5-сыныптың сабақ жоспары: Қиялдай алу - ерекше қабілет

5. Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын, түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.
5. Ж3 Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.
5. Т/А2 Әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени тақырыптарға байланысты диалог, маналогтердегі (ән, мәтін, хабарлама, жарнама хабарландыру көтерілген мәселелерді түсіндіру. )
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Ұшқыр қиял, фантастикалық образ, шабыт беру, өскенде кім боласың, болашағыңды қиялдау, арманына жету.
-Мәтіннің мазмұнын анықтайды.
-Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырды.
-Әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік -мәдени тақырыптарға байланысты көтерілген мәселелерді талдайды.
-Мазмұнын анықтайды
-Әңгіме құрастырады.
-Мәтіндегі көтерілген мәселелерді талдайды.
-Сын есім, сын сім тіркестерін теріп жазыңдар
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру. Сабақтың мақсатымен, бағалау критерииімен таныстыру
«Шаттық шеңбері»
Сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта шаттық шеңберін құрамын.
«Бірін-бірі қолдау» әдісі
Оқушылар бір-бірің иығынан қағып, мақтау сөздер айтады.
Топқа бөлу:
«Миыңның суретін сал»
(Мидың дайын шаблоны арқылы, сыртқы формасын мидың ішіндегі ми қыртыстарына әрбір оқушы өз ми қыртыстарыңды салыңдар, ұқсас милар бойынша топқа бөлінеді. )
Бірін-бірі қолдау әдісі
Мидың суреттері.
Ми шаблоны (орналасу қыртысы)
1-тапсырма
1-топ
«Миға шабуыл» әдісі
(ой бөліседі)
1-тапсырмадағы сұрақтар бойынша:
- Сендер өскенде кім болуды армандайсыңдар?
- Болашағыңды қиялдап отыратын сәттерің жиі бола ма?
- Адам өз қиялын ұштап, арманына жету үшін не істеу керек?
- Осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісіңдер
2-тапсырма
2-топ
«Джигсо» әдісі
мәтін мазмұнымен жұмыс (танысады, оқиды, түсінгендерін айтады)
3-тапсырма
Жұптық жұмыс
«5-5-1» әдісі
Сөз тіркестерін қолдана отырып, әр жұп
5 сөйлемнен құрайды.
5 сөйлемді- 5 сөзге қысқартады
5 сөзді- 1 сөзге (түйінді сөз) қысқартады
1 сөзден мәтіннің тақырыбы «Қиял» сөзі шығады
Тірек сөздер: Қиял, таным түсініктің, жаңа деңгейге көтерілуі, адам қажеттігі, белсенді әрекет, шабыт беру, күш жігер, өмір салты, адам әркеті, танымды кеңейту, ойға ерекше әсер ету.
4-тапсырма
«Бутакория» әдісі
(суретсіз дыбыспен тыңдау) Оқушылар өз қиялдарынан дыбыс есту арқылы әңгіме құрастырады, жазады.
5-тапсырма
«Қазына іздеу жолында» әдісі Құрастырған мәтіндеріңнен «Қиял» сөзіне сын есімдерді тіркестіріп жазыңдар. Жасырған сөзім - сын есімдер болады
1-тапсырма
5-сынып
«Қазақ тілі оқулығы»
3-тапсырма
Презентация, слайдттар
Әр түрлі дыбыстар
Маркерлер, стикерлер, парақшалар
Сергіту сәті:
Егер де мен . . . болсам . . . едім
Бағалау:
Кері байланыс:
Келесі сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Үйге тапсырма: «Фантастикалық образдар» өздерің оқыған немесе көрген кинодан қандай фантастикалық образдар есіңде қалды? (эссе жазыңдар)
Бағалау парағы
Кері байланыс парағы