Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Графикалық редакторлар

Күні: _______2013ж
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 8 «Б»
Пәні: информатика
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды графикалық редакторлармен таныстырып, графикалық
редакторлар қолданылуымен суреттерді редакциялауды үйрету;
Тәрбиелік: жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың графикалық редакторлармен жұмыс
істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң
ойлау қабілетін дамыту;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Білім мен қабілетті арттыруда қойылатын талаптар
Оқушылар білуі тиіс:
- Компьютерлік графика деген не?
- Компьютерлік графиканың классификациясы;
- Кең тараған графикалық редакторлар;
Оқушылар үйренуі тиіс:
- Графикалық редактормен жұмыс істеуді;
- Графикалық редакторды қолданып кескінді редакциялау.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті
тақта, флипчарт, маркер, тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: топтау, топтық жұмыс, Венн диаграммасы, сыни тұрғыдан
ойлау, формативті бағалау, диалогтық әдіс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, көңіл күйлеріне қарау және топқа бөлу.
Саламатсындар ма, балалар!
Жағдайларың қалай!
Оқушылар : Жақсы!
Сурет қиындылары бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді;
Топ басшысын белгілеу. Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.
1 топ: «Paint» графикалық редакторы
2 топ: «CorelDraw» графикалық редакторы
3 топ: «Photoshop» графикалық редакторы
Мұғалім: Дайынбыз ба?
Оқушылар : Дайынбыз.
Мұғалім: Дайын болсақ 1,2,3 шапалақ деп сабақты бастадым.
Оқушылар: 1 ,2,3 шапалақты бірдей етіп орындады.

ІІ. Тіреулі білімдерін жаңғыртып, қайта түзеу
Өткен сабақты бірнеше тапсырмалар арқылы қайталау
Тапсырма №1
«Ойланып көр» сайысы
Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында ашық, жабық деңгейдегі
сұрақтар беріледі. Топ басшылары үй тапсырмасын бағаламайды, орнын бос
қояды, оны өзім тексере отырып бағалаймын.

ІІІ. Мағынаны тану. Қызығушылығын ояту.

Тапсырма №2. Ребус шешу арқылы тақырыпты табу.

Жауабы: Графикалық редакторлар

- Балалар құттықтаймыз дұрыс шештіңдер.
- Олай болса біз «Графикалық редакторлар» тақырыбымен танысатын
боламыз.
- Балалар, не қажет деп ойлайсыздар?
- Дұрыс, компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар
графикалық редакторлар пайдаланылады.

Тапсырма №3. Видеокөрсетілім көрсетіледі

Тапсырма №4
Үш топқа үш түрлі тақырыптағы ресурс беріледі.
1. Paint
2. Photoshop
3. CorelDraw
Берілген ресурсты топ ішінде талқылап, флипчартқа жауаптарын түсіреді,
қорғайды. Қорғау уақыты 3 минут.
Постерді қабырғаға іліп, әр топ постерді бағалайды.
Бағалау өлшемдері:
• Анықтаманы дұрыс беруі
• Суреттердің әдемі көрініс беріп, тартымды болуы;
• Мағынаның толық ашылуы

Оқушы ойын толықтыру.

Мұғалім: Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді
құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі
кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық
құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады:
Растрлық, векторлық.
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint.
Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар
ыңғайлы
Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына
құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe IUustrator, т/б .
Компьютерлік гафиканың пайдасы:
1)Графикалық примитивтерді (сызық,төртбұрыш т.б) салу.
2)Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.
3)Сурет салу, бояу.
4)Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.
5)Көркем хабарлама дайындау.
6)Сақтау. Редакциялау.

Сергіту сәті. Көз, дене жаттығуларын жасау (әуен ойналып турады).

ІҮ. Шығармашылық жұмыс.
Тапсырма №5.
Берілген суретті растрлық графикалық редактор көмегімен өңдеу (жеке жұмыс)

(жұмыс уақыты он минут)

Ү. Ой толғаныс.
Тапсырма №6

Осы жерде мына кестені таратып беремін:

| БІЛЕМ | БІЛДІМ |ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ? |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |

VІ. Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін әр тапсырма бойынша
бағалайды.
(Мұғалімге ұсынады)

|р/с |Оқушының аты жөні |Үй |Өз |Анықта|Топпен|Компьют|Барлы|
| | |тапс|ойын |маны |жұмыс |ерді |ғы |
| | |ырма|жеткі|қорыты| |пайдала| |
| | |сы |зуі |п | |нуы | |
| | | | |шығару| | | |
| | | | |ы | | | |
|2 | | | | | | | |
|3 | | | | | | | |

Жауаптарын (+, - ) арқылы бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: §16. Графикалық редакторлар.
Бақылау сұрақтары – 61 бет,
практикум

Кері байланыс.

Сабақ қорытындысы: бастапқы нұсқа

Сабақтың жағымды жағы:

* Оқушылар топпен жұмыс жасауға дағдыланды;

* Оқушылар бір-бірінің жұмысына баға берді;

* Топпен ақылдаса отырып,анықтама қалыптастырды;

* Сыни тұрғыда ойлай білді;

* Өз ойларын ашық айтуға дағдыланды.

Сабақта жіберілген кемшіліктер:

* Ойлау қабілеті төмен балалар сыни ойлау сұрақтарына
жауап беруге қиналды;

* Кейбір оқушылар тақырыпты нақты аша алмады;

-----------------------
Растрлық графикалық редактор

Векторлық графикалық редактор

Ұқсас жұмыстар
Обьектілерді салу құрал - саймандары
Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте
Графиктік ақпаратты өңдеу
Қарапайым графикалық редакторы. суретті ашу. 7-сынып
Файлдан сурет қою мен Paint сурет айырмашылығын үйрету
Түстер палитрасы
Практикум. аралас құжаттарды құру
Графикалық ақпараттарды ұсыну
Қарапайым графикалық редакторы
Программалаудың даму тарихы. программалық қамтамасыз етудің даму тарихы
Пәндер