Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Баланың бос уақыты

Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті
ЖББ №17 орта мектебі
КММ-нің 9- сынып жетекшісі ,тәлімгер, технология пән мұғалімі
Беспаева Кулжан Кабдуевна

Баяндама тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы - тәрбиенің негізгі сатысы
Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесін тең етіп өркендетіп сондай - ақ болашағын айқындап беретін жастайынан алынған тәрбие. <<Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң егін ек, бірнеше жылға мақсат қойсаң - ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң - ұрпақ тәрбиесімен айналыс>> ,- дейді халық даналығы. <<Балаңды дұрыс тәрбиелегің келсе бес жасқа дейін хан баласындай күт,14 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан кейін досыңдай сырлас>>.Бала тәрбиесіне ата-бабамыз ерте кезден - ақ қатты көніл бөлген.Қазіргі білім беру жүйесі де жан-жақты білім беруге,рухани адамгершілік мәдениетін жетілдіруге бағытталған. Біздің №17 орта мектебінде де бала жүрегіне жол табуға,потриоттыққа баулуға,спортпен айналысуға,лириканы білуге т/б. баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалған.Әртүрлі үйірмелер,секцияларжұмыс жасайды. <<Жас ұлан>> ұйымы осы орталықтармен біріге отырып,іс жүргізеді.Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануы үшін мектепте мынадай мақсаттарды алдыға қоямыз:
1.Жеке тұлғаның жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;
2.Жеке техналогиямен жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру;
3.Өз ара түсінушілік, жылы психологиялық ахуал тудыру;
4.Шығармашылыққа жағдай жасау;
5.Дарынды балалардың мүмкіндігін ашу.
Білім мен тәрбие өзектес дейміз ғой...Екеуі қатар жүреді.Десек те баланың бос уақытын қалай пайдаланатынын немен айналысатынын білмейміз ғой.Баланың бос уақыты...
<<Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық аздырар адам баласын>>,-дейді қазақтың біртуар ақыны Абай. Бұл - өмір шындығынан алынған данышпандық сөз.Балаңыздың жолдастары кім? <<Ұлым үйде , ұрлығы түзде ;қызым үйде қылығы түзде>>,-дейтін нақыл сөзде де терең мағына бар.Ұл болсын,қыз болсын есін біліп,өз бетінше далада ойнауға жеткен кезінен бастап ,олардың бірге жүретін, мектепте бірге оқитын жолдастарының айтқан сөздері мен істеген істерін қайталауға құмар .Жалпы ата-ана болсын , ұстаз болсын балалармен әрдайым ашық сөйлесіп ,ойына келгенін жасырмай айтуға, шындыққа үйретсе , келешекте олардың белгілі бір дәрежеде жақсы азамат болуына ықпалын тигізер еді.Сондықтан да оқушының бос уақытын ұйымдастыра білуіміз керек.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алады яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз.Осы кезеңді дұрыс пайдаланып, баланың жүрегіне жол табу мақсатында оқу жылының басынан бастап, каникул кезеңдерін қамти отырып жоспарлар жасалынып, түрлі шаралар өткізіліп жатады.Мысалы: Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру,патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында <<Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау>>, -<<Елжандылық- өз елінің лайықты азаматы>>, <<Түрлі ұлттың баласы бейбіт өмірді аңсайды>>, <<Мәңгілік алауға ант береміз>>, <<Мақтан тұтар ағалар мен ізін басар балалар>> атты кездесулер, патриоттық ән байқаулары концерттік бағдарламалар, сапта жүріп ән айту сайыстары өткізілсе; түрлі сұлулықты сезіне білу мақсатында кітапханада <<Кітаптан сыр тартайық>>, <<Кітап - біздің досымыз>>, <<Елдің ертеңі білімдінің қолында>> және т.б. сайыстар кітапханашы Топаева Г.Ж. ұйымдастырылуымен жыл бойы жүргізіліп отырды.Шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға өзін бағдарлық жағынан сынап көруге мүмкіндік береді.Нақ осы сынақ балаға ақпарат беріп қоймай, белгілі бір әрекет түрін үлгілеуге, өзінің осы әрекет түрін меңгеруге даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал еңбек пән мұғалімдері Жұмашева М.А. мен Саметов Е.А. оқушылардың бос уақыттарын дұрыс пайдалануы үшін өз уақыттарын аямай бала жанын түсінуге тырысты, сол үшін еңбек етті. Олардың үйірмелерінің жұмыстары аудандық, облыстық көлемдегі негізгі орындарды иеленіп отырды. Оқушылардың әрбір күні ертеңгілік гимнастикадан басталады, ол 10-15 минут жүргізіледі.Бұл режимдік сәттің негізгі міндеті (денесін шынықтыру мен дамытудан басқа)-күні бойына жақсы эмоциялық көңіл күй және мықты дене тонусын сыйлау.Қимыл-қозғалыс ойындарына дене шынықтырудың барлық элементтері: жүру, жүгіру, секіру кіреді.Олар балалардың көңіл күйін көтереді, ептілігі мен шапшаңдығын, төзімділігін дамытады,ал ұжымдық ойындар оған қоса достыққа тәрбиелейді.Мектепте 280 оқушы болса оның жартысынан көбі спорт секцияларына қатысады. Баскетбол,футбол, волейбол, пионербол, қазақша күрес, Қоян-қолтық шайқасы т.б. спорт түрлеріне қатысып жүрген балалардың аудандық, облыстық, республикалық дәрережесінде біраз табыстары бар. Оны мақтанышпен айта аламыз.
Оқушының жазғы демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.
Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Кiтапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік,кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 дан, кешкі сағат 7 ге дейін.Оқушылардың бос уақытында және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін КТК, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады. Заман талабына сай қазір әрбір үйде жаңа технологиялар бар. Балалар интернет арқылы өздеріне керекті мағлұматтарды оңай әрі тез ала алады. Өздерін қызықтырған шараларды мектепте ұйымдастырайық деп ұсыныс жасап, ұстаздармен бірге өткізіп жатады. Мысалы: <<Менің арманым>> атты шараның өткізілуі ерекше болды. Мұнда балалар жұптаса отырып, өз армандарының қалайша іске асатынын презентация арқылы қорғай отырып, жарысты. Бұл жарыс сыныптар арасындағы жарыс болғандықтан барлық сынып оқушылары атсалысты. Жарыс өте қызықты әрі сәтті шықты. Коллективті жарыстың бірі жылда өтетін <<Әдемі, сұлу, сазды би ғажабы>> атты би жарысы.Ұлттық биден бастау алып түрлі ұлттардың биімен астасып,түрлі жанрлардағы билерге ұласып өтетін бұл жарысқа жылдан жылға қатысатындардың саны артып келеді. Баланың логикалық ойлауын дамытып отыру үшін тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарын жандандырып жатырмыз.Бұл ойындарға да балалардың қызығушылығы артып келеді.30 минуттық үзілісте балалар өз үйлерінен алып келген шашки, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын алып,ойнап отырады. Мектебіміздегі тарихи- өлкетану мұражайын толықтырып отыруға <<Жас Ұлан>> ұйымының мүшелері атсалысады. Биыл мектебімізге 50 жыл толды. Қаншама шәкірттеріміз жиналды. Қарап отырсақ қаншама профессорлар, қаншама еңбектері бар оқымыстылар, ректорлар, ақындар, журналистер,жазушылар, министрлер,сот,дәрігерлер, мұғалімдер , инженерлерт.б. атақты адамдар біздің мектептен білім алып,өмірге жолдама алған екен.Өзінің туған жерін, елін көркейтуге атсалысып жүрген түлектерімізбен қашанда қуана берейік.
Қорыта келе айтпағым, тәрбиедегі ең басты ережелер - балаға керекті кезде назар аудара білу , оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу , оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді .

Ұқсас жұмыстар
Бос уақытты ұйымдастыру
«баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы»
Өмір - шексіз керуен
Балаңызбен қарым - қатынасыңыз қалай
Үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу
Менің баламның үрейі
Қайық сурет
Әке, ана үш-ақ әріп тіршілік. үш әріптен үлбірейді гүл шығып
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы бала тілін дамыту
Компьютер ойындарының бала психикасына әсері
Пәндер