Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОЙМАСЫ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОЙМАСЫ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОЙМАСЫ

Талдықорған - 2018
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТІЗБЕСІ:
<<А Ә Б В>>
<<А,В,С>>
<<Айдаһар>>
<<Айқын мақсат қоя отырып>>
<<Айна>>
<<Айналмалы бекеттер>>
<<Аквариум>> әдісі
<<Ақындар мен жазушылар>>
<<Алдын-ала берілген атаулар>>
<<Алма, шие, өрік, банан>>
<<Алфавит>>
<<Ара ұясы>> техникасы
<<Арқаға жазылған комплименттер>>
<<Арқаға массаж жасау>>
<<Арқаға сурет салу>>
<<Ассоциативті қатар>>
<<Ассоциацияның көмегімен көрініс>>
<<Атаулар (терминдер) кестесі>>
<<Атаулар туралы үш сұрақ>>
<<Атмосфера орнату>>
<<Атомдар мен молекулалар>>
<<Ашық және Жабық сұрақтар>>
<<Аяқталмаған сөйлем>> тәсілі
<<Әдебиет лотосы>>
<<Әдемі ойлай және демала біл>> жаттығуы
<<Әйнек арқылы сөйлесу>>
<<Ән шырқау>>
<<Әңгімелесетін әріптестер>>
<<Әріптер мен сандар>>
<<Әуенді өрімдер>>
<<Бағдаршам>>
<<Балалар философиясы>>
<<Балық, құс, аң>>
<<Барлық оқушылармен жұмыс>>
<<Бас бармақ>>
<<Батискаф>>
<<Баяндама>>
<<БББ>>
<<Бес саусақ>> әдісі
<<Биографиялық поэма>> (Биопоэма)
<<Блиц кездесу>>
<<Блок ортасында бағалау>>
<<БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ>>
<<Блум түймедағы>>
<<Боди-арт>>
<<Борт журналы>>
<<Бөлмедегі заттар>>
<<Броундық қозғалыс>>
<<Бұл кім?>>
<<Бұлт үстіндегі саяхат>>
<<Былғары қолғап>>
<<Біз де>>
<<Білетініңіздің барлығы>>
<<Білімдарлар>>
<<Бір ауыз сөз>>
<<Бірге ойлаймыз>>
<<Бір қадам алға...>>
<<Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру>>
<<Бірлік>>
<<Бір сөйлеммен түйіндеу>>
<<Венн диаграммасы>>
<<ВЕЕР>>
<<Графикалық органайзерлер>>
<<Гүлдер>>
<<Ғажайып көрме>>
<<Даналық ағашы>>
<<Данышпан үкілер>>
<<Дарабоз>>
<>
<<ДЖИГСО>>
<<Диаманта>>
<<Дизайн>>
<<Динамикалық шеңбер>>
<<Домино>>
<<Домино - 2>>
<<Достармен кездесу уақыты>>
<<Дұрыс емес пікір>>
<<Егер ..., онда не болар еді?>>
<<Екі жұлдыз, бір тілек>>
<<Екі түрлі түсініктеме күнделігі>>
<<Екі қолды жұмысқа жұмылдыру>>
<<Екі лагерь>>
<<Елестету көрінісі>>
<<Ең зейінді>>
<<Еркін жазу>>
<<Еркін пікір>>
<<Еркін талқылау>>
<<Ертегі құрастыру>>
<<Есімдер арқылы топқа бөлу>>
<<Жағымды тілектер алқасы>>
<<Жақсарту жөніндегі нұсқаулық>>
<<Жақсылық тамшысы>>
<<Жақсы сұрақ деп нені айтады?>>
<<Жаңалық ашамыз>>
<<Жауап беретін әріптес>>
<<Жәшіктегі кітаптар>>
<<Жеміс себеті>>
<<Жетістік баспалдағы>>
<<Жұмбақ зат>>
<<Жұппен жұмыс>>
<<Жұптасып сурет салу>>
<<Жүз теңге>>
<<Жылдам фото>>
<<Жыл мезгілдері>>
<<Иә, жоқ>>
<<Иә, жоқ - 2>>
<<Идея туралы пікір>>
<<Инсерт>>
<<Иық тірескен шеңбер>>
<<Калейдоскоп>>
<<Карусель>>
<<Кезбе тілші>>
<<Кейіпкерлер әлемі>>
<<Кейіпкер>>
<<Кейіпкерлерге мінездеме>>
<<Кемпірқосақ>>
<<Кесте толтыру>>
<<Кері байланыс бутерброды>>
<<Кері ой қозғау>>
<<Кластерлер>>
<<Комплименттердің бұрқасыны>>
<<Конверт - сұрақ>>
<<Константинополь>>
<<Концептуалдық кесте>>
<<Көк диван>>
<<Көңіл күй букеті>>
<<Көңіл-күйді анықтау>>
<<Көрсет және әңгімеле>>
<<Көршіңе әңгімелеп бер>>
<<Көршіңмен талқыла!>>
<<Көршіңізге айтыңыз>>
<<Кубизм>>
<<Күн! Тас! Қоршау!>>
<<Күту уақыты>>
<<Күтіңіз және түйіндеңіз>>
<<Қағаздағы сұрақтар>>
<<Қазымыр оқушы>>
<<Қайтадан құрастыру>>
<<Қане, қайтала!>>
<<Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог>>
<<Қарама-қарсы саптар>>
<<Қар көшкіні>>
<<Қар үйіндісі>>
<<Қателескен мұғалім>>
<<Қатені тап>>
<<Қашықтықтан басқару>>
<<Қолыңды төмен ұста>>
<<Қорқынышты-керемет сурет>>
<<Қос шеңбердегі комплименттер>>
<<Қос шеңбер ішінде танысу>>
<<Қорқыныштан арылу>>
<<Құндылықтар спектрі>>
<<Құпия>>
<<Құпиясы жоқ қабырға>>
<<Құрастыр және жауап бер>>
<<Құрастыр, сосын жауап бер>>
<<Құсты құтқар>>
<<Қызығушылықты ояту>>
<<Қызыл табан>>
<<Қысқа аутотренинг>>
<<Мағынаны тану>>
<<Мағынасы қандай?>>
<<Мадақтау>>
<<Мамандық таңдау>>
<<Мәтінмен жұмыс>>
<<Мен кіммін?>>
<<Мен ешқашан...>>
<<Мені түсін>>
<<Менің тұлғамның формуласы>>
<<Миға шабуыл>>
<<Минуттық шешім>>
<<Мозаика>>
<<Молекулалар>>
<<Мотивация>>
<<Мүмкін>>
<<Мынандай адамды табыңыз...>>
<<Нақтылық - талант>>
<<Не жақсы?>>
<<Неліктен бұл үздік?>>
<<Нұсқауды орындау>>
<<Ой жалғау>>
<<Ой күмбезі>>
<<Ой қозғау>>
<<Ойлан, бірік, бөліс!>>
<<Ойлан, Жұптас, Пікірлес>>
<<Ойланып сурет саламыз!>>
<<Ойлаудың алты қалпағы>>
<<Ой-толғаныс>>
<<Оқиғаны басқаларға жеткіз>>
<<Оқуды реттеу>>
<<Оқу күнделігі>>
<<Оқушылардың бағалауы>>
<<Оқушылар сұрақ қояды>>
<<Оқушылар сұрақ құрастырады>>
<<Он сұрақ>>
<<Ортақ портрет>>
<<Орынсыз жауаптар>>
<<Өзгертулерді тап!>>
<<Өзін-өзі бағалау>>
<<Өзін таныстыру>>
<<Өз таңбаңды (герб) жаса>>
<<Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!>>
<<Өзі туралы кластер>>
<<Өзін-өзі таныстыру>>
<<Өкіл>>
<<Өмір ұраны>>
<<Пазлдар>>
<<Пальма, піл, қолтырауын>>
<<Парасатты диалог>>
<<Паровоз>>
<<Плюс, минус, қызықты>>
<<Пойыз>>
<<ПОПС формуласы>>
<<Портрет>>
<<Прогресс білдіру>>
<<Психологиялық бой>>
<<Пікірлер базары>>
<<Радиоға қоңырау шалу>>
<<Рөлдік ойындар>>
<<Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір>>
<<Сатушы және қалпақ>>
<<Сәлеметсің бе!>>
<<Сендер суретшісіңдер>>
<<Серпілген сауал>>
<<Сингвейн>>
<<Синектика>>
<<Смайликтер>>
<>
<>
<<Соңғы сөзді мен айтайын>>
<<Соқыр паровоз>>
<<Социометрия>>
<<Сөзден - сөйлем, сөйлемнен - мәтін>>
<<Сөздерден әңгіме құрастыру>>
<<Сөз ойыны>>
<<Сөйлеу арқылы ойлану>>
<<Стикер>>
<<Стикерлермен диалог>>
<<Стоп кадр>>
<<Сурет сал>>
<<Сұрақ - жауапқа құрылған хат>>
<<Сұрақ-жауаппен қатынас>>
<<Сұрақтар шеңбері>>
<<Сұрақты төңкеріңіз>>
<<Сұрақты ұстап ал!>>
<<Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!>>
<<Сыныптағы заттар>>
<<Сіз кімсіз?>>
<<Табыс ағашы>>
<<Табыстылық ассоциясы>>
<<Табыс баспалдағы>>
<<Тазалық кері байланысы>>
<<Таңғалдыру сәттері>>
<<Тақырыптық теннис>>
<<Тапқыштар>>
<<ТВ шоу>>
<<Телебағдарлама жүргізушісі>>
<<Телетайп>>
<<Терминдер конверті>>
<<Топтық кері байланыс>>
<<Төрт сөйлем>>
<<Тұлғаны танып біл>>
<<Түзетулер>>
<<Түйінді сәттер>>
<<Түсініксіз тармақ>>
<<Түсініктеме арқылы бағалау>>
<<Түсініктемелермен жұмыс>>
<<Тыңдайтын үшбұрыштар>>
<<Тірек мәтін>>
<<Уақыт шеңбері>>
<<Ұйқасын тап!>>
<<Үлдірленген критерийлер>>
<<Үндеме!>>
<<Үш жақты күнделік толтыру>>
<<Үш пікір>>
<<3+2+1>>
<<Фишбоун>> немесе <<Балық қаңқасы>>
<<Хат жазысу>>
<>
<<Чемодандар>>
<<Шаршыдағы қоңыз>>
<<Шаршылар>>
<<Шаттанушы мен күдікшіл>>
<<Шатасқан әңгімеші>>
<<Шеңбердегі доп>>
<<Шиыршық>>
<<Ыстық орындық>>
<<Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест>>
<<Эстафета>>
Қосымша бонус

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН

<<А Ә Б В>>
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2-қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.
<<А,В,С>>

А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С - айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А -- сұрақ қоюшы, В - жауап беруші, С -- бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.

<<Айдаһар>>
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы <<айдаһардың басы>>, соңындағы оқушы <<құйрығы>>. Басы құйрықты ұстап алу керек.
<<Айқын мақсат қоя отырып>>
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.
- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).
- Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.

<<Айна>>
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

<<Айналмалы бекеттер>>
Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.

<<Аквариум>> әдісі
<<Аквариум әдісі>> - балаларға мәселені <<қоғам алдында>> талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны <<аквариум>> деп атайды.
Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.

<<Ақындар мен жазушылар>>
Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.
<<Алдын-ала берілген атаулар>>
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында <<Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе>> сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.

<<Алма, шие, өрік, банан>>
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: <<Алма, шие, өрік, банан>> деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, <<Шие!>> деп, не <<Алма,өрік!>> деп, немесе << Алма, шие, өрік, банан!>> деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

<<Алфавит>>
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, <<Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.>>
Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.
<<Ара ұясы>> техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.
<<Арқаға жазылған комплименттер>>
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.
<<Арқаға массаж жасау>>
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.

<<Арқаға сурет салу>>
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
<<Ассоциативті қатар>>
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, <<Қобыланды батыр>>, кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл....
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
<<Ассоциацияның көмегімен көрініс>>
Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім - Жантас, ұнататын сусыным - квас; Есімім - Жанар, ұнататын жемісім - анар т.с.с.
Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады.

<<Атаулар (терминдер) кестесі>>

Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:
№1 атау
№2 атау
№3 атау
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.
Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің дұрыс/бұрыстығы анықталады.

<<Атаулар туралы үш сұрақ>>

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.

<<Атмосфера орнату>>
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз. Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін: Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?

<<Атомдар мен молекулалар>>

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші <<Атомдар!>> деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші <<Молекулар!>> деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.
Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
<<Ашық және Жабық сұрақтар>>
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады. Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз? 

Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз. Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.

<<Аяқталмаған сөйлем>> тәсілі

<<Мұғалімге жеделхат>> тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
сабақтан соң маған........келді.
бүгін маған..........сәті түсті.
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
енді мен......аламын.
<<Әдебиет лотосы>>

Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған шығармаларды да пайдалануға болады.

Шығарма атауы
Авторы
Кейіпкері
Қандай?
Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?
Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.

<<Әдемі ойлай және демала біл>> жаттығуы

- Жүргізуші: <<Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: <<Мен арыстанмын>>,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: <<Мен құспын>>,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: <<Мен гүлмін>>,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: <<Мен сабырлымын>>,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді>>.
<<Әйнек арқылы сөйлесу>>
Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.
<<Ән шырқау>>
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды (<< Арыс жағасында>>, <<Ақ бантик>>, <<Армандастар>>, <<Атамекен>>, <<Өз елім>> т.б.).

<<Әңгімелесетін әріптестер>>
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
оларға қиын болып көрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
<<Әріптер мен сандар>>
Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
<<Әуенді өрімдер>>
Саз өнері - қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір-бірмен әуендете өру - тамаша көмек көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр үстіне нұр!
Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.
<<Бағдаршам>>
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс - сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс - жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс - бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:

<<Балалар философиясы>>
Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.
<<Балық, құс, аң>>
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана <<балық, құс, аң>> - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
- Балық!(немесе аң, құс) - деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
<<Барлық оқушылармен жұмыс>>
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.
<<Бас бармақ>>
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

<<Батискаф>>
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.

<<Баяндама>>
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл <<шпаргалканы>> оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша <<баяндама>> жасайды. <<Баяндама>> мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
<<БББ>>
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?
Олар нені білгісі келеді?
Олар нені білді?
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).
Ұсыным: <<Қалайша оқып-үйренетін боламын?>> деген қосымша баған қосуға болады.
<<Бес саусақ>> әдісі

Бас бармақ - өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек - басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек - бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек - бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек - бүгін не үйрендім?

<<Биографиялық поэма>> (Биопоэма)
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)
Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)
Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)
Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)
Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)
Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)
Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді. Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот <<Мен қандай туыспын?>> деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды (<<Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі, бауырмын>> деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін) атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада <<Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер, әншілер,т.б) атаңыз>> секілді тапсырма да беруге болады.

<<Блиц кездесу>>
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар - мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

<<Блок ортасында бағалау>>
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді.
<<БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ>> теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
<<БІЛУ>> мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір.
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді.
Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып, басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
Балам, қайдан келдің? - Балам, (сен) қайдан келдің?
Астанадан. - (Мен) Астанадан (келдім).
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру үшін не істеу керек?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында;
Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.
Теориясы:
<<Түсіну>> Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.
Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?
Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты.
Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек.
Теориясы:
<<Талдау>> 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап.
Сөйлем түрі
Ойға қатысты қанша сөйлем мүшелері қатысады?
Басты ерекшелігін ата
Жасалу жолын салыстыр
Толымды
Айтушыға керекті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысады
Бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілуі мүмкін.
Қарапайым жай сөйлем
Толымсыз
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалады
Түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады.
Екі түрлі жасалу жолы бар:
а) өзара желілес сөйлемдер тобында;
б)диалог жағдайында

Теориясы:
<<Жинақтау>> Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек.
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. Жауаптарын сәйкестендір.
Үлгі:
Не жазығым бар?
Толымсыз сөйлем
Бұлаққа келе жатырмын.
Толымсыз сөйлем
Кеш болды.
Толымды сөйлем
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды.
Толымды сөлем

Практикасы:
<<Қолдану>> Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.
1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар.
- Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен. - Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.

Практикасы:
<<Баға беру>> Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану.
Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар?
Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында.

Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі
Теориясы:
<<БІЛУ>> мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
1-деңгей
Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?
Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады, сондықтан ой толық жеткізіледі.
Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді. Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.
э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі кездеседі.
Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты. Мысалы,
-Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме?
Менікі.
Ауыр ма?
Жеңіл.

Практикасы:
<<ҚОЛДАНУ>> қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты - етістіктен болған баяндауыш;
Абай - атау тұлғалы зат есім;
Ділдәмен - зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша - үстеуден болған пысықтауыш.

Теориясы:
<<ТҮСІНУ>> Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.
ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.
Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.

Теориясы:
<<ТАЛДАУ>> 1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені:
Сөз анасы не?
Су анасы не?
- Жол анасы не? - деп сұрайды.
Сонда Сырым батыр:
Сөз анасы - құлақ,
Су анасы - бұлақ,
Жол анасы - тұяқ! - деп жауап береді.
Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? - деп сұрайды.
Сырым батыр: Сөздікі - құлақ, судікі - бұлақ, жолдікі - тұяқ! - деп жауап береді.
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік сөздің көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.

Практикасы:
<<ҚОЛДАНУ>> Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі толымсыз сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді анықта)
Толымды сөйлемдер:
Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын.
<<Осының бірі лайық қой>> - деген қошеметші де бұл жиында жоқ емес.
Толымсыз сөйлемдер:
Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой.
Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.
Теориясы:
<<ЖИНАҚТАУ>> Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш, т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.
Үлгі:

1) ж
а
л
а
ң

2) ж
а
қ
с
ы
з

3) ж
а
қ
т
ы

4) т
о
л
ы
м
с
Ы
з

Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады?
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі.
Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлем.
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.
Практикасы:
<<БАҒА БЕРУ>> Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болуы керек.
Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?
Мен оны таныдым. Ағам! Атақты ағам! Аты осы атырапқа әйгілі ағам! Бейшара, бақытсыз ағам! Жүрегім аузыма тығылды. Көкірегіме өксік толды. Көзіме жас келді.
Бұл толымсыз сөйлемдер, оларды өзара желілес сөйлемдер тобына іріктеу арқылы жасалған.
Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің қай түрінде кездеседі?

Шәкірт пікірі: Менің ойымша: а) жоғарыда берілген толымсыз сөйлемдерді толымдыға айналдырсақ, автордың айтқысы келген ойына ңұқсан келеді; ә) себебі, ол сөйлемдердегі қажетті мүшелердің айтылмауы арқылы автордың жан тебіренісі байқалып тұр және кейінгі ойда алдыңғы ойдың желісі үзілмеген; б) мұндай баяндау көркем әдеби шығармаларды жиі кездеседі.

<<Блум түймедағы>>
Блум түймедағының алты күлтесі - сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы
әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.
2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, <<Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?>>, <<Менің
түсінуімше, сіз ...>>, <<Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...>> деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. <<Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?>> - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа <<айналады>>.
4. Шығармашылық сұрақтар: <<егер>>, <<болса>>, <<қалай болар еді>> деген сияқты
сөздермен келеді.
5. Бағалау сұрақтары. <<Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға
алды?>>, <<Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?>> - деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.
6. Тәжірибелік сұрақтар. <<Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?>>, <<Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?>> - деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастырады.

Сұрақтар түрі
Сұрақтар ерекшелігі, мысалдар
Олар не үшін қажет?
Қарапайым
<<Не?..>>, <<Қашан?..>>, <<Қайда?..>>, <<Қалай?..>> сұраулы сөйлемдерден басталады
Белгілі бір ақпаратты, мәліметті еске түсіру, анықтау үшін
Нақтылайтын
<<Яғни сен...деп айтып тұрсың ғой?>>, <<Егер мен дұрыс түсінсем,...?>>, <<Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сендер.....деп айттыңдар?>>
Хабарламада айтылмаған, бірақ соған меңзеліп тұрған мәліметті алу үшін
Түсіндірмелі
<<Неліктен?..>> сұрауынан басталады
Себеп-салдарлық байланыстарды орнату үшін
Шығармашылық
<<Егер де...>> шартты рай шылауының қатысуымен жасалады: <<Егер де...не болады?>>, <<Қалай ойлайсыңдар, егер де...қалай дамыр еді?>>
Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін
Бағалаушы
<<Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?>>, <<Бір сабақтың екінші бір сабақтан айырмашылығы қандай?>>, <<Бас кейіпкердің іс-әрекетіне қалай қарайсыңдар?>>
Оқиғалар, фактілер мен құбылыстарды бағалау, критерилерін анықтау үшін
Қолданбалы
<<...қалай қолдануға болады?>> <<...не жасауға болады?>>, <<Өмірде қай жерде кездестірер едіңдер?>>
Теория мен практика арасында байланыс ортату үшін

<<Боди-арт>>
Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады.
Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.

<<Борт журналы>>
<<Борт журналы>> - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. <<Борт журналы>> қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?
Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің <<Борт журналына>> енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, <<Борт журналының>> бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.
<<Бөлмедегі заттар>>
Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: <<Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін <<Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере аламын.>> т.с.с. жалғасып кете береді.
<<Броундық қозғалыс>>

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

<<Бұл кім?>>

Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: <<Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?>> деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.
Мысалы, <<Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...>>.
Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.
<<Бұлт үстіндегі саяхат>>

Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.

<<Былғары қолғап>>
Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.
<<Біз де>>
Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен өзенге бардым. <<Біз де!>>2. Онда үйрек ұстап алдым. <<Біз де!>>3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. <<Біз де!>> Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.
<<Білетініңіздің барлығы>>
Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.
<<Білімдарлар>>
Ең алдымен, ойынның басында <<білгірлер>> анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
<<Бір ауыз сөз>>
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
<<Бірге ойлаймыз>>
Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және <<Қолыңды көтеріп адамға сену>> көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі.
1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліп, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.
2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.
Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.
<<Бір қадам алға...>>
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

<<Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру>>
Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады.

<<Бірлік>>
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады.
Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.

<<Бір сөйлеммен түйіндеу>>

Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
<<Венн диаграммасы>>

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

<<ВЕЕР>>
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

<<Графикалық органайзерлер>>
Оқушыларға өзін-өзі бағалауда көмек көрсету үшін графикалық органайзерлерді қолданыңыз.
<<Гүлдер>>
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?
<<Ғажайып көрме>>
Бұл - ең үздік туындылар мен тосын тапқырлыққа негізделген әрекеттерді тамашалауға мүмкіндік беретін көрме. Бала өз суретінің тіл сабағының қай тақырыбына, қандай ұғым-түсінікке байланысты салынғанын айтып беруі шарт. Өлең, жұмбақ, ертегі, шығарма, сыр-пікірлерін ұсынған балалар өз шығармашылықтары жайлы тіл сабағына қатысты әңгімелеп, тілге қатысты ойларын би тілімен, шахмат тілімен, өзге пәндер терминдерімен және т.б. тосын тапқырлықтарымен танытар қиял еркіндігіне жол береді.
Көрсетілімге сай киінуін, дене қимылы мен сөз үндестігін сақтауын, көпшілік алдында өздерін әдепті ұстауын талап ету баланың өзін ортада қымсынбай, еркін ұстап үйренуіне жол ашады, көпшілік алдында өзін ұстау мәдениетін игеруіне қолайлы орта жасалады. Киіну мәдениетін қалыптастырады: талғаммен киіне білу - адамның өзіне сенімді болуының кепілі.
Ой мен дененің қимылының ырғақты үйлесуі - баланы би алаңында бұғып қалудан немесе оғаш қимылдаудан құтқарып, денесін игере алмаудан туған сенімсіздігін жояды.
<<Даналық ағашы>>
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.

<<Данышпан үкілер>>
Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
Маңызды өмірлік даналық.
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
Таныс және таныс емес.
Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.
Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.
Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

<<Дарабоз>>
Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрін ұсынар едік. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұжымда демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді.
Ұтымдылығы - бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен қызығушылығын ұштайды.
Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:
сабаққа қатысуы;
оған даярлығы;
тапсырманы орындауы;
өзіндік жұмысы;
ынтасы;
сабақтағы жауабы.
Мұндай жағдайда <<екі>> деген баға болмайды, себебі өзін ықтырып, үркітетін бағаны емес, жинақталған балды көріп, кемшілігін түзетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді болар еді.

<>
D - Describe - баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).
E - Explain - түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).
A - Anallуse - талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).
L - Links - байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

<<ДЖИГСО>>
Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.
ДЖИГСО әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты -- жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Мәселен, әдісті қолдануды төмендегіше қарастырып көрейік.
Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұлар - бастапқы жеке жұмыс топтары. Берілгелі тұрған жұмыс мәтіні төртке бөлінеді. Енді топ мүшелері төртке дейінгі реттік жүйеде тағы бөлінеді. Тіпті тақырыпқа қатысты сұрақ қойып, айтылған сөздерді шартты атау ретінде бөліп беруге де болады (мәселен, берілген сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңдар: сұраулы, лепті, хабарлы, бұйрықты). Бұл жолы әр сан иелері немесе атау иелері өз алдына <<жұмыс тобын>> құрайды.
Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді топта талқылап, түсіну қажет екендігі ескертіледі. Логикалық түрде төрт бөлікке бөлінген мәтін бөліктері әр топқа таратылады. Топтар тұтас мәтінмен емес, тек белгілі бөлікпен ғана жұмыс істеп, бүге-шігесіне дейін талдайды, пікір алмасады, ойын нақтылайды. Жұмысты бастамас бұрын екінші құрылған шағын топқа бара жатқан оқушыларға <<жұмыс тобында>> мәтіннің тиісті болты жақсы меңгеру қажеттігі айтылады, өйткені сол бөлімді <<бастапқы топ>> мүшелеріне түсіндіруге жауапты болатыны, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жұмыс істеуі мен зейін қоя түсінуіне байланысты екені түсіндіріліп, жауапкершілік жүктеледі.
Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
<<Диаманта>>
Диаманта - жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.
1,7 - жолдары - антоним-зат есімдер;
2 - бірінші зат есімге екі сын есім;
3 - бірінші зат есімге үш етістік;
4 - зат есімді екі сөз тіркесі;
5 - екінші зат есімге үш етістік;
6 - екінші зат есімге екі сын есім;
Мысалы:
қала
үлкен, көне
салынады, өседі, гүлденеді
танымал қала, кішкентай ауыл
асырайды, дамиды, қалыптасады
әдемі, туған
ауыл
<<Дизайн>>
Әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады. Дизайнер келіп оларды өз талғамымен орналастырады. Ең бастысы, бәрін өз орнына тиімді орналастыра білу. Сабақта да солай әр жұмыстың өз қызметі, өз орны бар. Орнымен жұмсасақ қана нәтиже болатынын білдіру.

<<Динамикалық шеңбер>>

Оқушылар коридорға шығып, ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.

<<Домино>>

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.
Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.
<<Домино - 2>>

Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып шығады.
<<Достармен кездесу уақыты>>

Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы,
сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.

<<Дұрыс емес пікір>>
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе <<бұл қызық>> фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.
<<Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап көрейік...>>.
<<Егер ..., онда не болар еді?>>
Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы,
<<Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?>>
<<Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...>>
<<Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда>>
Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.

<<Екі жұлдыз, бір тілек>>
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

<<Екі түрлі түсініктеме күнделігі>>
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына
Бөліктің сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс.
Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен табиғатын ашып түсінуге бағыттайды. Сондай-ак, әдістің тиімділігі - мұнда сабақтан тыс калатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

<<Екі қолды жұмысқа жұмылдыру>>
Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:
Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.
Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.
Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы <<-ов/-ев>>, <<-ова/-ева>> жұрнақтарын алып тастап, есімге <<жан>> түбірін қосса болады.
Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы - жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек.
Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:
Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.

<<Екі лагерь>>
Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек.
Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.
<<Елестету көрінісі>>
Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Егер мүмкіндік болса, сурет, сызба, тірек сызба т.б ретінде қағазға түсіріп, суреттерді қорғау.
<<Ең зейінді>>

Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол <<ең зейінді оқушы>> атын иеленеді.
<<Еркін жазу>>
Бұл әдіс <<ой толғаныс>> кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

<<Еркін пікір>>
Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау - оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.

<<Еркін талқылау>>
Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.
<<Ертегі құрастыру>>

Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.

<<Есімдер арқылы топқа бөлу>>
www.classtools.net - <<жеміс-жидек машинасы>> бағдарламасы, мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.
Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.
Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз - әр сыныпта қолданыңыз.
<<Жағымды тілектер алқасы>>
Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: <<Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.>>
Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады.

<<Жақсарту жөніндегі нұсқаулық>>
Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз. Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз. Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).
<<Жақсылық тамшысы>>
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
<<Жақсы сұрақ деп нені айтады?>>
Оқушылармен <<жақсы>> сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы болғанын шеше алады, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.
<<Жаңалық ашамыз>>
Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, <<Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су - сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.
<<Жауап беретін әріптес>>
Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы - оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.
<<Жәшіктегі кітаптар>>
Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді. Мұғалім: <<Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар.>> <<Дұрыс, кітап!>>
Қазір әрқайсысың бір кітаптан алып, 10 минут көлемінде кітапты оқып, қарап шығады. Содан соң кітапты жұбымызбен ауыстырып, тағы 10 минут оқимыз. Қысқаша қажетті деген мәліметтерді, қызықты ойлар мен кейіпкерлерді өздеріңе түсіріп алуларыңа болады,>> - дейді.
Балалар 20 минут оқып болған соң, бір-біріне осы кітап туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-бірін толықтырады. Қызығушылық танытқан кітаптарын үйге оқуға алуларына рұқсат етіледі.
<<Жеміс себеті>>
Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе <<жеміс салаты>> деп бәрін бірге айтуына болады.

<<Жетістік баспалдағы>>

<<Жетістік баспалдағы>> әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім
Түсіндім
Аздап түсіндім
Түсінбедім

ТАБЫС БАСПАЛДАҒЫ
<<Жұмбақ зат>>
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.
<<Жұппен жұмыс>>

Бұл жұмыс түрінің мақсаты - балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға үйренеді.

<<Жұптасып сурет салу>>
Екі оқушы бір қағазға сурет салулары керек. Бірақ не салып жатқанын бір-біріне айтпайды, жұмыс барысында сөйлеспейді.
Рефлексия: Сурет салып болғаннан кейінгі көңіл күйді білу. Ойында не ұнамады, не ұнады? Ойын барысында қандай қиындық кездесті? Нені жеңе алдыңдар?
<<Жүз теңге>>
Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Олар 5 минут ішінде бір-біріне күш көрсетпей, ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығаруы керек. Ал пікірталастыра отырып ақша кімде қалатынын шеше алмаса, кері қайтарып береді.
Уақыт аяқталған соң әр жұп неге жүз теңге сол ойыншыда қалғанын баяндайды. Әділ шешім марапатталады.

<<Жылдам фото>>
Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.
<<Жыл мезгілдері>>
Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.
<<Иә, жоқ>>

Мақсаты: ұсынылып отырған жаттығу арқылы оқушылар жиналып қалған жағымсыз эмоцияларынан арылып, жағымды қарым-қатынас құруға ынталанады. Жаттығу соңында сынып оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады. Сыныпта шу болуы мүмкін. Кейде балалар бір емес, бірнеше адаммен жауаптасулары да мүмкін.
Нұсқау: <<Жұптарға бөлініп, бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар. Жұптарыңда кім <<Иә>>, кім <<Жоқ>> жауаптарын тыңдайтынын анықтаңдар. <<Иә>> жауабынан ойын басталады. Екінші бірден <<Жоқ!>> деп жауап қайтару керек. Бірінші адам аздап дауысын көтеріп, тағы да <<Иә>> десе, екіншісі де көтеріңкі дауыспен <<Жоқ!>> дейді. Әрқайсыларың әуел бастан таңдап алған сөзді ғана қайталауларың қажет. Ол сөздерді өздеріңнің қалауларың бойынша ақырын, қатты, дөрекі, сыпайы түрде айтуларыңа болады. Осы екі сөздің көмегімен шағын дау өткізулеріңе болады, бірақ бір-бірлеріңді ренжітуге болмайды. Тоқтату туралы белгі берілісімен, ойын тоқтатылады>>.
Жаттығуды талдау:
Өзіңді қалай сезініп тұрсың?
Саған қай сөзді айтқан ыңғайлы: <<Иә>> сөзі ме, әлде <<Жоқ>> па?
Сенің дауыс ырғағың қалай болды? Қатты ма, әлде ақырын ба?

<<Иә, жоқ - 2>>
Оқушыларға парақ таратылып беріледі. Олар жанындағы жұбына көрсетпей, оны балайтын бір ертегі, әдеби немесе мультфильм кейіпкерінің атын жазады. Мысалы, әдебиеттен оқыған шығарманың кейіпкерлерін жазғызуға болады. 7-сыныпта: <<Құрмаш, Аян, Тортай, Қали т.с.с.>> Содан соң жұбының арқасына қағазын жапсырып қояды. Енді бәрі сыныпты аралап жүріп, бір-біріне сұрақ қоя жүріп өз жұбын табу керек (сол әңгімедегі барлық кейіпкерлер бірін-бірі тауып алулары керек.) Сұрақтарға <<Иә, жоқ>> деп қана жауап беру керек.
<<Идея туралы пікір>>
Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.
Мысалы. "Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?

<<Инсерт>>

Берілген мәтінді <<Түртіп алу>> әдісін пайдаланып, танысып шығу.

<> - <<Білемін>>
<<->> <<мен үшін түсініксіз>>
<<+>> - <<мен үшін жаңа ақпарат>>
<> - <<мені таңғалдырады>>

INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:

Бұрынғы білетін Түсініксізді Зерделей Жаңа ақпаратты қабылдау
нәрсе анықтау қарау, тану

<<Иық тірескен шеңбер>>
Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.
<<Калейдоскоп>>
Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады, жүргізуші ортада тұрады. Әр қатысушы өзіне ұнайтын түстерін айтып шығады. Содан соң жүргізуші теріс қарап тұрады. Ойыншылар орын ауыстырады. Жүргізуші ретімен кім қай түсті ұнататынын айтып шығу керек.
Бұл ойын зейін қоюға, есте сақтауға дағдыландырады.

<<Карусель>>

Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер - қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер - қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын көрсету үшін <<Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді>> деуге болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.
<<Кезбе тілші>>

1-оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)
2-оқушы Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-оқушы Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-оқушы Тілші сұхбат алатын куәгер.

2-нұсқа
Әр топтан бір оқушы шығып, тілші ретінде сұрақ қойып, жауаптарын бірі диктафонға, бірі камераға түсіріп, топтарында өңдеп, диктор арқылы экранға шығарады.

<<Кейіпкерлер әлемі>>

Ойын шарты: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.
<<Кейіпкер>>
Р/с
Шығарманың атауы
Кейіпкері
Қасиеттері қалай суреттелген
Кейіпкерге берілетін баға
Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық сөз
1
<<.........>>

<<Кейіпкерлерге мінездеме>>
Әңгіме кейіпкерлері
Мінездеме

Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау үлгісі:

Шығарма авторы:
Тегі, түрі:
Тақырыбы:
Идеясы:
Шығарманың композициялық құрылысы:
Сюжеттік басталуы;
Сюжеттік байланыс;
Шиеленісуі:
Шарықтау шегі;
Шығарманың шешімі;
Шығармадағы кейіпкерлер;
Әдеби теориялық ұғымдар:
- теңеулер;
- эпитеттер;
- афаризмдер;
- мақал-мәтелдер:

<<Кемпірқосақ>>
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
<<Кесте толтыру>>

Танысу алдында әрбір оқушы мынадай кесте толтырады:
Менің өмірім
Маңызы мезеттері
Менің аты-жөнім
Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы
Туған жерім, мекен-жайым
-Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.
-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 129-үй,10-пәтерде тұрамын.
Менің жанұям
-Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен, үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10- сыныпта оқиды.
Менің ермегім (хобби)
-Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды оқығанды ұнатамын. Маған, әсіресе, детективтік романдар ұнайды.
Менің достарым
-Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген достарым бар, ал Алматыдағы достарымның есімдері - Мұрат, Жүніс және Сейілхан.

Өмірімнің қызықты мезеттері
-Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз есімде қалды.
-Бірінші курста Астана қаласында оқушылардың форумына қатысуым.

Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз кестелерін бір-біріне оқып, оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының кестесі бүкіл сыныпқа жарияланады.

<<Кері байланыс бутерброды>>
Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.
Кері байланыс <<бутерброды>> дегеніміз бұл:
1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
2) Жағдаяттық мәлімдеме - Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

<<Кері ой қозғау>>
Техникалық объектінің кемшіліктері, қарама-қайшылықтары мен ақауларын айқындап, оларды жетілдіру қажет болғанда қолданылады. Тура <<ой қозғаудан>> айырмашылығы: мұнда сыни пікірлерге негізгі мән беріледі, қатысушылар зерттеу объектісінің олқылықтары мен жетіспеушіліктерін анықтауға тырысып, нақты техникалық проблеманы шешуге ұмтылады.

<<Кластерлер>>

<<Жүзімнің шоқтары>> деген мағынада қолданылған - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.
Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.

<<Комплименттердің бұрқасыны>>

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден <<қар домалағын>> ашып, оларды оқуды тапсырады.
Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.
<<Конверт - сұрақ>>
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

<<Константинополь>>
Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.

<<Концептуалдық кесте>>

Кейіпкерлер
Өмірге қызығушылыгы
Адамгершілік қасиеті
Кейіпкерге берілетін баға

<<Көк диван>>
Бастаушы диванның ортасында отырады да, <<мен - көк диванмын>> дейді. Келесі оқушы оның жанына отыру үшін диван ұғымына қатысты сөйлем айту керек: <<Ал мен диван жастықшасымын>>, - дейді де оң жағына отырады. Келесі оқушы: <<Мен диван жапқышымын>>, - деп сол жағына отырады. Бастаушы қалаған адамымен жұп болады. Қалған оқушымен жұп болғысы келген оқушы тіркесті жалғастырады. Ол екеуінің ішінен қалған оқушы өз жұбын таңдайды. Осылайша жұпқа, топқа бөлу жалғасады.
Мұны сабаққа байланысты жүргізуге де болады. Мысалы, бастаушы: <<Мен сөйлем мүшесімін>> десе, 1-ойыншы - Тұрлаулы, 2-ойыншы - Тұрлаусыз сөйлем мүшесі болады. Сөйлем мүшесі Тұрлаулы мүшені таңдап, неге олай таңдау жасағанын түсіндіреді. Ортада қалған Тұрлаусыз мүше жанына Анықтауыш пен Пысықтауыш келіп отырады. Тұрлаусыз мүше Анықтауышты жұп етіп, ол туралы айтады. Енді қалған Пысықтауыш жанына оның түрлері келіп отырады. Осылайша жұпқа бөліну әрі өтілген материалдарды қайталау жүзеге асады.

<<Көңіл күй букеті>>
Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.
Қызыл түс - проблема бар, көмек қажет.
Сары түс - барлығы түсінікті емес.
Жасыл түс - барлығы жақсы.
Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.

<<Көңіл-күйді анықтау>>
Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады: суретте олар адамның бет-әлпетін келтіру керек (мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б).Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді.Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с.
<<Көрсет және әңгімеле>>
Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға мүмкіндігі болатындай және оны тез арада сізге (сыныптастарына) көрсететіндей етіп, шағын маркер тақтасын қолданыңыз.
<<Көршіңе әңгімелеп бер>>
Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;
· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;
·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

<<Көршіңмен талқыла!>>
1. Үйсіз-күйсіз қалған адамдардың бұндай ғұмыр кешуіне кім кінәлі деп айтуға болады? Ақылсыз қоғам ба, әлде адамның өзі ме?
2. Балалар үйінде өскен жастардың өмірінде қандай қиыншылықтар болады деп ойлайсың?

Мәтінмен танысып, төмендегі тапсырмаларды орында!
Қарттар үйі
Әңгімемді есіктен кіргенге елеңдей қарап, кемсеңдеп құлақ түретін, өмірінің көктемі кетіп, күзі келгенде қарттар үйінен пана тапқан қариялар жайлы өрбітпекпін.
<<Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпаған>> атам қазаққа жат <<қарттар үйінің>> қабырғаңды қайыстырары анық. Ал, ондағы жасы егде тартып, жалғыздық жандарын жылатып, сағыныш сарсаңына салған аялы алақан иелерінің аянышты тағдыры кім-кімді де толғандырмай қоймас. Бір өкініштісі, мұндай қарттар үйі біздің қаламызда да бар. Бүгінгі күні 62 орындық қарттар үйінде бос орын жоқ. Ал, сол тұрғындарының алтауы қазақ, яғни ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз екенін естігенде өзіңді қоярға жер таппайсың. Бүгінгі қазақ өзінің туған әке-шешесінен безініп, қайда кетіп барады? Алайда, амал қанша? Ақиқат осы. Жанары жәудіреп, терезеге телміріп, жақынын күткен жалғыз басты қарттардың жан-дүниесін қайтпексің?! Безбүйрек ұлы мен тасжүрек қызының мейірімсіздігінен тағдыры тәлкекке түскен кейуана қарттардың бәрі: <<Әкең де осы жерде өлер енді. Тәңірдің жазуына көнер енді. Уа, жалған, сағындым ғой тым болмаса, Алып келіп иіскетші немеремді>>, - деп ақындарымыз жырға қосқандай күй кешуде. Кінәлі кім?! Тар құрсағын кеңейтіп, мынау жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен асырап, түн ұйқысын төрт бөлген анасын, бар қиыншылығын көтеріп, балаларым қатардан қалмасын деп маңдай терімен еңбек еткен әкесін қартайған шағында тағдыр тәлкегіне тастаған тасжүрек балалары ма? Жоқ, әлде <<жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады>> деп Мөңке би айтқандай, бар кінә қазыналы қарт бола алмаған өздерінде ме? Десе де, ата-ананы құрметтеу жөнінде адамзаттың ардақтысы, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): <<Алланың разылығы - ата- ананың разылығында, Алланың ашуы - ата-ананың ашуында жатыр>>, - деп ескерткен еді.
1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.
--------------------------------------------------------------------------------
<<Қартайса, қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес>> деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен. Өз ойыңды білдір.
--------------------------------------------------------------------------------
<<Анасы балам десе, баласы анам>> демеген. Жастардың бұндай пиғылға баруын қалай түсіндірер едің?
--------------------------------------------------------------------------------
<<Қайырымды бала - қашан да ата-анасының мақтанышы>> деген тақырыпта ой- толғау жаз.
Мейрамбек Беспаевтың <<Бозторғай>> әнін тыңдап, тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.
Шеберлігіңді шыңда!
<<Үлкенге құрмет, кішіге ізет>> тақырыбы бойынша сұхбат жүргіз.
<<Көршіңізге айтыңыз>>
<<Көршіме айтамын>> әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.
- Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушылардан өз ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз.
- Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз

<<Кубизм>>
Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:
Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).
Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).
Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).
Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).
Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).
Дәлелде (<<ия>>, <<жоқ>> деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)
Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы тыңдалады.
Жазған мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортақ жауап дайындайды және презентацияға дайындық жасайды. Жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау.

<<Күн! Тас! Қоршау!>>

Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға <<Күн!>>, <<Тас!>>, <<Қоршау!>> атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер <<Күн!>> деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. <<Тас!>> сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. <<Қоршау!>> сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.
<<Күту уақыты>>

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді - күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді.
Күту уақытының 2 түрі:
Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды.
Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.

<<Күтіңіз және түйіндеңіз>>
Оқушыларға олардан күткен негізгі сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз - анық жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.
<<Қағаздағы сұрақтар>>
Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.
Бұл - үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл.

<<Қазымыр оқушы>>

Ойын шарты: оқушылар өз араларынан жүргізуші сайлайды. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жылдам және мұқият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа да нұсқа болуы керек. Жауап берушіні жүргізуші таңдайды. Ойын соңында көп сұрақ қойған <<Қазымыр оқушы>> анықталады.

<<Қайтадан құрастыру>>
Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін қолданыңыз.
Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
<<Қане, қайтала!>>

Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.

<<Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог>>
Бұл - <<ой қозғаудың>> түрі. Оның негізгі ұстанымы мынадай: идеялар <<Ой қозғау>> тәсіліндегідей ұжымдық тұрғыдан келтірілгенде, оларға қарама-қарсы идеялар да құрастырылып отырады.
Бұл тәсілді қолданғанда төмендегідей кезеңдерді ұстану қажет:
Бірінші кезең.
Диалогқа қатысушылар топтарының құрамын белгілеу.
Екінші кезең.
Проблеманы (мәселе, сұрақ, жағдаятты) талдау тобының құрамын белгілеу.
Шешімін қажет ететін мәселені құрастыру.
Құрастырылған мәселе мен тәсілді қалайша қолдануға болатындығын қатысушыларға хабарлау.
Үшінші кезең.
Идеяларды бірлесе отырып, тура <<Ой қозғау>> тәсілі бойынша жинақтау. Талқылауда шығармашылық пен бірін-бірі сыйлау атмосферасын құрастыру қажет.
Алдын-ала дайындалған идеялар тізімін оқуға рұқсат етілмейді: барлық ойлар осы жерде туындауы қажет.
Әр қатысушының бірнеше рет сөз алуына болады, алайда оның үздіксіз бірнеше рет сөйлеуіне рұқсат етілмейді.
Төртінші кезең:
Проблеманы талдау тобы туындаған идеяларды жүйелейді. Жүйелеу барысында келтірілген идеялардың тізімі жасалынады.
Әрбір идея басқа да толықтырушы немесе қосалқы идеяларды айқындау мақсатында талданады.
Негізгі және қосалқы, толықтырушы идеялар топтамаларға (кешендерге) біріктіріледі. Олардың ұқсас қасиеттері мен ерекшеліктері зерттеліп, проблеманы шешудің жалпылама мәселелері анықталады.
Бесінші кезең:
Идеяларды <<жоққа шығару>>: бұл жерде <<ой қозғау>> оларды жүзеге асыруда қандай кедергілер бар екендігін анықтауға бағытталған.
Алтыншы кезең:
Айтылған сын мен сыни ескертпелерді бағалау.
Іс-тәжірибеде қолдануға мүмкін идеялардың қорытынды тізімін дайындау. Тізімге сыннан өткен идеялар мен оларға қарама-қарсы келтірілген идеялар жазылады.
Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог қатысушыларды үш топқа бөлген жағдайда тиімді әрі нәтижелі болады: 1) идея туындатушы; 2) проблемалық жағдаятты талдау және идеяларды бағалау, 3) қарама-қарсы идеяларды келтіру. Біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін топтардың рөлдерін алмастырып отырған да орынды.

<<Қарама-қарсы саптар>>
Оқушылар екі сапқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады, екі минут ішінде олар қарсы тұрғанмен әңгімелеседі, бір-біріне таныстық сұрақтарын қояды. Берілген уақыт аяқталған соң, мұғалім бір саптың оң жаққа, ал екінші саптық сол жаққа бір қадам жылжуын сұрайды. Оқушылардың жұптары өзгеріп, олар басқалармен сұхбаттасады (шетте тұрғандар саптың басына оралады).
Осылайша оқушылар бір-бірімен танысып шыққанша жылжи беруге болады.
<<Қар көшкіні>>
Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін (эпитет) қосады. Мәселен, <<Айнаш>> есімі <<А>> әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне <<алғыр>> (немесе <<ақылды>>, <<айбынды>>, <<асқақ>>, <<айлалы>>, <<арынды>>т.б) сиақты сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: <<Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!>>.
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.

<<Қар үйіндісі>>
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

<<Қателескен мұғалім>>
Мұғалім мәтінді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.
Мұнан соң қате басылған әңгімені оқушыларға таратылады. Енді <<Жаңсақ басылған мәтін>> ойнына ауысады.
<<Қатені тап>>
Ойын шарты:
Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.
1-топ тапсырмасы: ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Суретте міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.
2-топ тапсырмасы: ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
3-топ тапсырмасы: ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Түзетулерді арнайы параққа жазуға болады:
Топ №
Тапсырмасы
Қателері
Тексерген топ
<<Қашықтықтан басқару>>
Оқушыларды кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы келетін тақырыптардан қашықтықта ұстау үшін әңгіме, драма, рольдік ойынды және т.б. қолданыңыз. Мысалы, жоғалту (айрылу) кезіндегі сезімдерін ашық талқылауды сұрағанның орнына, одан да жоғалтқан жас жігіт атынан айтылған әңгімені қолдануға болады, сосын оқушылардан оның не сезінгенін талқылауды сұрауға болады.

<<Қолыңды төмен ұста>>
Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін қол көтеруге рұқсат беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім жауап беретін оқушыны таңдайды, осылайша, барлығы оқитынын тексереді.
<<Қорқынышты-керемет сурет>>
Қатысушыларға бір парақ қағаз бен бір фломастерден таратылады. Алдымен <<керемет сурет>> салу тапсырылады. Содан соң оң жағындағы оқушыға беріп осы бейнені 30 секундта <<қорқынышты суретке>> айналдыру тапсырылады. Ал келесі орындаушы мұны <<керемет>> суретке айналдырады. Шеңберді айналып, сурет иесіне қайтып келеді де, жаттығу талқыланады.
<<Қос шеңбердегі комплименттер>>

Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады.

<<Қос шеңбер ішінде танысу>>

Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберге бір-біріне қарап тұрған оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, танысады. Берілген уақыт өте оқушылар жұптарымен алмасады: ол үшін бір шеңбердің оңға немес солға бір қадам жасауы керек.

<<Қорқыныштан арылу>>

Мақсаты: қорқыныштан, абыржудан арылу, күтілетін стрестік жағдайға дайын болу.
Орындалуы: <<Жайбарақат күйге түсіңдер, ашық күн астында, жасыл құрақта отырмын деп есептеңдер. Аспан кемпірқосақпен көмкерілген, оның бір бөлігінің сәулесі сендерге тиесілі. Ол мыңдаған күн сәулелерінен де жарық....оның сәулелері сендердің бастарыңа шуағын шашып, бүкіл денелеріңе тарайды, денелеріңді тазартады, айықтырады. Сендердің барлық реніштерің мен өкпелерің, барлық жағымсыз ойларың, болжамдарың сол сәуленің ішінде жанып кетеді. Денелеріңнің барлық ауру бөлшектері қара түтінге айналып, желмен ұшып кетеді. Сендер қорқыныштан арылдыңдар, сендердің көңілдеріңе қуаныш пен жарық ұялады!>>

<<Құндылықтар спектрі>>
Бұл форматта оқушылар топтары келісіп немесе келіспей арандататын мақұлдауларға жауап берулері керек. Бірнеше әдістері: оқушылардан жіптің қасына келіп өздері келісетін мақұлдаудың қасына келіп тұруды сұрайды, сондай-ақ, басында оқушылардан мақұлдауды топта талқылауды, кейін топтың атынан, жіптің немесе сызықтың, олар келісетін жағына, өз ұстанымдарын түсіндіре отырып, карточканы орналастыру сұралады.
::Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.
::Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен <<даналығын>> құруы болып табылады.

<<Құпия>>
Мұғалім барлық қатысушылардың уысына құпиялап бір зат салады (түйме, моншақ, түйреуіш, сағат секілді... сабақтың тақырыбына сай немесе осы заттардың бас әріптерінен бүгінгі тақырып шығатындай болса да болады)
Бір оқушы ортаға шығып басқалардың қолындағы затты сұрақ қою арқылы құпияны ашуға тырысады. Құпиясы ашылған оқушы ортаға шығып әрекетті жалғастырады.
<<Құпиясы жоқ қабырға>>
Шәкірттің өлең, сурет, қолөнер т.б. шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылып отыруын қамтамасыз етеді. Сабақтағы бала еңбегі көп алдына шығарылып, асықпай танысуға, тіпті жазбаша пікір қалдыруға мүмкіндік береді.

<<Құрастыр және жауап бер>>
Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады. Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және функция!
<<Құрастыр, сосын жауап бер>>
Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз -
· жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;
· жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
· жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;
· өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.

<<Құсты құтқар>>

Нұсқау: <<Қолыңда кішкентай құстың дәрменсіз балапаны бар деп елестет. Қолыңды алақаныңды жоғары қаратып соз. Енді оны жылыт: баяу қимылмен бір-бір саусақтарыңды алақаныңа жұмылдыр, балапанды алақаныңа тығып қой, оны деміңмен жылытуға тырыс. Алақаныңды кеудеңе бас, балапанға өзіңнің демің мен жүрек жылуыңды бер. Енді алақаныңды аш, балапан аса бір қуанышпен ұшып кеткенін бақыла. Оған қапаланба, қуанышпен шығарып сал: ол саған әлі қайта оралады!>>
<<Қызығушылықты ояту>>
Оқушы ұстаздың тереңнен ойластырылған әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, жаңа ұғымдарды, түсініктерді игеруге қадам жасап, қызыға жұмыс істеп, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

<<Қызыл табан>>
Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы сыныптағы бір адамның табанына <<қызыл табан>> белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.

<<Қысқа аутотренинг>>
Әрбір қатысушы ыңғайлы орналасады. Жүргізуші: Біркелкі демалыңдар! Бойларыңды еркін ұстаңдар! Сендер аяқтарыңда,қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер... Қабақтарың ауырлай бастады... Біркелкі, терең демалыңдар... аяқтарыңда, қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер. Қабақтарың одан әрі ауырлай бастады... Біркелкі, терең дем алыңдар... Сендер аяқтарың мен қолдарыңды сезінбейсіңдер. Сендер ауада қалықтайсыңдар. Сендердің көз алдарыңа өмірдегі ең бір керемет оқиғалар келеді. Сендер өздеріңді сергек сезінесіңдер. Қазір мен үшке дейін санаймын. <<Үш>> сөзінде көздеріңді ашыңдар, сендер белсенді, сергек, балғын сезінесіңдер. Бір, екі, үш...

<<Мағынаны тану>>
Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).
<<Мағынасы қандай?>>
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын табу.Қайыпбайдың, қарашы,Қандай ерке баласы.Нан жемейді нансаңыз,Тек қант пен бал - асы.* * *Тұр уылжып жемістер,Еңбек қызды егісте.Күз - береке,Күз - ырыс,Тер сіңіріп,Жеміс тер!* * * - Үй бола ма ауласыз?Қоршап таста бау - бақты, - Деп ем,Інім: - Аула сызТартады, - деп зар қақты.

<<Мадақтау>>
Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: <<Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!>>, <<Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!>>, <<Сен өте әдепті жансың!>>, <<Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!>>т.б.
Бұл жұмысты шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады.

<<Мамандық таңдау>>
Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.
Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында <<Ең жақсы презентация>> марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.
<<Мәтінмен жұмыс>>
Тапсырмалар:
мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;
әр бөлікке атау беру;
әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;
кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;
мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру;
мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;
мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.
<<Мен кіммін?>>
Оқушылардың маңдайларына жапсырма қағазға сабақта өтілген тұлғалардың аты жапсырылады. Жұптас көршісіне сұрақ қою арқылы өзінің қай тұлға екенін табу керек.
Мысалы: <<Мен жазушымын ба? Менің <<Ақбілек>> деген романым бар ма?..>> Көршісі тек <<иә, жоқ>> деген жауаптар айтады.

<<Мен ешқашан...>>
Қатысушылар кезекпен <<Мен ешқашан...>> деп басталатын сөйлем айту керек. Мысалы, <<Мен ешқашан парашютпен секіріп көрген жоқпын>>. Қалған қатысушылар бұл фраза өздеріне қатысты болмаса, саусақтарын бүгіп отырады, яғни олар парашютпен секірген болса. Бұл ойында кімнің өмір тәжірибесі ерекше болса, жеңіске жетеді.
<<Мені түсін>>
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.
<<Менің тұлғамның формуласы>>
Сынып оқушыларын бір-біріне жақынырақ таныстыру, жағымды ахуал тудыру үшін қолданылады. Әр оқушы өзінің қызығушылығын, мінез-құлқын, дарыны мен талантын формулаға түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар <<қосу>>, <<азайту>>, <<көбейту>>, <<бөлу>> ұғымдарын қолдана отырып, математикалық формула шығарса, кейбірі химияны еске түсіретін формулалар құрастырады.
Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік - 0,5 жалқаулық
Сыныпта <<бөлу>> мен <<азайту>> амалдары көбірек болған оқушылар мен <<көбейту>> мен <<қосу>> амалдары көп оқушылары араластырып отырғызу, бір-бірімен пікір алыстыру т.с.с жұмыстарда мұғалім қаперінде ұстау үшін формулаларын жазғызып, жинап алып қарап отыру.

<<Миға шабуыл>>
Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуге жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы - айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс.
<<Минуттық шешім>>
Оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды тармақтарды (пайдалы, мағынасы бар) анықтайды.
<<Мозаика>>
<<Мозаиканың>> басымдылығы - оның топтық жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.
:: Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған.
::Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманың ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.
<<Молекулалар>>
Жүргізуші қатысушыларға енді олардың атомдар екенін айтады. Содан соң <<10 атомнан молекулаға бірігіңдер!>> деген пәрмен береді. Осылайша, атом санын азайта береді. Айтылған санға біріге алмағандар ойыннан шығып отырады. Соңында қалған екі атом жеңімпаз атанады.

<<Мотивация>>
Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін ұстауы т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: <<Рақмет, мен де солай ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын>> деген секілді өз бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты құлшына атқаруға кірісуге мотивация болады.

<<Мүмкін>>
Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында <<мүмкін>> деген сөз орамын қолданыңыз. Мысалы, Демократияның маңызы қандай? Демократияның мәні қандай болуы мүмкін?
Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты көздейді. Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.

<<Мынандай адамды табыңыз...>>

Оқушылар топ ішін аралап, төмендегі кестеде көрсетілген ерекшеліктер барларын жазып, 4-6 адамнан тұратын шағын топ құрайды, бір-бірімен жақынырақ танысады.

Кітап оқуды ұнататын
2-ден көп бауырлары бар
Үш тілде сөйлейтін
Ақ түсті киім киюді ұнататын
Киімінде жасыл түс бар
Музыкалық аспапта ойнайтын
Шетелде болған
Бейтаныс адамдармен тез тіл таба білетін
Барлық нәрсені қағазға жазбай, есінде сақтай алатын
Астанаға дейінгі пойыз билетінің бағасын білетін
Ән салуды ұнататын
Алма жеуді ұнататын
Билеуді ұнататын
Жұмыс жасағанда музыканы қоюды ұнататын
Лекцияның алғашқы 15 минутына ғана шыдай алатын
Шаңғы тебуді ұнататын

<<Нақтылық - талант>>

Сынып 3-4 адамнан топқа бөлініп, бір-бірінен алысырақ орналастырылады. Мұғалім 3 классикалық әдебиет тізімін ұсынады. Әр топтың міндеті осы 3 әдеби шығарманы 3 сөйлеммен сипаттау керек. Сөйлем құрылымы ерікті.
Мұнан соң әр топ өз сөйлемдерін оқып, оны басқа топтар талқыға салады.
<<Не жақсы?>>
Оқушы мен сіздің араңызда <<жақсы>> деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:
Нені <<жақсы>> жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?>>
<<Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?>>
<<Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?>>
<<Сіз өз жұмысыңыздың <<жақсы>> екенін анықтай аласыз ба?>>

<<Неліктен бұл үздік?>>
Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай түсіндіру кезінде оқушы табыс критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және т.б. сілтеме жасай алады.

<<Нұсқауды орындау>>
Топқа 3 минуттық тест беріледі. Нұсқауды дұрыс орындау тапсырылады:
Тапсырмаларды орындамас бұрын барлық пункттерді оқып шығыңдар.
Осы қағаздың оң жақ бұрышына өз есіміңді жазып қой.
Екінші пункттегі есім сөзін қоршап қой.
Сол жақ жоғары бұрышқа бес шаршының суретін сал.
Өз есіміңді дауыстап айт.
Өз есіміңді тағы бір рет жазып қой.
Үш рет <<Иә>>, <<иә>>, <<иә>> деп жаз.
Бесінші пунктті қоршап қой.
Парақтың сол жақ төменгі бұрышқа <<Х>> белгісін қой.
Осы тест ұнаса, <<Иә>> ұнамаса, <<Жоқ>> деп дауыста.
Өз тегіңді дауыстап айт.
Оң жақ бұрышқа 66-ны 7-ге көбейт.
Төртінші пункттегі <<бес>> сөзін қорша.
Егер нұсқауды дұрыс орындап келе жатырмын деп ойласаң, <<Иә, дұрыс келе жатырмын>> деп дауыстап айт.
Осы парақтың сол жағына 69 және 98 сандарын жазып қой.
10-нан 1-ге дейін дауыстап сана.
Орныңнан тұрып, бір айналып отыр.
Дауыстап: <<Мен нұсқауды орындап аяқтап қалдым,>> - деп айт.
Егер мұны бәрінен бұрын айтсаң: <<Тестің бұл кезеңінің көшбасшысымын!>> - де.
Енді бірінші пунктте айтылғандай, бәрін түгел оқып шыққан болсаң, тек №2 пунктті ғана орында.

Кім нұсқаулық бойынша жұмыс жасағаны анықталады. Нұсқаулықпен жұмыс жасауда нені ескеру керектігі ортаға салынады.
<<Ой жалғау>>

Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа - көңілді, 3-топқа - юмормен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.

<<Ой күмбезі>>

Бұл әдіс тақырыптық тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп орындауға негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
<<Ой қазығы>> - айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды;
<<Ой желісі>> - негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді;
<<Ой өрімі>> - оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу,өзге ұқсайтын (ұқсамайтын) құбылыстармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді;
<<Ой күмбезі>> - шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді.
<<Ой қозғау>> (brainstorming, <<Ми шабуылы>> деп те аталып жүр)
Шығармашылық ойлауды сын немесе сыннан сескену тежейтіні белгілі. Әрине, кез келген жаңа идеяның дұрыс болуы шарт емес. Егер автор сыннан қорқатын болса, онда ол өзінің кейбір дәлелденбеген идеяларын келтірмеуі де мүмкін. Алайда әзірше дәлелденбеген ойлардың қаншасы кейінірек жақсы идеяларға айналады емес пе? Ал сын айту мен сыннан қорқу жақсы идеяларды жоғалтып жібереді.
Тәсіл негізінде сынға еш көңіл бөлмей, назар аудармай, еркін ассоциациялар арқылы жаңа идеяларды көптен келтіру мен оларды жинақтау жұмысы жатыр. Мұндағы басты мәселе идеялар мен ойлардың сапасында емес, керісінше, олардың санында болып тұр. Ал сыни пікірлерді келтіріп, идеялар мен ұсыныстарды іріктеу жұмысы шығармашылық әрекеттер аяқталғаннан кейін басталады.
<<Ой қозғау>> тәсілін қолданғанда мынадай ережелерді ұстану қажет:
Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау.
Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау.
Кез келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу.
Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, <<ашылуы>> үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.
Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана бастау. Мұндай жұмысты алғашқы әрекетке (идея келтіруге) қатынаспаған сарапшыларды жұмылдыру. Сарапшылар ой қозғауда келтірілген барлық ұсыныстар мен идеяларды мұқият зерттеп, оларды жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударады. Сарапшылар ұсынылған идеялардың ішінен нақты жағдайларда қолдануға тұрарлықтарын таңдап алады.

<<Ой қозғауды>> сабақта былайша қолдануға болады:

Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.
Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;
Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;
Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;
Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана оларды талқылау жұмысы басталады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң, оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады (4-20 минут)
<<Ой қозғауда>> балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия тәсілдері кеңінен қолданылады.

<<Ойлан, бірік, бөліс!>>
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

<<Ойлан, Жұптас, Пікірлес>>
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

<<Ойланып сурет саламыз!>>
1-нұсқа. Суретті қозғалыста салу керек. Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. Бұл жерде мынандай ережелерді сақтаған орынды:
-Тоқтауға болмайды!
-Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек.
-Суретке ренжуге болмайды!
2-нұсқа
Жоғарыда келтірілген мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол қолымен қарындарын сипалап, оң қолдарымен төбелерін ақырындап шапақтайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша (<<Үш, төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!) олар қолдарын алмастыруы қажет.
Әрине, бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды.
3-нұсқа. Аталмыш мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) тағы да бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол қолымен мұрнын ұстаса, оң қолымен сол құлағын ұстайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша(<<Үш,төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!>>) олар қолдарын алмастыруы қажет.
4-нұсқа. Оқушылар дәптерін төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут) оның суретін салуға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Әрине, салған суреттердің қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз, алайда олардың оқушыларға қызық болып көрінуі сөзсіз. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді.

<<Ойлаудың алты қалпағы>>
Оқушылар алты топқа бөлініп, өз көзқарастарын білдіреді. <<Ақ қалпақ>> (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді), <<сары қалпақ>> (өмірінің сәтті кезеңдерін айтады), <<қара қалпақ>> (өмірінің сәтсіз тұстарын айтады), <<көк қалпақ>> (талдау жасайды, топтар Не үшін? Неге? Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді), <<жасыл қалпақ>> (кейіпкер өміріне қатысты тың идеялармен болжамдар айтады), <<қызыл қалпақ>> (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды).

<<Ой-толғаныс>>

Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жо- лын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.

<<Оқиғаны басқаларға жеткіз>>
Әр топта 7-8 адамнан келетіндей топтарға бөлінеді. Әр топтың басында отырған оқушыға оқиға беріледі. (Әр топқа түрлі оқиға беруге де болады.) Ол жанындағы адамға басқаларға естіртпей оқиғаның желісін жеткізеді. Осылайша бәрі айтып болған соң, соңғы қатысушы оқиғаны дауыстап айтып шығады. 1-оқушы мәтінді оқиды. Қай топтың оқиғасы түпнұсқаға жақын болса, сол топ жеңіске жетеді.
<<Оқуды реттеу>>
Оқушылар қайсыбір жаттығуды орындап жатқан кезде бөлмеде қозғалып жүру мұғалімге оқу үдерісі туралы ақпарат жинауға, бағалаудың әр түрлі стратегияларын қолдануға және қажет жерлерде үдеріске араласуға мүмкіндік береді.
<<Оқу күнделігі>>
Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін
<<Оқушылардың бағалауы>>
Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады. Бұл жаттығу <<ресми>> немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.
<<Оқушылар сұрақ қояды>>
Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған <<Сұрақтар қорапшасы>> оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.
<<Оқушылар сұрақ құрастырады>>
Мысалы -
Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?
Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;
Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.
Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды құрастырады.
<<Он сұрақ>>
<<Он сұрақ>> әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не <<ИӘ>> не <<ЖОҚ>> деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.
<<Ортақ портрет>>
Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды.
Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс.
Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.

<<Орынсыз жауаптар>>
Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы:
<<Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?>> - <<Рақмет, мен түстеніп алғанмын>>
<<Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?>> - <<Маған ертегі оқығанды ұнатамын>>
Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.

<<Өзгертулерді тап!>>
Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:
Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.
Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.
Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.

<<Өзін-өзі бағалау>>
Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:
Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
Сіз не үшін разысыз?
Сіз Х туралы не білдіңіз?
Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.

<<Өзін таныстыру>>
Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек.
Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді қатынасын орнату көзделеді.

<<Өз таңбаңды (герб) жаса>>
Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады:
Өз есіміңізді жазыңыз.
Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз.
Сүйікті пәніңізді жазыңыз.
Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз.
Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз (жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері).
Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, табиғат аясы).
Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін салыңыз.
Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз.
Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.

Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады.

<<Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!>>
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.
<<Өзі туралы кластер>>
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын шеңберлерге өздерінің өмірде <<ойнайтын>> бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, жанұяда: біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы; оқуда: оқушы, шәкірт, курстас жолдас; сабақтан тыс уақытта: дос, жолдас.
Әр рөлден туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын жариялайды: топ ішінде талқылайды немесе қабырғаға іліп қояды, басқалардың сұрақтарына жауап береді.
<<Өзін-өзі таныстыру>>
Танысудың бұл тәсілін қолдану үшін бір қапшық (немесе пакет) керек және топтағы әрбір оқушы сыныптағы барлық адамдар санына сәйкес бір қағаз тілімін дайындау қажет: мәселен топта 20 оқушы орнынан тұрып, өзін елге қысқа түрде таныстырады, өзі туралы 15 секунд ішінде жағымды ақпарат келтіреді, өздерін мақтайды. Осы уақыт ішінде басқалар бір қағаз тіліміне сөйлеп тұрған оқушыға мадақ пен комплимент жазады. Сөйлеп болғаннан кейін оқушы қапшықты алып, сыныпты аралайды, басқалардан өздері туралы жазылған қағаз тілімдерін жинап алады. Қағаз қиындыларын әзірше оқуға болмайды. Осындай әрекетті барлық оқушылар қайталап шығады.
Өзін-өзі таныстыру аяқталғаннан кейін оқушылар өздері туралы қағаз тілімдеріне не жазылғандығын оқиды.

<<Өкіл>>
Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам <<өкіл>> ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл - зеріктіретін және қайталана беретін <<өз тобына хабарлау>> әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ, бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тыңдаушылар тобын құруға жағдай жасайды.

<<Өмір ұраны>>
Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздар араластырылады. Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек.
Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі жақынырақ тану үшін жүргізуге болады.

<<Пазлдар>>

Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.
Ресурстар: Кішкентай <<миқатырғыш пазлдар>> (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)
Ойын барысы: Әр топ <<миқатырғыш пазлдар>> алады. Мақсат - бөліктерді жылдам жинау.
Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.
Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

<<Пальма, піл, қолтырауын>>
Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, <<пальма>> десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. <<Піл>> десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын қалған екеуі құлақтарын; <<қолтырауын>> десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс.
Мұнан басқа да тапсырмалар арқылы топтың алғырлығы мен қиялы тексеріледі.
<<Парасатты диалог>>
Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз.
<<Паровоз>>

Сырттан сыныпқа немесе тақтадан партаға келіп отыру үшін 3 қатысушы бір сапқа орналасып алады. 1-тұрған оқушы, 2-тұрған кедергі, 3-мұғалім. Кедергі оқушының көзін байлап тұрады, паровоз болып дыбыстайды. Мұғалім сөзбен оқушының қалай жүруін бағыттап отырады. Оқушы есту арқылы қабылдаушы, орындаушы. Оның жұмысын қиындататын ортадағы кедергі. Міне, осы ойын арқылы оқудағы кедергілер тақырыбы басталады.

<<Плюс, минус, қызықты>>
Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. <<Плюс>> бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. <<Минус>> -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. <<Қызықты>> бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.
Плюс
Минус
Қызықты
Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері
Ұнамады, түсініксіз болып қалды
Барлық деректер мен әдістер қызықты

<<Пойыз>>
Әрбір вагон белгілі бір тапсырмаға сәйкес келеді. Мысалы, сабақты бекіту кезеңіне үш шағын ойын мен бір шығармашылық жұмыс жоспарладыңыз делік. Сізде - төрт вагон. Оқушыларыңызға қай вагонның тапсырмасын тез, дұрыс, жеңіл орындағандарын белгілеуін сұраңыз. Сол вагонға адамдарды, жануарларды отырғызуға немесе жетондармен белгілеуге болады.
<<ПОПС формуласы>>

Бірінші сөйлем: <<Менің ойымша,....>>
Екінші сөйлем: <<Себебі, мен оны былай түсіндіремін...>>
Үшінші сөйлем: <<Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....>>
Соңғы сөйлем: <<Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...>>

<<Портрет>>
Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут музыка әуенін тыңдай жүріп өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды.
<<Прогресс білдіру>>
Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.
Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;
Оқу журналын пайдаланыңыз;
Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;
Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;
Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.

<<Психологиялық бой>>
Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.
<<Пікірлер базары>>
Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар <<Галереяны шарлау>> тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.
<<Радиоға қоңырау шалу>>
Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы, сұрақтарымен <<қайта-қайта қоңырау шалады>>, белгілер жасап және т.б. жазып отырады.

<<Рөлдік ойындар>>
Рөлдік ойындар әдісінің негізгі қатысушалардың басқа адам кейпіне (рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады. Рөлдік ойындар оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады. Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну жеңілге түседі. Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді.

<<Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір>>

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір
Қандай жаңа білім алдың?
Алған біліміңді қолдана аласың ба?
Саған қиындық тудырған түсініктер

<<Сатушы және қалпақ>>
Лев Толстой ойлап тапқан 2-сыныпқа арналған есеп ұсынылады. Қазір бұл есепті тек 30% жоғары сынып оқушылары, 20% ЖОО студенттері, 10% банк қызметкерлері шеше алады деп есептелінеді. Қатысушылар алдымен жеке шығарады, содан соң топта талқылайды. Есеп:
Сатушы қалпақ сатады. Қалпақ 10 000 теңге тұрады. Сатып алушы келіп, оған тұтас 25 000 теңгелік береді. Сатушының майдасы болмағандықтан, көршісіне 25 000 теңгені 10 000+10 000 +5 000 теңгелік етіп майдалатып алады. Сатушы қалпақты және 15 000 теңгені қайтарып береді. Сәлден соң көршісі келіп, 25 000 теңгенің жалған ақша екенін айтып, өз ақшасын талап етеді. Сатушы амал жоқ 25 000 теңгені қайтарады.
Сұрақ: Сатушы қанша теңгеге ұтылды?
Жауап: 25 000 теңге.
Бұл есеп оқушылардың ойлау қызметін белсендендіріп, дәлелдеме келтіру дағдысын қалыптастырады.
<<Сәлеметсің бе!>>
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:
Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);
Табыс (сұқ саусақ);
Үлкен (ортаңғы);
Барлығында (атаусыз);
Барлық жерде (шынашақ);
Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

<<Сендер суретшісіңдер>>

Нұсқау: <<Сендер - суретшісіңдер. Картина салайық. Бұл жаз кезінде болады. Көздеріңді жұмыңдар. Шөпті оң жаққа саламыз. Әр суретшінің шөбі әртүрлі: біреуде биік, біреуде аласа, біреуде шөптің түсі ашық болса, біреуде ашық емес, күңгірт, қалың немесе қалың емес. Енді жеңіл бұлттар қалықтаған ашық аспанды бейнелейік: Бұлттан шыққан күнді көрсетейік. Оның сәулелері ұзын әрі жарық. Кенет сендердің картиналарың <<тіріліп>> кетеді. Сендерге жылы әрі жарық. Оның жарығы жан-жағына шуағын шашады. Сендер ақырындап көздеріңді ашасыңдар>>.

<<Серпілген сауал>>
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы, "Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?"
"Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?"
"Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?"

<<Синквейн>>
1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).
2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).
4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

<<Синектика>>
Ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген оқушылар) талқылап, қорытындылайды. Мұнда проблема құрастыру жұмысы бірнеше кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан- сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.
Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу.
<<Смайликтер>>
Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

Жалғастыруға дайынмын
Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес
Түсінбеймін, қайталап қарау қажет

<>

S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.

<>
Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.
<<Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім>>;
<<Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....>>;
<<Мен өзімді....үшін мақтар едім>>;
<<Маған ерекше ұнағаны....>>;
<<Сабақтан соң мен... жасағым келді>>;
<<Мен... туралы армандаймын>>;
<<Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым>>;
<<Мен... орындадым>>;
<<...қызықты болды>>;
<<...қиын болды>>;
<<...мен түсіндім>>;
<<Енді мен ...>>;
<<...сезіндім>>;
<<Мен үйрендім>>;
<<Мені... таңқалдырды>> және т.б.

<<Соңғы сөзді мен айтайын>>
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын белгілеп қояды.
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы - пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.
7-қадам: Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы басынан қайта басталады.

<<Соқыр паровоз>>
Қатысушылар үштен бөлініп тұрады. Алдыңғы ойыншының көзі байланады. Ол үшінші ойыншының айтқанымен жүреді, ортадағы ойыншы кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген жерге жету керек. Мұнда көшбасшыға сенім, сенімсіздік, көшбасшының кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.

<<Социометрия>>
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.

<<Сөзден - сөйлем, сөйлемнен - мәтін>>
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, <<өзен, қарындаш, аю>> деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: <<Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.>> Немесе шығармашыл: <<Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.>>
Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.
<<Сөздерден әңгіме құрастыру>>

Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.

<<Сөз ойыны>>
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз жасап шығару.Балаға да,Ағаға да - Пайдасы мол аңдағанға.Қызықты бұл ойын түрі,Қызықтайық біз де мұны.Бұрын ойнап көріп пе едің?Жеке бір сөз әріптерінАлды - артына таратамыз,Жаңа сөзге жаратамыз:"Балмұздақтан" пәлен сөзді,"Тоқылдақтан" түген сөзді,"Оспақшылдан" он бес сөзді,"Жүзтаныстан" жүз бес сөзді,Құрастырып, тіл ұштаймыз,Сөз ойынын қызықтаймыз.
<<Сөйлеу арқылы ойлану>>
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі. Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:
- талқылауға арналған жаттығу;
- құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;
- мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын арттырады).
<<Стикер>>
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:
Мен нені үйрендім?
Маған не қиын болып көрінді?
Не күрделі болды?
Мен енді нені үйренгім келеді?

<<Стикерлермен диалог>>

Түрлі әдістері көп - қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп, кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек; <<Қабырғадағы роль>> қолдануға болады және оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіре алады.
<<Стоп кадр>>
Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл <<камера>> өз жұмысын тоқтатқан нүкте - стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.

<<Сурет сал>>
Мұғалім тақырыпты атайды. Фишкалардың көмегімен оқушыларды әртүрлі төрт топқа бөледі. Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып сурет салу ұсынылады. Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады. Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі сөздерін мұғалім тақтаға жазады. Бұл сөздер келешекте жаңа сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.

<<Сұрақ - жауапқа құрылған хат>>
Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі. Бірінші сұрақ: "Кім? Не?" (яғни бір оқушы зат есімнен сөз жазады)Екінші сұрақ: "Қай жерде?" (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген сөзді жазады) Үшінші сұрақ: "Не істеді?" (оны үшінші оқушы жазады)Төртінші сұрақ: "Ол не айтты?" (бұл сөйлем төл сөз арқылы жазылады)Бесінші сұрақ: "Адамдар не деді?" (бұл сөйлем де төл сөз арқылы жазылады)Алтыншы сұрақ: "Оқиға немен тынды?" (1-оқушының зат есімін көріп, қорытынды жазады)
Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, басқалардың сұрағы мен жауабын білмейді. Сондықтан қызықты мәтін құрастырылады. Мысалы:а) ҚұмырсқаҚонақтаТопырақ жедіОл айтты: "Мен бақыттымын"Адамдар: "Ғұмырың ұзақ болсын", - деді.Құмырсқа жарылып өлді.ә) ШегірткеМектептеДоп тепті.Ол айтты: "Мен кетемін"Адамдар: "Біз де кетеміз", - деді.Шегіртке сылқ - сылқ күлді.
<<Сұрақ-жауаппен қатынас>>

Әр оқушыға сұрақ дайындап, сабақ уақытында параққа жазу керектігі туралы тапсырма беріледі. Содан соң осы парақтар бір оқушыдан екіншісіне кезекпен беріліп отырады. Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы оқушының жазған жауабының астына жазады. Егер сұраққа жауап бергісі келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді.

<<Сұрақтар шеңбері>>
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.
<<Сұрақты төңкеріңіз>>
Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз. Мысалы, <<Франция - демократиялық ел ме?>> деген сұрақ. <<Демократиялық ел дегеніміз не?>> деген сұраққа айналады.
<<Сұрақты ұстап ал!>>

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

<<Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!>>

Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды.

<<Сыныптағы заттар>>
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, <<Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!>>.
Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек.

<<Сіз кімсіз?>>
Қатысушылар өздері жауабын қалаған 3 сұрақ жазулары керек. Содан соң шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң әрқайсысы өздері жайлы айта бастайды, қалғандары сұрақтары арқылы білген мәліметтері арқылы оны толықтырып отырады.

<<Табыс ағашы>>
Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл - <<барлығын дұрыс істедің>>, сары - <<қиындықтар болды>>, қызыл - <<қателер көп болды>>. Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.

<<Табыстылық ассоциясы>>
Оқушылардың әрқайсысында <<табыс>> сөзімен байланысты өзіндік пікірлері бар екенін ескеріп, <<табыс>> сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы, 1, 4-топ - - зат есімдерден тұратын сөздер, 2, 5-топ сын есімдерден, 3, 6-топ - етістіктерден тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, <<табыс>> сөзінің формуласы тұжырымдалады.
<<Табыс баспалдағы>>
Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.

<<Тазалық кері байланысы>>

<<Таңғалдыру сәттері>>

Сөз бен сөйлемдегі ойдың құрылымын, сипатын, табиғатын бейнелі де көркем суреттей жеткізетін суырыпсалма тапқырлық пен ұшқыр қиялға негізделген. Белгілі бір тақырыптағы сөзге не сөйлемге қатысты өзіндік тапқырлығы мен еркін қиялына ерік беріледі.

<<Тақырыптық теннис>>
Тақырыпқа сай бір сөзден айтып, әр топ сол сөздің мағынасын ашып отырады.

<<Тапқыштар>>
Ойын мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина:
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? (<<пен>> тұр)Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)Қай өзен ең қорқынышты ? (<<Тигр>> өзені)Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шайды араластырған дұрыс? (шайды қасықпен араластырған дұрыс)Қандай сұраққа <<иә>> деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады.)
<<ТВ шоу>>
Мұғалім жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі шоу.

<<Телебағдарлама жүргізушісі>>
Мұғалім бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Ол жерде оқушылар өздері қалаған телебағдарлама жүргізушісі болуға мүмкіндіктері болатынын айтады. Бір сынып бөлмесін бірнеше бағдарлама реквизиттерімен дайындап қоюға болады. Мысалы:
<<Айтуға оңай>> бағдарламасында <<Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері>> бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу керек.
<<Әйел бақыты>> бағдарламасына <<Бақытсыз Жамал>>, <<Қамар сұлу>>, <<Қалың мал>>, <<Ақбілек>> кейіпкерлері келіп, өз оқиғаларын баяндайды.
<<Телетайп>>
Қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңберде тұрады. Бір қатысушы адресін айтып телеграмма жібереді. Телеграмма айтылған адамның адресіне байқатпай қол қысу арқылы жіберіледі. Ортада тұрған жүргізушінің міндеті - белгі арқылы кетіп бара жатқан телеграмма кімнің қолында екенін табу. Ұсталып қалған ойыншы ортаға тұрады.
<<Терминдер конверті>>
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.
<<Топтық кері байланыс>>
Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады. Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).
<<Төрт сөйлем>>
Бұл тәсіл арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.
Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды. Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.

<<Тұлғаны танып біл>>

Мұғалім оқушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдебиет қайраткерлері және т.б) портреттері жапсырылған. Ойыншылар 5-6 адамннан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттердегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз тобын топтың бір мүшесі қорғайды.

<<Түзетулер>>
Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).
<<Түйінді сәттер>>
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.
<<Түсініксіз тармақ>>
Оқушылар өздеріне онша түсінікті емес бір немесе екі тармақты жазады. Бұл өткен сабақта оқылған материал, қалған бөлімнің, алдыңғы жаттығудың материалы және т.б. болуы мүмкін. Содан кейін мұғалім мен сынып осындай тармақтарды түсіндіру жолдарын іздестіреді.

<<Түсініктеме арқылы бағалау>>
Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға басу мен дамуға, аударуға мүмкіндік береді.
Түсініктемелерді оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады. Соңғылары мұғалім мен оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі.
Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын нұсқаулықтар берілуге тиіс.
Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды жоспарлаңыз - тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектессін.

<<Түсініктемелермен жұмыс>>
Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз -
- сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.
- оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.
- диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе мақсаттарды қадағалау парағын қолданыңыз.

<<Тыңдайтын үшбұрыштар>>

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және <<спикерге>> де, <<интервьюерге>> де кері байланыс береді.
2-нұсқа
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

<<Тірек мәтін>>
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар осылай өтілген тақырыптарға тірек конспектісін жасайды.

<<Уақыт шеңбері>>
Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отырады. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже - талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл - бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:
Тек біреу ғана сөйлеу керек - әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, <<сөзіңізді>> басқаға бере аласыз.
Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.

<<Ұйқасын тап!>>
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.Қайсы күні қандай сабақ,Қалай менің үлгерімім?Еш жаңылып қалмай, санапЖүреді ылғи ... . (күнделігім)Ой маржанын тере білгенӘр жазушың, әр ақының.Әр сөзіңді емемін мен,Ана сүті - ... . (Ана тілім)Достастырып әріптермен,Білімге жол салып берген,Алдымнан шам жағып бергенАйналайын ... . (<<Әліппеден>>)Мекендеген портфелімді,Беттер аппақ, ақ көңілді.Қызаратын қатем үшінКірлетпеймін ... . (дәптерімді)

<<Үлдірленген критерийлер>>
Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.
<<Үндеме!>>
Мұғалім барлық оқушыларды <<Бірінші>> және <<Екінші>> деп санап, екі топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді.

<<Үш жақты күнделік толтыру>>
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.

Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру
Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?
<<Мұғалімге хат>> - сұрақтар

<<Үш пікір>>
Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.

<<3+2+1>>
Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.
<<Фишбоун>> немесе <<Балық қаңқасы>>
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.
2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.
3-қадам: Жоғарғы <<қосымша бұтақтарында>> проблеманың себебі белгіленеді, төменгі <<сүйекшелерінде>> оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.
4-қадам: Балықтың <<құйрығына>> қорытынды жазылады.
5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.

Себептері

Мәселе
Мәселе

Себептері
<<Хат жазысу>>
Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Сабақ кезінде еркіндік пен сенім артқан хаттар тақырып аясында қалып қойып отырады, ал сабақтан тыс уақытта жазылған хаттар шәкірт көңіліндегі алаңдататын сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойларды қамтиды.
Қарапайым қарым-қатынас хаттары уақыт өте келе мәнді де маңызды, сауатты пікір жазбалары ретінде қарастырылуы қамтылады. Сонымен қатар, мұндай хаттар - ұстаз тарапынан ой салу, бағдар беру, шәкірт тарапынан жарқын ойлар мен еркін пікірлерді тізетін <<идеялар аралы>> болып табылады.
<>
Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз, мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт қоректілердің үлгісі болып табылады?
Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.
<<Чемодандар>>
Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтуларын сұрайды. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.

<<Шаршыдағы қоңыз>>
Тақтада төмендегідей сурет ілінеді. 9 ұсақ шаршыдан құрастырылған үлкен шаршы ортасында қоңыз суреті. Бастаушы суретке теріс қарап тұрып, қоңыздың ұшу бағытын айтады, егер қоңыз шаршы сыртына шығып кетсе, қатысушылар қол соғады. Бастаушы ауысады. Бірнеше рет қоңызды шаршы сыртына шығарып алса, онда сурет алынып тасталып, қатысушылар қоңыздың бағытын оймен елестете отырып, қол соғады. Мысалы: Қоңыз ортада, оңға ұшты, жоғарыға ұшты, оңға ұшты. Қатысушылар қол соғады, себебі қоңыз сыртқа шығып кетті.
Бұл ойын оқушылардың кеңістікте ойлау дағдысын дамытады, зейінді шоғырландырады.

<<Шаршылар>>
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.
<<Шаттанушы мен күдікшіл>>
Бастаушы бір сөйлем айтады, келесі қатысушы оны жағымды пікірмен жалғастырады, одан кейінгі қатысушы соңғы сөйлемді алып, жағымсыз пікір қосады, келесі жағымды ой айтады. Осылайша жалғаса береді.
Мысалы, <<Менің сабағыма тәлім беруші келіп қатысты>>, <<Бұл жақсы, себебі сабақтан соң жоспарымды талқылаймыз>>, <<Жоспарымды талқылаймыз, бұл жаман, себебі маған сын айтылуы мүмкін>>, <<Маған сын айтылуы мүмкін, бұл жақсы, себебі келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын>>, <<Келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын, бұл жаман, себебі өзіме сенімділігім жоғала бастайды>> т.с.с.
Бұл тәсіл сыни ойлауға жетелейді. Кез келген ұғымның жақсы-жаман жағы, тиімді-тиімсіз жағы болатынын, жақтаушы-даттаушы болуға болатынын бағамдап жүреді.

<<Шатасқан әңгімеші>>

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды да, ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді. Осылайша өз ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады. Сөз тиген адам әлгі әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, сөзді келесі қатысушыға береді.
Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын жетілдіруге көмектеседі.

<<Шеңбердегі доп>>
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
<<Шиыршық>>
Өткен материалдарды өзара байланыстыра еске түсіре отырып, жаңа материалды меңгертуге, сабақ материалының сабақтастығы мен негізгі пікірлерді есте сақтауға арналған әдіс. Мәселен, толықтауыштың мағыналық (тура, жанама) түрлерін өту барысында өткен материалды (толықтауыш туралы алғашқы мағлұматтарды, сұрақтарын) пысықтай отырып, жанама және тура толықтауыштың ерекшелігін салыстыра көрсету арқылы, тіркесетін етістіктерге назар аударту, сабақты, салт етістіктерді ойға түсіру, ой-пікірлеріне ерік бере, түрлі қызықты сипаттамалармен есте сақтауға жол ашу.
Оқушыңың жеке басы қабілеттерінің айырмашылықтарын қарастыра отырып, табиғатын тануға жетелер болсаңыз, ол бізді таңғалдырар сипаттамалар берері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемізден балалар жазбаларынан үзінділер келтірейік.

<<Тура толықтауышта турашыл, елжанды (патриоттық) мінез бар екен. Мен оны қайсар мінезді жанға, өзінің тегін өзгертпей, ата дәстүріне берік болатын адал перзентке ұқсаттым.>> (Елдар)

<<Жанама толықтауыштарды жақсы көріп қалдым. Жанына келген етістіктермен үйлесе кетіп, табиғатын өзгертіп, мекенді, іс-әрекетті таныта білетіні жақсы емес пе? Ал Арман оларды қызметін өзгертіп кеткен сатқын деп ренжіп отыр. Меніңше, бұл - тым қатты сөз, мен олай демес едім. <<Нағыз уақыт тынысына сай өзгере білетін батыл да іскер сөйлем мүшелері!>> - деп мақтар едім. <<Мен істей алмаймын, бұл маған жат>>, - деп тұрмады, батылдықпен өзгерді, мүмкіндігін кеңейтті...>> (Мөлдір)

<<...Мен сабақты, салт етістікті ұмытып та қалған едім. Тез есіме түсіре алмай қиналдым. Ал енді ұмытпаймын. Себебі мен жанама толықтауыштың достары салт, тура толықтауыштың досы болатын етістіктер сабақты деп аталатынын жақсы білетін боламын. Жанымда отыратын Асылбек екеуміз келіспей қалдық. Біз кез келген етістікті атап, оның алдына толықтауыш қойып отырғанбыз. <<Кел>> деген етістікті айтқанда, мен <<маған>> деген сөзді алдына қойдым. Егес осыдан басталды. Асылбек: <<Ол салт етістік емес, себебі оның алдындағы сөз <<кімге?>> деген сұраққа жауап береді>>, - дедім. Осылай айта алғаныма қуанып отырмын. Әлде дұрыс айтпадым ба?>> (Жанат)

<<Ыстық орындық>>
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.

<<Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест>>
Ағылшын психологі Пип Уилсон ойлап тапқан жылдам әрі жеңіл тест өте қысқа уақыт ішінде адамның эмоционалдық көңіл-күйін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өмірден күтетін нәтижесінің қазіргі жағдаймен сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған сурет тақтаға ілінеді. Оқушыларға тапсырма: ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды? Өзіңе ұқсаған адамды қарындашпен белгілеңдер.

<<Эстафета>>
Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай уақыт бөлінеді. Қай топ неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін, қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін мұғалім анықтап, жеңімпаздарды белгілейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Т.А.Акимова, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова <<Разминки для тренингов>> АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева <<Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау>> <<Арман ПВ>>, 2012
А.Х.Әлімов <<Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер>> Астана <<НЗМ>>ДББҰ, 2014
Т.Н.Ермекова, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова <<Қазақ тілі мұғалім кітабы>> <<Арман ПВ>>, 2016
А.Т. Нұржанова <<Формирование коммуникативных умений в контексте уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов>> АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек <<Қазақ тілі әдістемелік нұсқау>> <<Арман ПВ>>, 2012
С.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова <<Қазақ әдебиеті мұғалім кітабы>> <<Арман ПВ>>, 2017
Шимырбаева Ж.К. Идришева З.Е. <<Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды>> АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Ғаламтор материалдары
http://www.tilortalyq.kz/kk/534.html <<Қазақ тілі сабағында ойналатын ойындар жинағы>>

Қосымша бонус

<<Бұрыштар>> тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.
2. <<Ойлан-жұптас-бөліс>>. Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
3. Stop-кадр. Stop-кадр -- видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.
4. Дыбыстау. Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
5. Серпілген сауал. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды <<лақтыру>>: мысалы, <<Асан, Айнаның пікіріне қосыласын ба?>>, <<Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?>>, <<Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?>>
6. <<Сұрақты қағып ал>>. Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. Сұрақтардың қиындығына қарай оның бастапқы салмағын белгілеуге (ұпай арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, қапшықты басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманы шағын топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты кезекпен топтарға лақтырады.
7. <<Допты лақтыру>> Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
8. <<Сөзді тап>>. Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.
9. <<Конверттегі сұрақ>>. Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
10. <<Пікір алмасу>> (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
11. Элективті тест. Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.__

Ықшам тақталар
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың <<талпынатын>> деңгейін көрсете алады, оларды <<ақиқат-жалған>> жаттығуы үшін пайдалана алады.
Стикер
Біраз уақытта болған ілгерілеуді немесе бүкіл сыныптың кері байланысын көрсетуге арналған визуалды құрал.
Бағдаршам
Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады (мысалы, қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс=КЕЙБІРІ).
Бас бармақты жоғары немесе төмен(қолдаймын, қолдамаймын)
<<Бағдаршам, <<стикерге>> ұқсайды, бірақ кейбір оқушылардан өз таңдауларын түсіндіруді сұрай аласыз.
Сынып ішінде жүру
Əртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың əр бұрышы <<толықтай келісемін>>, <<келісемін>>, <<келіспеймін, <<толықтай келіспеймін>> деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3) дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.
Өзара жəне өзін-өзі бағалау
Оқудың күтілетін нəтижелері оқушыларға түсінікті əрі анық болу керек, сол арқылы оқушылар олардың біраз немесе барлық бағалау критерийлеріне жеткендігін анықтап, нені жақсару керектігін белгілей алады.
Анықтаңыз:
- Басқа қандай пəндерде олардың оқуы пысықталады немесе жақсарады?
- Оқуды жақсарту үшін ақпаратттық- коммуникациялық технологиялар қай Жерде пайдаланылады?
- Оқушыларға білім беру бағдарламасы аясында <<құндылықтар>> қалай оқытылады?
Қосымша жазбалар
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұқсас жұмыстар
Жобаларды қорғау
Ә.сәрсенбаев «халық кегінің күйшісі»
Деректер қорын ұйымдастыру
Қалта телефоны туралы мәлімет
Жас қорық
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары жайлы ақпарат
Интернат қоймасы. 3 сынып
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Инелік - қомағай әрі пайдалы жәндік
Деректер қоймасын құру
Пәндер