10-сынып информатика сабағы: Құжатқа сурет кірістіру

Бекішева Күлзия Есенқызы

Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің

информатика пәнінің мұғалімі

Күні:

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Құжатқа сурет кірістіру

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушылардың мәтіндік редактормен жұмыс жасау білім, біліктерін кеңейту және дағдысын жүйелеу .
  • Дамытушылық:Оқушылардың теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану

дағдыларын қалыптастыру, оқушы ойын дамыту.

  • Тәрбиелік:Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, ұқыптылыққа,

сауаттылыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: прктикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Пән аралық

байланыс: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, сурет пәні.

Көрнекілігі : компьютер, MS Word программасы, интерактивті тақта, проектор,

слайд, бағалау парағы, тест тапсырмалары, таратпа тапсырма.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында ауызша сұрақтар қою.

  1. Қандай программамен жұмыс жасап жатырмыз? ( MS Word пр-сы) .
  2. Программа қандай түрде ашылады? (Құжат түрінде)
  3. Қолданылу саласы?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 5 мин.

Word -тың қандай мүмкіндіктерін білеміз?

Word-ты жіктеу (интерактивті тақтада оқушылар жазып шығады)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту 10 мин.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарламас бұрын жетелей сұрақ қою. (ой қозғау)

MS Word-та жұмыстың қандай түрлерін жасай аламыз?

(Құжат құрамыз, құжат беттерін өңдейміз, мәтінге формула кірістіру, бетті нөмірлеу, бетті қоршау, бетке колонтитул қоя аламыз, т. б. )

Берілген құжаттың мазмұнына сәйкес сурет кірістіре аламыз ба? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.

Бүгінгі жұмыс тақырыбымыз : « Құжатқа сурет кірістіру » . Экраннан слайд арқылы көрсету.

Оқушыларға сұрақ:

Құжатқа суретті қандай әдістер арқылы кірістіруге болады ?

Суреттерді қою және олардың пішіндерін өзгерту

1. Негізгі менюде келесі әрекетті орындаңыз Вставка Рисунок Картинки .

2. Сұхбат терезесіндегі колекцияның ішінен картиналарды таңдап маус батармасын басамыз.

Қандай суреттерді кірістіре аламыз?(мәтін мазмұнына байланысты, қалауымызша барлық суреттерді)

Мақсатымыз : Word -тың мүмкіндіктерін пайдаланып, іс жүзінде қолдану.

Міндетіміз: (жетелей сұрақ қоя отырып, міндеттерді айқындау) .

  • Word редакторы бойынша өткен материалдарды еске түсіру;
  • Бұрынғы білімімізді бүгінгі алатын ақпаратпен толықтыру;

Жаңа материалды түсіндіру оқушылармен бірлесе отырып орындалады. (Интерактивті тақтада оқушылардың көрсетуімен) .

Сабақтың тақырыбын, құжатқа сурет кірістіру әдістерін және термин сөздерді дәптерге жазамыз.

Вставка-кірістіру

Рисунок-сурет

Картинки-сурет

Положение-орналасуы

Жаңа білімді бекіту. 20 мин.

29 қаңтардағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауымен бәріміз таныспыз.

Word редакторы бойынша алған білімізді пайдаланып осы жолдаудың « Адам -елдің басты байлығы » атты 4-тарауын буклет түрінде өңдейміз. Оқушылардан Жолдау туралы пікірлерін сұрау.

Оқушылар компьютерге отырып, жұмыс үстелінде сақталған Жолдаудың мәтінін іске қосады.

Берілген деңгейлік тапсырмалар бойынша практикалық жұмысты орындау арқылы жаңа білімді бекіту.

І деңгей

1 . Жолдау тақырыбын жазу.

шрифт түрі - Times New Roman

түсі - көк, жирный, курсив

мөлшері - 18

2. Жолдаудың бөлімдерін беттерге бөлу

3 . Бірінші беттің төменгі жағына «Астана-2010» сөзін енгізу

ІІ деңгей

1. Бөлім тақырыптарын өңдеу:

түсі - көк, жирный, курсив

мөлшері - 14

2 . Бөлім мәтіндерін өңдеу

3 . Бет номерін қою

ІІІ деңгей

1. Мәтін мазмұнына сәйкес суреттер кірістіру

2 . Суреттерді әр түрлі әдіспен орналастыру, пішімдеу

3. Бетті қоршау (жиектеу)

Жаңа сабақ бойынша теориялық білімді тексеру компьютерлік тест арқылы орындалады.

Тест сұрақтары:

1. Формат- Буквица командасы:

1) Белгіленген фрагменттің барлық әріптерін өзгертуге

2) Абзацтық шегіністерді анықтауға

3) Белгіленген фрагменттің бірінші әрпін өзгертуге

2. Қаріпті өңдеу қай команда арқылы орындалады ?

1) Правка-Шрифт

2) Вставка - Шрифт

3) Формат - шрифт

3 . Мәтінге кесте кірістіру

1) Таблица-Вставить-Таблица

2) Вставка-таблица

3) Формат - таблица

4. Мәтінді бағанға бөлу

1) Вставка-Колонки

2) Формат - Колонки

3) Правка - Колонки

5. Бет нөмірін қою

1) Вставка-Номер страницы

2) Формат - Номера страницы

3) Сервис - Номерстраницы

6. Мәтінге сурет кірістіру

1) Правка-Рисунок

2) Формат - Рисунок

3) Вставка - Рисунок

7. Сақталған құжатты қалай ашамыз?

1) Файл-Открыть

2) Правка -Открыть

3) Формат-Сохранить

8. Құжатты қағазға басу

1) Файл-Печать

2) Правка -Печать

3) Формат-Печать

9. Құжат бетіне колонтитул қою

1) Вставка- колонтитул

2) Формат - колонтитул

3) Вид - колонтитул

10. Мәтіндік редакторының қызметі?

1) Сурет салуға арналаған

2) Есептеуге арналған

3) Мәтін өңдеуге арналған

Тест компьютерде орындалады, нәтиже компьютерде бағаланады

Қорытындылау. 2 мин.

Бүгінгі күн талабына байланысты барлық салада құжатты компьютерде өңдеу талап етіледі. Бұл мәселені шешуге бізге көмектесетін Word редакторы туралы

оқушылардың жауабымен сабақты қорытындылау.

Бағалау 4 мин.

Бағалау парағы бойынша оқушы бағасын талдау.

:
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ: БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
:
:
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ: Тапсырма атауы
: Баға
: 1
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ: Ауызша жауап
:
: 2
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ: Практикалық жұмыс
:
: 3
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ: Тест
:
:
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ: Қорытынды баға
:

Үйге тапсырма: 1 мин. Құжатқа сурет кірістіру.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып информатика сабағы: Word графикалық мүмкіндіктері және WordArt арқылы фигуралық мәтін кірістіру
7-сыныпқа арналған сабақ: Мәтінге сурет кірістіру және құжат бөліктерін көшіру мен жылжыту
5-сыныпқа арналған практикалық сабақ: Аралас құжаттарды құру және құжатқа сурет орналастыру әдістері
8-сынып: Мәтіндік құжаттарға графикалық кескіндерді кірістіру және салу
7-сынып информатика сабағы: Paint графикалық редакторының негізгі құралдары мен сурет салу әдістері
5-сынып информатика сабағы: Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары мен практикалық жұмысы
Мәтіндік құжатқа графикалық объектілер мен көркем жазуларды енгізудің әдістері
10-сынып гуманитарлық бағыттағы информатика сабағы: Антивирустық бағдарламалар (сабақ жоспары)
5-сынып информатика сабақ жоспары - графикалық редактордың сурет салу құралдары
10-сынып информатика сабағы: Мультимедиа - сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz