Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім

Тақырыбы: 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер, буклет << Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент>>

Сабақ барысы:
I. Негізгі бөлім
II. Ой шақыру.
III. Сұрақ−жауап ойыны
IV. Қорытынды
V. Жақсылық - рефлексия
Біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: <<Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын>>.Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
:: 1960 -- 69 жж. -- Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
:: 1969 -- 73 жж. -- Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
:: 1973 -- 77 жж. -- Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
:: 1977 -- 79 жж. -- Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
:: 1979 -- 84 жж. -- Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
:: 1984 -- 89 жж. -- Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
:: 1989 -- 91 жж. -- Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
:: 1990 ж. ақпан -- сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
:: 1990 ж. сәуірінен -- Қазақ КСР президенті.
:: 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
:: 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
:: 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
:: 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]
Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынға алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді.
Егемендік. Президент
Отбасылық жағдайы
Жұбайы -- Сара Алпысқызы -- Халықаралық <<Бөбек>> балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
:: Дариға -- саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
:: Динара -- Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.
:: Әлия -- бизнеспен айналысады, <<Элитстрой>> құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Ғылыми еңбектері
Кітаптары
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
:: <<Важнейшее условие интенсификации>> (А., 1983),
:: <<Стальной профиль Казахстана>> (А., 1984),
:: <<Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления>> (А., 1988),
:: <<Без правых и левых>> (М., 1991), <<Стратегия развития Казахстана как суверенного государства>> (А., 1992),
:: <<Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку>> (М., 1992),
:: <<Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана>> (А., 1993),
:: <<Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму>> (А., 1994),
:: <<Ғасырлар тоғысында>> (А., 1996),
:: <<Евразийский союз: идеи, практика, перспективы>> (М., 1997),
:: <<Тарих толқынында>> (А., 1997),
:: <<О времени, о судьбах, о себе...>> (Лондон, 1997),
:: <<Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации>> (М., 2002),
:: <<Бейбітшілік кіндігі>> (А., 2002),
:: <<Сындарлы он жыл>> (А., 2002),
:: <<Еуразия жүрегінде>> (А., 2005).
Өлеңдері
Дәйексөздері
:: "Қазақстанның болашағы -- қазақ тілінде."
:: "Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық-тарға соқтыратыны сөзсіз."
:: "Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек."
:: "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін."
:: "Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек."
Нұрсұлтан Назарбаев атында Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
II.Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі:
-Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
- Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:
( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)
Отансыз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
- Отан - бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
- Дұрыс, Отанына деген сезім - әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.
III.Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? - (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн
2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? - (1991 жыл 16 желтоқсан)
3. <<Отан қорғау>> дегенді қалай түсінесің?
4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
5. Әнұранның авторларын ата? - (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
6. ҚР тұңғыш президенті кім? - (Н.Н.Әбішұлы)
7. ҚР неше облыс бар? - (14 облыс)
8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? - (Тоқтар Әубәкіров)
10. Конституция күні? - (30 тамыз)
11. Облысымыздан шығатын газет? -
12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
V.Жақсылық - рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
- Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
- Бізбен жіп не істеді?
- Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
- Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр-меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: " Өз Отанының патриоты болу - Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ".

Ұқсас жұмыстар
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Ғарышқа ұшу жайлы ақпарат
Құйрықты жұлдыз
Ғарышқа ұшу
Восток ғарыш кемесімен Жерді айналып, Жерді 108 минут бақылаған кім
Ғарыш әлемі
Байқоңыр – қазақ даласының ғарыштық айлағы. (ғарышкерлер күніне арналған сайыс)
Тәуелсіз елім – тірегім
Ғарыш
Менің қозғалысым
Пәндер