Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аты оның Түзу ханша

Қатысушы кейіпкерлер:
Көпбұрышты патша, Шеңбер ханшайым, Түзу ханша, ханзада Кесінді, герцог
Бұрыш және оның ұлдары, графиня Биссектриса, графиня Медиана, баронесса
Нүкте, Ұшбұрыш қарақшы, Ақиқат аксиома періштесі, дәлелдемелік Теорома
періштесі.

Автор: Ерте, ерте ертеде геометрия патшалығының Планиметрия қаласында
Көпбұрышты деген патша елге билік құрыпты. Қарсы алыңыздар!
Мынау патшаның жұбайы-
Дөңгелек денесі әрдайым,
Есімі Шеңбер ханшайым!
Ал, олардың қызы-
Көрер көзге сұлу сонша
Аты оның Түзу ханша!
Патшаның жан дегенде
Жалғыз ұлы-
Болашақ тақ иесі
Бәрін алар мұраға
Кесінді атты ханзада!
Ол- көңілді әрі сүйкімді
Бірақ, қитар мінезді!
Сіздерге ұлы мәртебелінің жанұясы таныстырылды. Олай болса бір сәт сарай
айналасына көз салайық.
Сарайда бүгін мереке
Кім келмейді
Патша қылады келеке.
Өйткені жас ханша туған күнін
Атап өтпек мерекелеп жұртқа бүгін.
Түзу ханшаны құттықтауға мүдделі
Герцог Бұрыш елден бұрын келеді.
Бұрыш:
Жас, ханша сізді құттықтауға рұқсат етіңіз
Ұлдарыммен таныстыруға мұрсат беріңіз!
Мынау-Жазыңқы бұрыш,
Ал анау- Тік бұрыш
Мынасы-Сүйір бұрыш
Соңғысы Доғал бұрыш!
Спортпен жаттыққан өңшең құрыш!!!
Түзу ханша:
-Ах, қуаныштымын,
Ұлыңыздың көптігіне таңым бар
Бірақ та бір нәрсеге шүбам бар:
Оларды шатыстырмай,
Бытыстырмай, айтатын
Жолы жоқ па жеңіл сондай?
Бұрыш:
-Сұрағыңыз орынды, ақылды ойға қонымды
Бұрышы 90-нан төменін Сүйір деймін
90-ға теңін Тік деймін
Ал, бұл екеуін екі орайтын жалпағымды
Көлемі 180-ге тең Жазық деймін.
Автор:
-Сарай алдына келді де тоқтады, бір ақ арба
Ішінен шықты далаға, графиня Биссектриса
Артынан оның ереді, графиня де Медиана

Биссектриса:
-Ханша, құттықтаймыз біз сізді!
Медиана:
-Жақсылықты ең ізгі!
Ханша:
-Рахмет! Көңілдеріңіз хош болсын
Жайғасыңыздар той болсын! (Графинялар үйге кіреді)
Ханша (өзіне-өзі): Мен бұларды танымадым ғой?
-Жарамады менікі
Білместігім бүгінгі
Сұрайыншы ағамнан
Көңілдегі күдікті. (Кесіндіге келеді)
-Кесінді аға, айтыңызшы
Графинялар жайында
Несімен олар атақты
Немен шыққан даңқтары?
Кесінді: (назаланып)
-Қарындасым-ай болмадың
Медиана былайша, маған аздап ұқсайды
Айырмасы алайда, ұқтыруды қалайды
Кесінді емес жай ғана
Қабырғаны қосады
Үшбұрыштың басына,
Қиып түсер алмас қой
Сақтану керек қалайда!
Жүргеміз қалай байқамай
Медиана деген албасты
Сыбайласы Үшбұрыш
Ол бір жүрген қарақшы!
Ханша:
-Ал, Биссектриса ше?
Кесінді:
-Ол, оңбаған тышқан ғой!
Бұрышты жүреді сағалап
Кеміріп бәрін қидалап!
Биссектриса (естіп қалады):
-Ах, ол мені тышқан деді ғой
Тұра тұр бәлем өтсін той
Биссектриса саған көрсетер
Бәріңе қайғы жегізер!
Автор:
-Көптен күткен баронесса Нүкте
Келді міне, сыйлық алып көпке
Ханшаға қарап тұрып тілек айтты
Дегендей: “Ет етке, сорпа бетке”
Өлең ойнап, би билеп, той тойлап
Мереке өтіп жатты ханшаға арнап
Патша:
-Бүгін міне таңертең біздің ханша
Толып отыр он сегіз кемел жасқа
Кәмелеттік балиғатқа жетіп отыр
Болашақ күйеуіңді таңдай отыр!

Бұрыш:
-Ұлы мәртебелі Көпбұрышты патша
Айтайын мен ұсыныс, рұқсат болса
Қасқырдай боп ұлдарым отыр менің
Таңдар ма екен содан күйеу Түзу ханша?
Үлкен ұлым Жазыңқы
Әйелі оның қазақы
Қалғандары сүр бойдақ
Алсын ханша өз таңдап
Доғалы ма, Сүйірі ме, Тігі ме
Күйеу таңдау ханша қыздың өзіне!
Патша:
-О, герцогтар!
Сіздерге менің құрметім
Бірақ та бар бір сөзім
Қараңдаршы қызыма
Жіңішке әрі ұзын да
Түзу және сұңғақ та.
Сондықтан да қызыма
Теңі керек қалайда!
Сайыс қазір бастаймын
Әділдікті қостаймын
Үш жігіттің қайсысы
Көп білерін байқаймын
Ал, көрермен сіздер де (залға қарап)
Отырмаңыз жай текке
Мен сұрақтар қоямын
Күйеулер жауап береді
Дұрыс болса “Иә” деңіз
Теріс болса “Жоқ” деңіз
Олай болса бәйгені
Бастайық біз ендеше!

ОЙЫН-САЙЫС
Патша:
-Геометрияда қандай фигура бар
Мысал оған айтыңдар?
Доғал:
.......ферзь,пешка........(зал “Жоқ”)
Тік бұрыш:
-Үшбұрыш. (зал “Иә”)
Сүйір бұрыш:
-Сәуле, кесінді (зал “Иә”)
Патша:
-Жауабын тез айтыңдар
Жазықтықта айталық
Қиылысуы мүмкін бе
Кездесе қалса қос түзу?
Мүмкін болса неше рет
Шабысады бір-бірін?
Доғал:
-Шексіз мәрте қиылысады
Оған ешбір дау болмайды!
Патша:
-Тағы бір сұрақ қояйын
Болмаса түзулерде
Ортақ нүкте,
Аталады қалай олар
Сол мезетте?
Сүйір:
-Түзулер ондай егер
Қиылыспаса,
Атаймыз “паралелль” деп
Сол қиын ба?
Патша:
-Көріп тұрмын, Сүйір бұрыш ақылды
Қызым сендік, болыңдар енді бақытты!!!
Автор:
-Мереке тарқап кеш болды
Шамдар өшіп түн болды
Алайда ертегі біткен жоқ
Биссектриса кеткен жоқ
Кесіндіден кек алмаққа
Сөйтіп өшін алмаққа
Биссектриса асықты
Ормандағы қарындашқа.
Жолай соқты бұрылып
Қарақшы Үшбұрышқа
Тірі пенде білмейді
Не айтқанын үшеудің
Келесі күні қалада
Жаманат шықты сарайда.
Із-түссіз ғайып болды
Сол түні түзу ханша!
Жылап жүр жұрттың бәрі де
Үрей елдің көзінде
Патша жүзін қайғы басқан
Ханшайым көзін жас жапқан
Патша:
-Көмектеседі бізге кім?
Ханшайым:
-Қызымды қайтарар кім?
Автор:
-Мүмкін көрді әкесінің қайғысын
Мүмкін естіп шешесінің мұң-зарын
Қайткенде де жіберіпті Пифагор
Қасындағы екі періште данасын
(Есік ашылып, ішке екі періште кіреді. Қолдарында таяқшалары бар)
Патша:
-Кімсіздер?
Періштелер (бірі жеңіл ғана иіліп):
-Сөзімде жоқ жалған,
Жұрт сөзіме нанған
Ақиқатты айтатын
Періште Аксиомамын!
Екіншісі:

-Мен періште Теорома
Өтірік –ақиқат бола ма?
Ханшаны кім ұрлады
Дәлелдеуге болмай ма?
Аксиома:
-Дайынбыз көмек қылуға
Жоғалған ханшаны табуға!
Теорема:
-Ханшаны ұрлаған қарақшы
Орманға барып тығылды!
Аксиома:
-Көзді ашып-жұмғанша
Қарақшы болады қолыңда!
(Теорема таяқшасын сілтеп қалады, сол мезетте үшбұрыш-қарақшы дәл патшаның
аяғының астына топ ете қалады)
Қарақшы:
-Жазаға жалынам бұйырма
Патшада кешірім болмай ма?
Итерген мені Биссектриса
Мұндай қылмыс жасауға?
Мен сізге қызыңызды қайтарам
Содан кейін өз қарамды батырам
Ешқашан жамандық қылмаймын
Жанымды қалдыр деп сұраймын!
Патша:
-Мен саған кешірім қылмаймын
Шындықтың жеңгенін қалаймын
Тастаңдар кәне, шауып басын
Жазасы трапецияға айналсын!
Ал, графиня Биссектриса
Құтылмайды ешқайда
Бұрышқа апарып қояыңдар
Онда оған орын бар!
(Теорема таяқшасын сілтейді. Түзу ханша пайда болады. Әке-шешесімен жылап
көріседі)
Автор:
-Отбасымен Көпбұрышты патшаның
Енді, міне қоштасатын сәт толды
Олармен өткізген бір сабақтың
Оқушы үшін пайдасы мол болды
Геометриялық фигуралар нышанын
Біліп жүрер бала саны көп болды!!!

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы.

Математика пәні мұғалімі-Бегманова К.Д.

Ұқсас жұмыстар
Күлкі күні
Ұстазым әні
Баланың тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы- отбасы атты ата-аналар оқуы
Тарихи сөз
Төрлет,төрлет,Жаңа жыл
Екі сөзді
Лексикадан өткенді қайталау жайлы ақпарат
Көнерген сөздер
Таза бала
Қарпайым мәтіндік редакторы
Пәндер