Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушының бойындағы өзгерістер
Ордабасы ауданы
<<Тоқсансай>> жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Торғаутова Майра Қалмаханбетқызы
Эссе
Мен, Торғаутова Майра Қалмаханбетқызы 02.09.2014 ж. Ордабасы ауданы Тоқсансай ауылы, <<Тоқсансай>> жалпы орта мектебінен ҚББ бұйрығы бойынша үшінші (негізгі) деңгей 3 айлық біліктілікті артыру курсына келдім. Келу себебім, өз білімімді жетілдіру,білім алушыларға жаңаша тәсілдегі білім беру, Назарбаев зияткерлік мектебінің Кембридж университетімен бірлескен әлемдік стандарттар негізіндегі білім алу жобасын үйреніп, оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгере отырып оқушыларға заман талабына сәйкес келетін білім беруді үйреніп өз білімімді шыңдау болды. Біліктілікті арттыру курсында 02.09.2014 - 27.09.2014 күндері аралығында бірінші кезең - <<Бетпе-бет>> аудиторлық оқу - төрт апталық мерзіміндегі оқуды аяқтап, мектепке іс-тәжірибеден өтуге келдім. Мен осы курстың бірінші <<бетпе-бет>> кезеңінде бағдарламаның жеті модулі барысында негізгі идеяларды енгізе отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын және орта мерзімді жоспарды жоспарлауды үйрендім.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев <<Біз өмір бойына жететін білім алып өту модулінен, өмір бойы білім алып өту модуліне көшуіміз қажет>> деп білім алу процесіне өзінің жаңашыл идеясын айтқан болатын. Заман үздіксіз жаңарып отыратын процесс, сол заманға лайықты өскелең ұрпаққа білім беретін, тәрбиелейтін мұғалім. Ал мұғалім өзінің ізденісін тоқтатқан жағдайда оның мұғалімдігі де тоқтайтындығын білеміз. Ендеше жаңашыл, соңғы технологияны меңгерген, әдіс-тәсілдерді игеру жағы мықты орныққан мұғалім заманға сай оқушыны оқытып, тәрбиелеп шығарады деп сенемін.
30.09.2014 күні өзімнің мектебіме келіп, мектеп директоры Алтыбай. Үсен ағайға жолықтым. Әңгіме курс барысында алынған білім жайында болып, ісіме сәттілік тіледі. Бұдан әрі мұғалімдер бөлмесінде әріптестермен бас қостық. Бәрінің сұрағаны оқу қиын ба, біз барсақ оқи аламыз ба, айлығы көбейеді деген рас па? секілді сұрақтар болды. Мен өзім оларға оқудың түсінген адамға өте пайдалы екендігін айтып, бағдарламаның негізінде көп нәтижелерге жетуге болатындығын айтып әріптестеріме үш айлық оқу курсына баруға болатынын айттым.ІІІ (негізгі) деңгейлік курсқа дейін мен сабақ сұрау барысында оқушылармен диалогтық қатынастың қарапайым әдістерін қолданатын едім. Курс барысында үйренген тәжірибемнен кейін оқушылармен жұмыс жасауда жаңа әдіс-тәсілдер бойынша балалардың білім алуына жағдай жасау үшін сұрақ қоюдың жеке, жұптық және топтық сұрақ қою сияқты әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалануға болатындығын меңгерім. Оқушы өздігінен жауап бере алмаған жағдайда көшбасшының көмегіне жүгінетіндігі, ол болмаған жағдайда топтық негізде жауап берудің орынды болып шығатындығы. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып сұрақ қоюда төмен, орта, жоғары деңгейдегі сұрақтардың болуына мән беру маңызды болып табылады. Оқушы немесе топтағы оқушылар жауаптары қате болған жағдайда келесі топтардың жауаптарын да тыңдауға болатындығы ескерілуі қажет. Сұрақ қойылып болған соң оқушының жауап беруіне мүмкіндік беру қажет.
Оқушының бойындағы өзгерістер
1. Оқушылар білім алу барысында бір - біріне сұрақ қоюға, сұрақтың төмен, орта және жоғары деңгейлі болып келетіндігін, сұрақты қайта бағыттауға үйренді.
2. Білім алу үдерісінде оқушылар бір-бірінің сөзін бөлмей,ойын аяғына дейін тыңдап,сұраққа тиянақты түрде жауап беруге үйренді.
3. Сабақта оқушылар жауап бергенде өз ойларын ашық айтып, өз қателіктеріне түсіністікпен қарайтынын көрсетті.
4. Оқу үлгерімі төмен оқушылардың білімінің көрсеткіштері жоғарылай бастады.
Бағдарламаның І бетпе-бет кезеңін аяқтап, іс-тәжірибеден өту үшін мектепке келіп, сабақты нәтижелі өтуде оқушыларды топтастыруда жоспарлап келген жаңа әдіс-тәсілдермен бір сабақ үлгісін байқау жүзінде көрдім. Оқушылар бойында сабаққа деген қызығушылықтың артқанын байқап мерейленіп қалдым. Топтастыру тренингтерін тізбектелген сабақтар жоспарында сыныпты топқа бөлудің әтүрлі тәсілдерін пайдаландым. Мысалы , Балалардың білім алуға деген ынталары жоғарылады.
1. Білім алуда жұптық, топтық жұмыс жасаудың пайдалы екендігін, жай болсын, күрделі болсын жұмыс жасауда бірге орындауға болатынын түсінді.
2. Сыныпта қарым-қатынас жағдайы бір-бірімен сәйкестік таппайтын оқушыларың өзі тапсырмамен жұмыс барысында бірігіп отырып жұмыс жасап, ынтымақтастық көрсете білді.
3. Сыныпта топтық жұмыс жүргізіп, ынтымақтаса жұмыс жасау оқушылардың барлығының ойын бір арнаға тоғыстырды, босқа уақытты ысырап етуге жол бермеді
Оқушылардың жасаған жұмыстары мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсетуі мүмкіндігіне ие болады. Балалардың сабақты түсіну дәрежесін бағалау үшін тізбектелген сабақтар топтамасындағы негізгі сұрақтарымды құрып алдым. Ал сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында: <<Ақылдың алты қалпағы>>, <<Блум таксономиясы>>, <<Ассоциация>>, <<Кластер>> стратегияларын пайдаландым.
Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін тағы қандай сұрақтар қоюға болар еді? - деп ойлана отырып,тізбектелген төрт сабағымда да соңында рефлексия жүргізіп отырдым. Онда оқушылар <>, <<БББ>>, <<Екі жұлдыз, бір тілек>>, <<Кері байланыс>> стратегиялары арқылы оқушылардың нені түсінгенін бағалап отырдым. Оқушылар кері байланыс орнату арқылы нәтижеге жетуге болатындыгын білді.
Нәтиже: Жаңа әдіс-тәсілдер мен сабақты ұйымдастырып өту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, көзқарастары жақсарды. Топпен жұмыс жасаудың тиімді екенін түсінді. Жеті модульді пайдаланып сабақ өтудің нәтижесінде барлық оқушылардың сабаққа қамтылатынын, тапсырманы орындауда уақытты үнемдеуді, сыни тұрғыдан ойлауын, үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянғандығын байқадым.
Қорыта келе бір-біріміздің ойларымызды тыңдап ой қорытындысын жасадық. Біз сабақтарымызға өзгеріс еңгізе отырып, оқушылардың оқуға деген көзқарасын, өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра білдік.
Келешектегі жоспарым: Жеті модуль негізінде сабақ өтуді одан әрі қолдана беремін. Сыни тұрғыдан ойлауды сабақтарымда кең көлемде қолданып, оқу үлгерімі төмен оқушылардың оқуға деген қөзқарасын өзгертемін.

Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін тағы қандай сұрақтар қоюға болар еді? - деп ойлана отырып,тізбектелген төрт сабағымда да соңында рефлексия жүргізіп отырдым. Онда оқушылар <
Нәтиже: Жаңа әдіс-тәсілдер мен сабақты ұйымдастырып өту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, көзқарастары жақсарды. Топпен жұмыс жасаудың тиімді екенін түсінді. Жеті модульді пайдаланып сабақ өтудің нәтижесінде барлық оқушылардың сабаққа қамтылатынын, тапсырманы орындауда уақытты үнемдеуді, сыни тұрғыдан ойлауын, үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянғандығын байқадым.
Қорыта келе бір-біріміздің ойларымызды тыңдап ой қорытындысын жасадық. Біз сабақтарымызға өзгеріс еңгізе отырып, оқушылардың оқуға деген көзқарасын, өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра білдік.
Келешектегі жоспарым: Жеті модуль негізінде сабақ өтуді одан әрі қолдана беремін. Сыни тұрғыдан ойлауды сабақтарымда кең көлемде қолданып, оқу үлгерімі төмен оқушылардың оқуға деген қөзқарасын өзгертемін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz