Балаларды даярлау

Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің
«Еркемай»шағын орталық тобының тәрбиешісі
Бақтыбаева Гүлмира Сәрсенбайқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойыншықтар қайдан келген?»
Білім беру саласы: (Тіл дамыту)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойыншықтар қайдан келген?»
Ұ. О. І. Ә-нің мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы мәлімет беру
Ұ. О. І. Ә-нің міндеттері : а) Балаларға ойыншықтар туралы мәлімет бере
отырып, ойыншықтардың неден, қандай заттардан жасалатыны қайдан келетіні жайында ұғым беру
ә) Балалардың ойлау қабілеттерін, зейінін, тілін, сөздік қорын дамыту
б) Балаларды ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, достыққа тәрбиелеу.
Ұ. О. І. Ә түрі : Саяхат
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау, психологиялық ойын жаттығу
Ұ. О. І. Ә-нің барысы:
Ұйымдастыру
Балаларды даярлау
2 Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы күн, қайырлы күн!
Сәтті болсын бүгінгі күн!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-
-Қыста немен ойнаймыз?
-Шанамен, шаңғымен, конькимен
-Өте дұрыс! Ал енді балалар қазір күн суық сондықтан үйде, топқа
келгенде нелермен ойнайсыңдар?
-Ойыншықтармен ойнаймыз.
-Ал, балалар өзіміздің сүйікті ойыншығымызды атайықшы.
-Ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстау керек. Ал енді балалар, осы ойыншықтар
бізге қайдан келетінін білеміз бе? Бүгін біздер « Ойыншықтар дүкеніне »
саяхатқа шығамыз.
-Дүкен алыс. Саяхатқа шығу үшін немен, қандай көлік түрімен барамыз?
-Автобуспен барамыз.
-Дұрыс, ал автобусқа міну үшін бізге билет қажет. Ендеше, менің
алдымдағы билеттерді алып,
әркім өз орынын табуы керек. ( Ойыншықтар суреті бойынша)
-Балалар, саяхатымыз көңілді болуы үшін ән салып, жолды қысқартайық.
«Ойыншықтар» әні хор
«Ғажайып сәт»
Жолда жатқан сиқырлы сандық.
-Ой, балалар, қараңдаршы, жолда сандық жатыр екен. Бұл жай сандық емес,
сиқырлы сандық екен. Суф-суф, суф, ақ сандығым ашылшы!
-Мәссаған, балалар, сандықтың ішінде сендердің сүйікті заттарың жатыр екен.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер дұрыс тапсаңдар,
сандық ішінен сол зат пайда болады.
1. Үрлесең жеп-жеңіл
Ұшырсаң, көк теңбіл
Елпілдеп кетеді
Бұлтқа да жетеді?
Балалар: -Шар
Тәрбиеші:-Өте дұрыс. Сандықтан шарды алып, сыйлаймын.
2. Қалқиған ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
Б:-Қоян
3. Ыссы пешті сүйеді
Аңдап басып жүреді
Б:-Бұл-мысық
Т:-Өте жақсы балалар, енді сиқырлы сандықты өзімізбен бірге алып жүреміз
Жол жүрмес бұрын бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті :
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
-Міне, балалар біздер дүкенге де келіп жеткен сияқтымыз.
Балалар дүкеншімен сәлемдеседі
Дүкенші: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер сондай сүйкімді балалар
екенсіңдер. Дүкенге не үшін келдіңдер?
Б:-Ойыншықтар алу үшін келдік
Тәрбиеші: -Балалар, мен сендерге қазір ойыншықтар туралы мәлімет
айтып берейін. Естеріңе сақтап алыңдар:Мына керемет ойыншықтардың
барлығы сендер үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегі арқылы жасалып
дүкенге келген. Бұл ойыншықтардың мынадай түрлері бар: Пластмассалы,
резиналы, матадан, ағаштан, темірден жасалады екен.
«Менің ойыншықтарым» аудио-видео тамашалау.
Дүкенші:-Ал енді балалар, сендер маған өздеріңнің сүйікті ойыншықтарың
туралы айта қойыңдаршы! Олар туралы тақпақ, жұмбақ, санамақ айта білсеңдер, мен сендерге өздерің қалаған ойыншықтарыңды тегін беруге уәде беремін.
Айназ: - Менің сүйікті ойыншығым-қуыршақ.
Сөйлемейсің қуыршақ
Тілің жоқ па қуыршақ
Жуынбайсың сен неге
Кірің жоқ па қуыршақ
Аяғың бар сен неге
Жүре алмайсың қуыршақ
Данияр:- Менің сүйікті ойыншығым-машина.
Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем
Кабинаға сыймаймын
Кәусар: -Менің сүйікті ойыншығым-доп.
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Секіртейін келе ғой
Қолыма кеп қона ғой
Нұрдәулет: -Менің сүйікті ойыншығым-қонжық
Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Қорбаңдаған аюды
Түсінде де көрмейді
Наз: Менің сүйікті ойыншығым-көжек
Ойыншығым көжегім
Қорықпайды қашпайды
Тәтті сәбіз ұсынсам
Ұстай алмай тастайды
Ақерке: -Іші толы бөлменің
Ойыншығым көп менің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz