Сандар жазылған карточкалар

Қызықты математикалық тапсырмалар мен ойындар.
Қызықты тапсырмалар мен ойындардың мақсаты - математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау.
Бұл тапсырмалардың міндеті - балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Қызықты тапсырмалар мен ойындар бастауыш сынып оқушыларына арналған.
I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.
Есеп - 1.
Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп. Еттен жасалған самса 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?
Шешуі: 14 - (2*3) = 8 с.
Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.
Есеп - 2.
Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды.
Сонда Қожанасырда неше тиын болды?
Шешуі: 5 * 3 * 3 = 45 тиын
Есеп 3.
Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?
Шешуі: 100 * 4 = 400
II. Тез есепте!
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қа не кім тез шешеді? (30 қаз)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
15
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)
III. Дидактикалық ойындар
Аукцион .
Мақсаты: с андар құрамына негізделген есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Күнделікті өмірмен байланысты аукцион тақырыбына лайықты толық дөңгелек сандарға арналған есептер шығару.
Қажетті құрал жабдықтар: аукционға түсетін бұйымдар, әртүрлі заттар, теңге үлгілері.
Ойын мазмұны: т ақта алдында аукционға қойлатын заттар қойылады.
Сынып ішінен аукцион жүргізуші және сарапшылар белгіленеді. Теңге үлгілері 10 - 100 көлемінде оқушыларда болу керек. Қалған сатып алушылар өздеріне ұнаған заттарды таңдап, алғашқы аукционға түсіретін қажетті заттарды атайды. Ең соңғы баға анықталғаннан кейін ғана зат сатылуға тиіс.
Немесе төмендегідей сыйлықтар аукционын өткізуге болады.
Сыйлықтар аукционы.
Тапсырмалар лоторея түрінде беріледі. Жұмбақтың шешуін тапқан оқушы сыйлықты алады. Қателессе келесі оқушы шығады.
№1. №2
Тілі бар, үні жоқ, Он екі парақ -
Өзін адам түсінген. Он екі ақ қанат,
Жүрегі бар да, қаны жоқ, Жауабы әсем - ақ,
Сөйлеп тұрған ішінен. /кітап/ Сызылған тақталап. /дәптер/
№3. №4
Ол - оқушы құралы, Күн сайын жыртылдық,
Қатеңді түзеп тұрады. /өшіргіш/ Өміріміз бір жылдық. /күнтізбе/
№5 №6
Тебеннің ұшы түйір, Өзі сөйлей білмейді,
Аяғы біреу, қолы жоқ, Салған ізі сөйлейді. /қалам/
Шиыр - шиыр жолы көп. /қалам/
№7. №8.
Жоқ өзінде бас та, мойын да, Дүниеге тұмсықсыз ол келеді,
Ұзындығы жазулы тұр Алайда тұмсығынан өледі. /қарындаш/
бойында. /сызғыш/ №9. №10
Бірге барып сыныпқа, Қызыл, жасыл, қарасын,
Бірге үйіңе қайтады. Қолға кезек аласың. /қарындаш/
Оның бетін кім ашса, Қарындаштар түгел,
Әр бағаңды айтады. /күнделік/ Құшағына кірер. /пенал/
Гүлдер, аралар
Мақсаты: толық ондықтарды қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру. Ойын - тест арқылы қажетті жауапты таңдай білуге дағдылану.
Қажетті құрал жабдықтар: өрнек жазылған гұлдер (әр түсті) . Сандар жазылған карточкалар. Аралардың суреттерін іліп қоюға болады. (Ойында олардың рөлін оқушылар атқарады) .
Ойынның мазмұны. Ойынды топқа бөліп ойнатуға болады. Тақтадағы гүлдердің күлтелеріне өрнектер жазылған. Әр күлте жапырақшаларында үш түрлі жауап.
Мысалы, 20+30 ( 50, 60, 90 ) . Әр топтағы ара рөліндегі оқушылар өздерінің гүлдеріндегі өрнектің мәнін дұрыс есептеп, өз жауаптарына қонуға тиісті. Қай қатар тез орындаса, сол қатар жеңімпаз атанады. Ойын нәтижесінде балалардың білім деңгейі тексеріледі.
Есте сақта.
Мақсаты: Көззердесін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қажетті құрал - жабдықтар: таңбалар жазылған плакат.
Таңбалар, суреттер, сандары бар плакат.
Ойын мазмұны. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Оқушылар зейінін таңба жазылған плакатқа аудару керек. Плакат жабылады. Оқушылар естерінде қалған таңбаларды алдарындағы қағазға жазуы керек. Неғұрлым көп таңба жазған топ жеңімпаз атанады.
Математикалық телефон.
Мақсаты: білімді тиянақтау.
Қажетті құрал - жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар) .
Ойын мазмұны. Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады. Мұғалім мысалды айтады, оқушы өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары қате болса, көмектеседі.
Қимақ.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын ұштау.
Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы сынып қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол «жеңімпаз» атанады.
Жұбыңды тап.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал - жабдықтар: төмендегі үлгіде жазылған карточкалар. 20+10, 30, 50+ 20, 70.
Ойын мазмұны. Көрсетілген үлгідегі карточкалар оқушыларға үлестіріледі.
Мұғалім «жұбыңды тап!»- деген кезде әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалулары керек. Ойын осылайша жалғаса береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz