4-сынып математика: Бір таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу - ашық сабақ жоспары

Ашық сабақ 4-сынып Математика

Cабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы түсінік беру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімді игерту. Тиімді тәсілмен есептеуді үйрету.

Ә) Тәрбиелік: Есептеулер арқылы оқушыларды бір-біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың есептеу, есте сақтау қаблетін, ой-өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: Аралас сабақ (ребус шешу, мақал- мәтелдер айту, ойын ойнату)

Сабақ әдісі: Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, дүниетану, ана тілі

Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта, бор, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Пәнге бағыттау

2. Психологиялық дайындық. « Шаттық шеңбері»

Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн дүйсенбі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

3. Сыныпты топқа бөлу. Ребус шешу «Достық», «Бірлік»

Ұрандарын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

№9 тапсырма

ІІІ. Оқушыларды жан- жақты тексеру:

1 . «Қызықты төрттік» ойыны

10
40
10: 30
40: 20
10: 20
40: 10
10: 40
40: 30

ІҮ. Жаңа сабақ:

-Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхат жасай отырып, қай топтың белсенді екендігін байқаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп алайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айында ағаштарда қандай өзгерістер болады?

- Жапырақтар неге сарғаяды?

Ендеше жапырақтарды жинау арқылы №1 тапсырманы орындайық.

Кестені толтыру.

а
200
15
6
120
а: в
200: 30
15: 30
6: 40
120: 5
а: с
200: 5
15: 9
6: 100
120: 15
а: d
200: 4
15: 2
6: 4
120: 3
а: (а+в+с) *d
200:
15:
6:
120:

-Ендеше балалар, ертегіге саяхатқа шығуға болады. «Бауырсақ» ертегісін білмейтін бала бар ма?

- Бауырсақ қояннан құтыла алмайды делік . Ол үшін қоянның тапсырмасын орындайық. №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындату.

1. Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.

(а+в) *с=а*с+в*с

с*(а+в) =с*а+с*в

22341*2 123200*3 111202*4

2. Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.

(а+в) :с=а:с+в:с

44682:2 369600:3 444804:4

Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.

-Енді Бауырсақты қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмасын орындайық. Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындап шығайық.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Енді бауырсақты аюдан құтқару үшін №4 тапсырманы орындайық.

Есепті шығар.

ҮІІ. Сабақты бекіту.

Енді Бауырсақты түлкіден құтқару үшін №6 тапсырманы орындайық.

309*2+516:4 295:5*3+4 093 9 800-408:2

7 809-29*4+7 700 10 000-623+420:2 45*(145-136) -219

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру №5

ІХ. Бағалау

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз


Ұқсас жұмыстар
4-сынып математикасы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу - қайталау сабағының жоспары
3-сынып: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту - саяхат сабақ жоспары
3-сынып математика: екі және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу сабақ жоспары
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу: аралас сабақтың әдістемелік жоспары
4-сынып математика: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу, қашықтық-уақыт-жылдамдық материалдарын пысықтау сабақ жоспары
4-сынып математика: Екі таңбалы сандарды көбейту және бөлу алгоритмдерін қайталау (178-бет)
4-сынып математика сабағы: Өткенді қайталау - көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу, ауызша есептер, өлшем бірліктер мен уақытты есептеу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу (204×2, 408÷2)
3-сынып математикасы: үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері (ашық сабақ)
3-сынып математика: екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разряд бойынша аттамай жазбаша көбейту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz