипторлар: Күрделі сөздердің түрі анықтауға талпынды, бірақ толық емес
Критерий:
Жетістік деңгейі: 0
Дескрипторлар: Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай дұрыс ажырата алмауы
Критерий: Барлығы
Жетістік деңгейі: 24
Критерий: Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдауы
Критерий:

В

Талдау және жинақтау

Жетістік деңгейі: 5
Дескрипторлар: Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісін дұрыс ажыратып, сұрақ қоя алуы
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажыратты, бірақ бір-бірімен мағыналық байланыста болуын анықтай алмауы
Критерий: 0
Жетістік деңгейі: Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай алмауы
Критерий: Фонетикалық талдау жасауы
Критерий: 1
Жетістік деңгейі: Екпінді дұрыс қоюы
Критерий: 1
Жетістік деңгейі: Транскрипцияға сөзді дұрыс жазуы
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: Сөзді буынға дұрыс бөлуі, түрін анықтауы
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Критерий: 5
Жетістік деңгейі: Дауыссыздар үннің қатысына қарай жіктелуі
Критерий:
Жетістік деңгейі: 0
Дескрипторлар: Фонетикалық талдау жасай алмады
Критерий: Барлығы
Жетістік деңгейі: 23
Критерий: Бес жолды өлең құрастыруы
Критерий:

С

Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Жетістік деңгейі: 5
Дескрипторлар: Бес жолды өлең жазды. Стилі жанрға сай. Тілі көркем.
Критерий: 3
Жетістік деңгейі: Бес жлды өлең жазуға талпынды, бірақ жазу ережесін сақтаған жоқ
Критерий: 0
Жетістік деңгейі: Бес жолды өлең жаза алмады
Критерий: Барлығы
Жетістік деңгейі: 8
Критерий:
Жетістік деңгейі: 55

Балдарды бағаға айналдыру шкаласы

85-100% - «5» (45-55 ұпай)

64-84% - «4» (34-44 ұпай)

53-68% - «3» (23-33 ұпай)

52% және төмен - «2» (22 ұпай және одан төмен)


Ұқсас жұмыстар
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
Жай сөйлем түрлерінен өткенді қайталау. 8-сынып
Жалаң және жайылма сөйлем .Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау
Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем
Сөйлем мүшелері.2-сынып
Тұйық етістіктің түрленуі. 7 сынып
Сөйлем мүшелеріне талда
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы
Lesson study өткізуге арналған топ отырысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz