Парасимпатикалық жүйкелер

Сабақтың тақырыбы:
Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі.
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады :
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Басталуы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Сурете байланысты тілек» тренинг
Оқушыларды шеңберге шақыру, амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.
1-топ
2-топ
3-топ
Суреттер
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Сомалық және вегетативті жүйке жүйесі бойынша бүкіл жүйке жүйесі орталық (ОЖЖ) және шеткі болып бөлінеді. Сонымен атқарған қызметі бойынша бүкіл жүйке жүйесі тағы да екі бөлімге: сомалық және вегетативті жүйке жүйесі болып бөлінеді. Сомалық ЖЖ дене қимыл- қозғалысы, яғни қаңқа бұлшық еттерін басқарады. Ол адам еркіне бағынады. Сомалық жүйке жүйесінің орталықтары үлкен ми сыңары қыртысы маңдай бөлімінде орналасқан. Қаңқа бұлшық етке команда жұлын арқылы беріледі. Оның құрсақ-қимыл мүйізі мен тамыршасының жалпы жүйесіне, одан бұлшық еттерге беріледі. Команда алған соң бұлшық еттер жиырылады да, қозғалыс жасайды.
Вегетативті (автономды) ЖЖ қаңқа бұлшық етінен басқа бүкіл ішкі мүшелерді басқарады. Яғни бауыр, асқазан, жүрек, өкпе және т. б. Ол біздің еркімізге бағынбайды, сондықтан автономды. Біз асқазаны- мызды, жүрегіміз бен өкпемізді тез немесе баяу жұмыс істеуге мәжбүрлей алмаймыз. Вегетативті жүйке жүйесінің орталығы, негізінен, аралық мида орналасқан.
Барлық вегетативті ЖЖ екі бөлімге: симпатикалық және парасимпа- тикалық болып бөлінеді. Симпатикалық ЖЖ ағзаны белсенді күйге келтіреді1. Симпатикалық жүйке жүйесінің әрекеті адреналин гормонының әрекетіне ұқсайды. Ол жүрек соғуын жиілетеді, тыныс алуды, қан ағысының жылдамдығы мен қысымын арттырады. Жалпы зат алмасу белсенді болады. Көз қарашығы мен бронхиоланы ұлғайтады. Ағза симпатикалық жүйке жүйесі импульстерінің әсерінде болғанда, асқорыту мен зәр шығару жүреді. Мысалы, сілекей мен асқорыту сөлінің бөлінуі баяулайды, асқазан мен ішек бұлшық етінің жиырылуы на- шарлайды.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Стикердегі диалог» әдісі
(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды. )
Топтарға тапсырма:
1. Атқаратын қызметі бойынша жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді? Әр бөлімнің рөлін көрсетіңдер.
2. Жүйке жүйесінің қандай бөлімі ішкі мүшелердің, қайсысы қаңқа бұлшық етінің жұмысын реттейді?
Оқулық.
Кеспе мәтіндер.
Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.
Ортасы
10 минут
Қолдану
Парасимпатикалық ЖЖ керісінше жүрек соғуы мен тыныс алуды баяулатады, қан ағысының жылдамдығы мен қысымды төмендетеді. Жалпы зат алмасу төмендейді. Бірақ бүкіл ағза парасимпатикалық ЖЖ әсерінен енжар болмайды. Ол асқорыту мен бөлуді күшейтеді: ішектің, асқазанның жиырылуы, сілекей мен басқа асқорыту сөлінің бөлінуі. Әрбір мүшеге симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелердің жүйкесі келеді. Симпатикалық ЖЖ-нің орталықтары жұлынды (мой- ын бөлімінен бел бөліміне дейін) болады. Осыдан парасимпатикалық жүйкелер шығады. Парасимпатикалық ЖЖ орталықтары ортанғы мида және жұлын- ның сегізкөз сегменттерінен басталады. Осы жерден парасимпатикалық жүйкелер шығады. Ең ірісі бассүйек - ми кезеген жүйке болып табылады.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі
Қолданылуы:
Қандай жүйке орталығында симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдер орналасқан?
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің кейбір мүшеле- рінің қызметіне әсерін анықтаңдар.
Талдау
«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар, қалам.
Оқулықтағы мәтінді оқып алады.
Сергіту сәті
2 минут
https://www. youtube. com/watch?v=i8FFtlTwJRs
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
Синтез
1. Неліктен әрбір мүшелерге симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер сәйкес келетінін талдап, түсіндіріңдер.
2. Жүрекке баратын симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер үзілген деп ойлаңдар. Мұндай мүше қалай жұмыс істейді? Бұл жалпы ағзаға қалай әсер етеді?
3. Орталық және шеткі бөлімдердің орналасуын, сомалық, симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесін сипаттаңдар.
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Рефлексия парағы
«Стикер
дегі диалог» әдісі
Бағалау парақшасы
Қағаз қиындылары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz