Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көпбұрыштың периметрі

Астана қаласы – 2011

Сабақтың тақырыбы:
Көпбұрыштың периметрі

№ 27 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі Булашева Н.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі
Сабақтың мақсаты: 1 «сынық сызық» түсінігін (тұйықталған, тұйықталмаған);
сынық сызықтың ұзындығын табуға үйрету.
«Көпбұрыштың периметрі» түсінігімен таныстыру және оны табуды үйрету.
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жіп, формула жазылған плакат.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Біз бақытты баламыз,
Ойлап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып, білім аламыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
78 беттегі №4 тапсырманы тексеру.
3. Ауызша есептеу.
- «Сиқырлы алтыбұрыш» тапсырмасы;
- «Қай қатар жылдам?» ойыны ; Тізбектегі амалдарды орындау.
4. Математикалық диктант.
- 7-ні 9-ға арттыр;
- Азайғыш 18, азайтқыш 8. Айырманың мәнін тап;
- 30 бен 50 сандарының қосындысын тап;
- 6 ондық, 8 бірліктен тұратын санды жаз;
- 1 дм 5 см неше сантиметр болады?
5. Жаңа сабақ.
а/ Геометриялық конструктормен жұмыс.
ә/ Практикалық жұмыс. (сыммен жұмыс)
- Әр кесінді буын, буындарды санату.
- Сымның ұштарын қосып тұйықталған сынық сызық шығатынын көрсету.
б/ Суретпен жұмыс №1 тапсырма
- Фигураларды атату;
- Тұйықталған сынық сызықтардың көпбұрышты құрайтынын түсіндіру.
в/ Оқулықпен жұмыс. Р түсіндіру. №2-79б.
г/ Периметр табу. Сыныптың бөлмесінің ұзындығын метрмен өлшетіп, Р
тапқызу. Өмірмен байланыстыру: құрылысшылар еденнің жиегіне қағатын
ернеулікті сатып алу үшін, еңбек сабағында аппликациялық жұмыстар орындау
үшін, ...
6. Өзіндік тапсырма орындату.
Оқушылар өздері білетін геометриялық фигуралар жасайды.
7. Есеп шығарту. №5 а, ә бөліктері, р табу.
8. Қорытынды.
9. Бүгін сабақта не үйрендік, не білдік кәне ортаға салайық.
- Көпбұрыш деген не?
- Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
10. Үйге тапсырма беру. №7 – 81б. жақшалы өрнектерді шығару, амалдарын
көрсету.
11. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын айтып, бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Математика. Дұрыс көпбұрыштар
Дұрыс көпбұрыштар жайлы ақпарат
Дұрыс көпбұрыштардың ауданы. 9-сынып геометрия
Көпбұрыш. көпбұрыштардың элементтері, периметрі
"Дұрыс көпбұрыштар."
Пифагор теоремасы
Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу. математика пәні, 3 сынып
Төртбұрыштың бұрышы нешеу
Топтардың өздерін таныстыруы
Тік призма, параллелепипед
Пәндер