Сөйлеуді дамыту сабағы: Менің тұлғам - дене мүшелері мен олардың қызметтері

Күні: 29, 10, 2018

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің тұлғам

Мақсаты: Адамның дене мүшелері туралы айту, ажыратуға үйрету.

Міндеттері:

Білімдік: Адам дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметтерін үйрету.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Адамның дене мүшелерінің суреті, плакаттар.

Әдіс - тәсілдер: әңгіме, сұрақ- жауап, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі: Топпен.

Сөздік жұмыс: Дене мүшелері, адам.

Екі тілдік компонент: Дене мүшелері - части тело, адам-человек.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері
Педагогтың іс - әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Есеп
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері:

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру-іздестіру

Рефлексивті-түзетушілік

Педагогтың іс - әрекеті:

Шаттық шеңбері

Шеңберге тұрып, амандасады.

Ғажайып сәт.
-Балалар менің қолымдағы қорапта не бар екенін білесіңдер ме?
-Бірге тамашалайық.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен тілейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
-Жарайды, бірге тамашалайық.
-Балалар біз денеміздегі мүшелердің аттарын білеміз бе? Қорапта адамның дене мүшелері бар екен. Құрастырайық.

Сөздік жұмыс: Дене мүшелері - части тело, адам - человек.
-Мынау не балалар?
-Қол бізге не үшін керек?
-Мынау не?
-Бұлар не үшін керек?
-Балалар, дене мүшелері бізге керек пе?

-Дұрыс, бір мүше болмаса адам қиналады.

Сол үшін біз өзімізді қорғап жүруіміз керек.
Сақтанып жүру керекпіз.

Суретті әңгімелейді «Сақтану жолдары»
Жолда ойнауға болмайды. Дұрыс тамақтану керек, сонда біз ауырмаймыз, деніміз сау болады.
Күнде жаттығулар жасап, спортпен шұғылдану керек.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сағатқа карап ап,
Жаттығу оңай-ақ!

Дидактикалық ойын: «Дене мүшесін тап!»

М: Шапшаң ойлауын дамытады.

Ш: Тәрбиеші бір мүшені көрсетіп атайды. Балалар тез сол мүшені көрсету керек. Кім дұрыс көрсетпесе, сол бала тақпақ немесе өлең айтады.

Қорытынды:

-Сендер нені құрадыңдар?
-Сендердің денелерін және дене мүшелерін ауырмағандай не істеу керек?
-Деніміз сау болу үшін тағы не істеу керек?
Мадақтау.

Баланың іс-әрекеті:

Шеңберге тұрып амандасады.

-Қорапта не бар екенін білмейміз.

Назар салып тыңдайды.

-Денеміздегі мүшелерді білеміз.
-Қорапта қол, аяқ, бас-қуыршақтың дене мүшелері бер

Қайталайды. Жаттайды.
-Қуыршақты құрастырады.
-Қолдар, біз қолымызбен қасық ұстаймыз, киімдерімізді киеміз, бетімізді жуамыз.
-Аяқтар, аяқ бізге жүру үшін керек, жүгіру үшін керек.
-Иә, біз тамақ ішпесек қарнымыз ашады, ауырып қаламыз.
Жақсы тамақтансақ ауырмай, мықты болып
өсеміз.
Жылы киіну керек, жаттығулар жасау керек.
-Жүгіруді, суда жүзгенді, секіруді жақсы көреміз.
-Деніміз сау болу үшін таза ауада серуендеу керек.

Сергіту сәтін барлығы орындайды.

Дид - лық ойынға барлығы қатысады.

Сұрақтарға жауап береді.

- Адамның денесін, мүшелерін

- денешынықтырумен айналысу керек

- жүгіру керек, бокспен айналысу керек, т. б.

Есеп:

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Балалар адамның дене мүшелерінің аттарын, атқаратын қызметтерін біледі.

Нені игереді: Өз ойларын жеткізіп айта алады. Сұрақ қояды.

Нені біледі: Балалар дене мүшелерінің қай тұста орналасқанын біледі.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ: Сезім мүшелері және олардың қызметтері
Дайындық сыныбына арналған қазақ тілі сабағы: Дене мүшелері
Шылау сөз табы және дене мүшелері тақырыбындағы сабақ жоспары
Сөйлеуді дамыту сабағы: Өзіңе және өзгелерге көмектесу арқылы достыққа тәрбиелеу
Дайындық тобына арналған қазақ тілі сабағы: Дене мүшелері - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар: Адамның дене мүшелері
Жаратылыстану пәні (1-сынып): Адамның дене мүшелері сабақ жоспары
Тіл дамыту сабағы: Менің сүйікті қалам - Орал
2-сыныпқа арналған дүниетану сабақ жоспары: Отбасы мүшелері мен олардың міндеттері
Информатика: Компьютердің негізгі құрылғылары және олардың қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz